Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан



бет34/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   109
Мынадай ұсынымдар жасалды.

А. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңнамасы саласында:

1. Балалар мен жасөспірімдерді біліммен қамтамасыз ету, оның ішінде кәсіптік білім беру және оқушы жастарды мектеп каникулдары уақытында да жұмыспен қамту жөнінде арнаулы бағдарламалар әзірлеу;

2. Кәмелетке толмағандармен еңбек шарттарын жасау тәртібін және олардың еңбек қызметінің кейбір аспектілерін, оның ішінде оқу мен жұмысты бірлестіруін реттейтін еңбек заңнамасының нормаларын қайта қарау;

3. Балалар еңбегін еңбек шартынан тыс, яғни азаматтық-құқықтық қатынастар (мердігерлік шарты, тапсырма), кәсіпкерлік қызмет, кооперация, атап айтқанда, шаруа, фермер қожалықтарында және басқаларда пайдалану, сондай-ақ бала еңбегін үй жағдайларында және/немесе үй шаруасында пайдалану мәселесін заңнамалық тұрғыда реттеу;

4. Кәмелетке толмағандардың мектеп каникулдары кезінде және сабақтан бос уақытта уақытша жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жұмыспен қамту туралы заңнамаға, мүмкін, «оқушымен шарт» институтын қайта қалпына келтіру арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

5. Статистикалық есеп берудің мемлекеттік стандарттарын, сонымен бірге статистика жөніндегі халықаралық құқық нормаларын оларды кәмелетке толмағандардың еңбегі туралы деректермен толықтыра отырып, қайта қарау;

6. Жұмыс істейтін кәмелетке толмағандарды еңбек құқықтық қатынастарының да, өзге де шарттық және шарттық емес жағдайлардың шеңберінде заңгерлік қорғау (оның ішінде сот) нысандары мен ерекшеліктері , оның ішінде еңбек қызметінің заңсыз нысандары туралы мәселені қарау;

7. Халықаралық талаптар мен нормаларды ескере отырып, кәсіпорындардың ұйымдық нысандарына бейімделген еңбек ету жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу;

8. Ұжымдық шарттар туралы заңнамада жастардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау жөніндегі бөлімді көздеу;

9. Мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер ұйымдарының, кәсіподақтардың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, оның ішінде құқық қорғау және үкіметтік емес ұйымдардың бала еңбегінің ауыр нысандарының таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, бала еңбегінің ауыр нысандарына тартылған балаларды анықтау және оларды оңалтумен қамтамасыз ету, «қатер» тобындағы отбасыларға көмек көрсету, қоғамда осы әлеуметтік құбылысқа шыдауға болмайтын көзқарас қалыптастыру жөніндегі қызметін күшейту;

10. Бала еңбегінің ауыр нысандарына тартылған, әр түрлі зорлық-зомбылық құрбандары болған балаларды анықтау тетіктері мен рәсімдерін әзірлеу және заңнамалық түрде бекіту. Бала еңбегінің ауыр нысандарын түп-тамырымен жою жөнінде мемлекетті бағдарлама әзірлеу;

11. Халықаралық қоғамдастық жалпыға бірдей қабылдаған «отбасылық жәрдемақылар» деген ұғымды заңнамаға енгізу;

12. Әлеуметтік қамтамасыз етуге құқық беру шеңберінде сотталғандарды әлеуметтік сақтандыруға құқықты тарату;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет