Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Б. Кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтау туралы заңнама саласында



бет35/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109
Б. Кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтау туралы заңнама саласында

1. Биология мен медицина жетістіктерін қолдануға байланысты 1996 жылғы 19 қарашада Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті қабылдаған Адам құқықтары мен абыройын қорғау туралы конвенцияны бекіту;

2. Биология мен медицина жетістіктерін қолдануға байланысты адамдарды клондауға тыйым салуға қатысты Адам құқықтары мен абыройын қорғау туралы конвенцияға Қосымша хаттаманы (1998 жылғы 12 қаңтар, Париж) бекіту;

3. Денсаулықты сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде Бас Ассамблеяның 1993 жылғы 20 желтоқсандағы қарарымен қабылданған Мүгедектер үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарт ережелерін назарға алу қажет;

4. Материалдық әл-ауқатын арттыру және еңбегін ынталандыру мақсатында медицина қызметкерлеріне, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық, білікті және мамандандырылған көмек пен ауылдық жерлердегі ұйымдардың медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жеңілдіктер мен көтермелеулер жүйесін көздеу;

5. Адам органдары мен тіндерінің донорлығына және трансплантациялауға байланысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық база әзірлеу және оны қабылдау;

6. Медициналық көмектің тегін кепілді көлемі және дәрілік заттармен тегін қамтамасыз ету туралы заңнаманы қолдану кезінде тиімді бақылау тетіктерін әзірлеу;

7. Азаматтардың медицина ұйымын тегін таңдау, сондай-ақ дәрігерді еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2000 жылғы 15 желтоқсандағы № 874 бұйрығына қажетті өзгерістер енгізу арқылы «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республиксының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 44-бабын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;

8. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін балаларға арналған спорт ұйымдарының, сауықтыру мекемелерінің санын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау;

9. Қазақстанның шалғай және халқы аз облыстарында тұратын балаларға медициналық көмек беру проблемаларын шешу үшін тиімді жүйе әзірлеу;

10. Қазақстан Республикасының әрбір бала (0 жастан 18 жасқа дейін) өлімі бойынша сараптама жүргізу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу;

11. «Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмек беру сапасына талдау және бағалау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 14 шілдедегі № 439 бұйрығына азаматтардың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтер туралы, медицианлық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде мекеменің медициналық қызметтеріне қол жеткізу тәртібі туралы, ақылы қызметтерді көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ азаматтардың қызметтер сапасы мен медициналық қызметкерлердің іс-әрекеттеріне шағымдарын қарау тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізуі бөлігінде өзгерістер енгізу;

12. Кәмелетке толмағандарға мамандардың медициналық қызмет көрсетуінің, мамандардың балалар емханаларында «талонмен» қабылдау әдістерін жоюдың және балалардың мамандар қызметтеріне еркін қол жеткізуінің тиімді жүйесін жасау жөнінде шаралар қабылдау;

13. «Қазақстан Республикасындағы балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қазандағы бұйрығымен бекітілген, атап айтқанда, балалар емханасы бас дәрігерінің қызмет көрсету аумағындағы балалар денсаулығының жай-күйін жақсарту жөнінде атқарылған жұмыс туралы халық алдында жылына екі рет есеп беруі, сондай-ақ штаттық лауазымдарды толық жинақтау мен медициналық және басқа да кадрларды ұтымды пайдалану туралы нормаларын іске асыру тетіктерін әзірлеу және олардың орындалуын бақылау шараларын көздеу;

14. Медициналық қызметкерлерді жасөспірімдердің жеке өміріне қол сұғылмауына және құпиялылығына, жоспарланып отырған ем туралы хабардар болуға және емделуге келісім беруге құқықтарын білу жөнінде қамтамасыз ету;

15. Жасөспірімдердің психикалық ақауларын ескерту және психикалық денсаулығын нығайту жөнінде шаралар қабылдау;

16. «Жедел және дереу медициналық көмек көрсету кезіндегі аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы № 73 бұйрығын қан, оның компоненттері, қан препараттары және диагностикалық стандарттар емдеу-алдын алу ұйымдарына тегін берілетіндей етіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру;

17. Балаларға алдын ала егу препараттарын сатып алу және қамтамасыз ету кезінде олардың сапасына бақылау жасау жүйесін белгілеу;

18. Бюджеттік қаржыландыру есебінен егу паспорттары мен бала денсаулығы паспортын енгізу;

19. Пациенттердің денсаулығына зиян келтіргені үшін медицналық ұйымның, медициналық қызметкерлердің жауапкершілігі және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу тетіктерін әзірлеу;

20. Кемтар балаларды 18 жасқа толғанша еңбекке қабілетсіз деп тани отырып, 16 жастан бастап мүгедектік топтарын белгілеудің қолданыстағы жүйесін қайта қарау;

21. Мүгедектікті ескертуге және қызмет көрсету, білім беру, еңбек қызметі және ақпарат барлық балаларға, оның ішінде мүгедектерге қол жетімді болатындай тең мүмкіндіктемен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүйесін әзірлеу.



Каталог: publish -> docs -> files
publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
files -> Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2
publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет