Балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына кез келген жағдайда тыйым салу мақсатында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру;
Бала еңбегі саласындағы мемлекеттік саясат пен заңнаманы жетілдіру (ҚР үшін бала еңбегінің неғұрлым ауыр нысандарының тізімін нақты айқындау және әзірлеу);
Ұлттық заңнама (атап айтқанда, Бала құқықтары туралы конвенцияның барлық нормаларын қамтитын «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңын) нормаларын іске асыруға жәрдемдесу.
3. Статистика жинауды жетілдіру
Ұлттық және жергілікті деңгейдегі деректер базасын жетілдіру (деректер базасының санаттарын кеңейту: қолайсыз отбасылар, ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар, кемтар (мүгедек қана емес) балалар, бала еңбегінің неғұрлым ауыр нысандары бойынша, трафик проблемалары, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, босқын балалардың жағдайы бойынша).
ақпарат жинаудың статистикалық нысандарын әзірлеу, бұл ретте баланың тіршілік әрекетінің барлық аспектілеріне назар аудару (мысалға, кейбір зерттеулер жынысы бойынша бөлінбей жүргізілетіндіктен, қыз балалардың білім алуға қол жеткізуін қадағалау мүмкін емес);
мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, тұтастай ел бойынша бала құқықтарының сақталуы жөнінде мерзімді (әрбір бес жыл сайын) кешенді зерттеулер жүргізу;
Статистикалық ақпаратты жинауды жергілікті атқарушы органдардың жанындағы кәмелетке толмағандар істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар жүзеге асыра алады;