Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Тергеу изоляторы - РУ-170/1 мекемесі



бет25/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   109
Тергеу изоляторы - РУ-170/1 мекемесі

Мекеме ғимараты – 1842 жылғы ескі құрылыс. Тергеу изоляторы 525 орынға есептелген. Нақты алғанда, 376 адам ұсталған, олардың ішінде 21 әйел адам, кәмелетке толмаған – 15 адам.

Тергеу изоляторына бару кезінде Уәкіл онда әйелдер мен кәмелетке толмағандардың ұсталу жағдайларына ерекше көңіл бөлді.

Қамаудағылармен қарым-қатынас жасаудың Минимал стандарт ережелерінің 8-тармағына сәйкес сотталғандар мен тергеудегілердің әр түрлі санаттары олардың жынысын, жасын, алдыңғы соттылығын, оларды қамаудың заңды себептерін және олармен қарым-қатынас жасау нұсқамасын ескере отырып, бөлек қамалған.

Уәкіл изолятор камераларының бірінде қамалған төрт кәмелетке толмаған баламен әңгімелесті.

Уәкілдің олардың изоляторда қамалу себептері мен жағдайларына қатысты сұрағына олардың бәрі қазіргі уақытта апелляциялық арыздар бойынша сот шешімін күтіп отырғаны туралы жауаптар алынды. Бұл ретте сотталғандар ондағы жағдайлардың қалыпты екенін, жақсы тамақтанатындықтарын, олармен жұмысты адвокаттар жүргізетінін, денсаулыққа шағымдары жоқ екенін, бәрінің Орал қаласынан екенін, оларға тұрақты түрде туысқандары мен ата-аналары келіп тұратынын атап көрсетті.

Уәкіл камерада қапырық екенін, оның желдетілмейтінін атап көрсетті. Осы жағдайда, Қамаудағылармен қарым-қатынас жасаудың Минимал стандарт ережелерінің 11-тармағы сақталмайтыны байқалады.

Уәкіл тәртіп бұзған адамдар 15 тәулікке дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандар 7 тәулікке дейінгі мерзімге жабылатын айыппұл изоляторының үй-жайын қарап шықты.

Изолятор үй-жайы қолданыстағы нұсқаулықтар мен халыаралық стандарттарға сәйкес жабдықталған.

Қамаудағылармен қарым-қатынас жасаудың Минимал стандарт ережелерінің 31-тармағына сәйкес тәртіптік қылықтары үшін жаза түрінде денеге зақым келтіруге, қараңғы камераға қамауға және қатігез немесе адамның абыройын кемсітетін жазалау түрлеріне жол берілмейді. Уәкіл мекемесі 2004-2005 жылдары тергеудегілер мен сотталғандарға қатысты арнаулы құралдардың негізсіз қолданылуы туралы шағымдардың келіп түспегенін атап көрсетті.

Уәкіл мекемесі мен Орал қаласы мектептерінің бірінің арасында шарт жасалған, оған қатысты оқытушылар аптасына екі рет мекемеде сабақ өткізеді. Тергеудегілер мен сотталғандардың сабақтарға арналған қажетті оқулықтары бар.

Тергеу изоляторына сапары кезінде Уәкіл тергеудегілер мен сотталғандарды ұстау жағдайларын Қамаудағылармен қарым-қатынас жасаудың Минимал стандарт ережелерінің 11-тармағының а) тармақшасына сәйкес олар жататын үй-жайларға таза ауаның кіруімен қамтамасыз ету бөлігінде жақсарту қажеттігін атап көрсетті.

БҰҰ Азаптаулар қарсы комитетінің ұсынымдарына сәйкес алдын ала тергеу орындары мен түрмелерде қорытындылары жария етілуге тиіс қоғамдық байқаушылар тарапынан осы орындарды қадағалауға мүмкіндік беретін жүйені құру қажет. Осы жұмысты тұрақты негізде жүргізу мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, тергеудегілер мен сотталғандарға олардың құқықтарын сақтау мәселелерінде қосымша көмек көрсетуге ықпал ететін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет