Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан



бет33/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109

«Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандарға қатысты денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және сот төрелігі саласындағы бала құқықтары жөніндегі заңнамасына шолу жасау» жобасы шеңберінде заңнаманы талдау нәтижелері





Жобаны БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен «Әйелдердің құқықтық орталығы» АҚ жүргізді.

Бала құқықтарын заңнамалық тұрғыда ерекше қорғау қажеттігі адамның тегін сақтауға деген табиғи талпынысына және кейінгі ұрпақтарды қолайлы түрде өркендетуге негізделген. Балалар азаматтардың ең осал санаты болып табылады және олардың толыққанды дамуы үшін барынша қолайлы жағдайдарды жасайтын арнаулы заңнамалық және әлеуметтік тетіктерге ұдайы мұқтаж. Осындай тетіктердің қатарына кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын мен заңды мүдделерін тиісті дәрежеде қамтамасыз ету негіздерін, тәртібін, әдістері мен тәсілдерін егжей-тегжейлі реттейтін халықаралық құқықтық актілердің жиынтығы жатады.

1994 жылы «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясы бекітілген сәттен бастап Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамаға балаларды қорғауға арналған халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын қолданыстағы заңнамаға енгізу жөнінде ауқымды жұмыс жасады. Баланың құқықтық мәртебесі мәселесі мемлекеттік маңызы бар мәселелер қатарына жатады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында көрініс тапқан, онда «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» делінген.

Алайда, республиканың қолданыстағы заңнамасы бекітілген халықаралық құжатарға толық көлемде сәйкес келмейді және ішкі нормативтік құқықтық актілердің нормалары көбінесе бір-біріне қайшы келеді. Сонымен қатар оларды іске асыру тетіктерінің жоқтығы белгіленген құқықтық нормалардың қолданылуын едәуір қиындатады.

Жобаның негізгі мақсаты ұлттық заңнамаға және оның Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес қолданылуына талдау жүргізу мен әр түрлі құқықтық қатынастар саласында балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық нормаларды одан әрі үйлестіру және біріздендіру үшін Үкіметке ұсынымдар әзірлеу болып табылды.

Жобаны іске асыру барысында Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі қолданыстағы заңнамасына оның халықаралық құқық номраларына сәйкестігі мәніне және ұлттық заңнама нормаларының арасындағы қарама-қайшылықтарды (ішкі қарама-қайшылықтарды) анықтау мақсатында талдау жүргізілді.

Заңнамаға шолу және талдау жасау нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тәуелді актілерін Қазақстан бекіткен Бала құқықтары туралы конвенцияға және басқа да халықаралық құжаттарға қатысты сәкес келтіру жөнінде ұсынымдар әзірленді. Әзірленген ұсынымдар кейіннен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанындағы бала құқықтары жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының шеңберінде талқылау және келісу мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы офисіне алдын ала талдау және келісу үшін жіберілді.

Кейіннен Қазқстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жөнініде ұсынылған ұсынымдар Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктерімен (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен) талқыланып, келісілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет