Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтық қорғалуы. Индикаторларды байқау (талдау есебінің түйіндемесі)



бет31/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   109

Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтық қорғалуы.
Индикаторларды байқау (талдау есебінің түйіндемесі)





2005 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, «САНДЖ» зерттеу орталығы» қоғамдық қоры және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (бұдан әрі - ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтық қорғалуы индикаторларына байқау жүргізу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Осы жобаның шеңберінде мынадай мақсаттар қойылды: ювенал әділет пен балаларға мемлекеттік қорғаншылық жасау жүйесін сипаттайтын индикаторларды сәйкестендіру, оларды халықаралық индикаторлармен салыстыру және ЮНИСЕФ берген индикаторларды Қазақстан үшін бейімдеу.

Осы зерттеуді жүргізу үшін тиісті министрліктерден: білм және ғылым, денсаулық сақтау, ішкі істер, әділет министрліктерінен, Астана және Алматы қалаларының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменттерінен, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен, ҚР Жоғарғы сотынан сарапшы-консультанттар тартылып, осы жоба бойынша жұмыс тобын құрды.

Жүргізілген зерттеудің қорытындылары ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі конвенцияның ережелерін іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысына ұсынылды.

Осы жобаның шеңберінде өрістік зерттеу жүргізілді, оған мемлекеттік қорғаншылық мекемелерінің және Астана мен Алмаы қалалары құқық қорғау органдары жүйесінің қызметкерлері, сондай-ақ осы мекемелердегі балалар қатысты.

«Сандж» зерттеу орталығы халықаралық индикаторлардың негізінде балалардың мекемелеріне барған кезде қолдану үшін сұрақтар мен сауалнамалар әзірледі. Астана мен Алматы қалаларында кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына, тергеу изоляторларына, бала үйлеріне, Алматы қаласы ЛА-155/6 тәрбие колониясына, Астана қаласы кәмелетке толмаған балаларға арналған панахана, Алматы қаласының ақыл-ойы кем балаларға арналған № 3 балалар интернат үйі, Алматы қаласының №2, № 3 балалар үйлері, Алматы қаласының жасөспірімдер үйіне сапар жасалды.

Қазақстанда индикаторларды жинау жүйесі жолға қойылған, бірақ ол жетім балалар мен қамаудағы балаларға барынша ізгі және балама көзқараспен қарауға байланысты өзгерістерді барабар қадағалау үшін белгілі бір пысықтауды, жаңа көзқарасты қажет етеді.

Қазақстандағы көптеген қолданыстағы индикаторлар абсолютті мәнге ие. Өзгерістер қарқынын барабар қадағалауға және индикаторларды балалардың жағдайын жақсарту саясаты үшін нақты құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін салыстырмалы сандармен операция жасау үшін тиісті әлеуметітк жұмыс секторларынан жиналатын индикаторлар жүйесінде өзгерістер енгізу қажет етіледі.

Сондай-ақ артық ақпарат жинауды болдырмау үшін сондай-ақ индикаторлардың пайдалылығын (қазіргі уақытта қайсысы пайдаланылады, қайсысы пайдаланылмайды) бағалау қажет.

Өрістік деректерді жинау арқылы (ҮЕҰ тәуелсіз релеванттық зерттеулері) немесе басқа ведомстволардың тоғыспалы деректерін пайдалану арқылы индикаторларды растау тетіктері жоқ.

Кейбір статистикалық көрсеткіштер әр түрлі ведомстволарда әр түрлі аталады, бұл олардың әр түрлі оқылуына әкеп соғуы мүмкін. Балалардың құқықтық қорғалуын мониторингілеу жөніндегі жұмысты барынша табысты жалғастыру үшін мемлекеттік қорғаншылық және ювенал әділет саласында бірыңғай терминология әзірлеп, келісу керек. Осы тұрғыда аталған зерттеудің нәтижелерін (ұсынылатын индикаторларды) және бастапқы ұйымдар мен жергілкті мемлекеттік органдардың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қолданыстағы статистикалық нысандарды, ықтимал өзгерістерді қайта қарау үшін ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің, БП Құқықтық статистика комитетінің, басқа да ведомстволық статистикалық бөлімдердің (комитеттердің) өкілдерінен, үкіметтік емес ұйымдардың, зерттеу орталықтарының өкілдерінен жұмыс тобын құру керек. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әр түрлі деңгейлерде (мекеме деңгейінен республика деңгейіне дейін) бірыңғай статистикалық есеп беру нысандарын әзірлеу жөнінде үлкен кабинеттік жұмысты орындау қажет. Содан кейін ғана жаңа статистикалық нысандарды міндетті түрде байқаудан өткізу керек. Сосын осы статистикалық нысандарды нормативтік қағидалармен бекіткен жөн. Тек содан кейін ғана жан-жақты мониторинг жүргізу керек.

Осы жоба кәмелетке толмағандар үшін мемлекеттік қорғаншылық және ювенал әділет саласында нақты проблемалар бар екенін көрсетті: жағдайды бағалаудың қолданыстағы мемлекеттік жүйесі кәмелетке толмағандардың құқықтары шындығында жеткілікті дәрежеде қорғалған деп айтуға мүмкіндік бермейді. Жүйе салыстырмалы сандық деректерге негізделген шешімдерді қабылдау үшін негіз болып табылмайды. Ювенал әділет саласында да, мемлекеттік қорғаншылық саласында да Конвенцияға сәйкес отбасы институтын қолдауды қамтамасыз ететін алдын алушы және оңалтушы әлеуметік жұмыстың едәуір жеткіліксіздігі байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет