Батыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы
Орталықта барлық қажетті шаруашылық инфрақұрылымы бар: 4 корпус, 9 бөлімше, жапсарлас аумақ және ауданы 6 га саябақ.
«Психиатриялық көмек және оны көрсету кезіндегі азаматтар құқықтарының кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 28-бабына сәйкес адам психикасының бұзылуы және психиатр-дәрігердің стационар жағдайында тексеру жүргізу және емдеу қажеттігі туралы шешімі не соттың ұйғарымы Орталыққа госпитальдау үшін негіз болып табылады.
Заңның 36-тармағына сәйкес әкімшілік пен медициналық қызметкерлер Орталықтағы пациенттерге қажетті медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Пациент келіп түскеннен кейін дәрігерлік комиссия оны диагностикадан өткізіп, тиісті бақылау белгілейді.
Орталықта 15444 адам есепте тұрады.
Стационар 520 төсек-орынға есептелген, тәулігіне 20 рет шығатын жедел жәрдем және 120 орындық диспансерлік бөлім бар.
Нақты алғанда, Орталықта 501 адам, оның ішінде 211 әйел, 273 ер адам, 17 бала қамтылған. Олардың ішінде 212 – іс-әрекетке қабілетсіз мүгедек және 51 іс-әрекетке қабілетті мүгедек.
Тұрып жатқандардың жасы: 14 жасқа дейінгі – 17 бала, 30 жасқа дейінгі – 110 адам, 30-дан 40 жасқа дейінгі 116 адам, 40-тан 50 жасқа дейінгі – 135 адам, 50-ден 60 жасқа дейінгі - 58 адам, 60 жастан асқан – 34 адам. Осылайша, пациенттердің орташа жасы – 42 жас.
Орталықта ерлер, әйелдер, балаклар бөлімшелері, сондай-ақ қатаң қадағалау палатасы бар. Палаталар сыйымдылығы – 7, 18, 20 төсек-орын.
Балалар бөлімшесі корпустың палаталарында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңіне корпустың дәлізіне өте тығыз жағдайларда орналастырылған, бұл Бала құқықтары туралы конвенцияның 23-бабына сәйкес келмейді, мүше мемлекеттер оған сай ақыл-ойы мен дене бітімі жағынан кемтар бала оның кемсітілмей тіршілік етуін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттыратын және оның қоғам өміріне белсенді араласуын жеңілдететін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруге тиіс екенін мойындайды.
Мүше мемлекеттер сондай-ақ толық жетілмеген баланың ерекше қамқорлыққа құқығын мойындайды және осы құқыққа ие балаға және оған қамқорлық жасау үшін жауапты адамға ресурстар болған жағдайда, көмек көрсетуді қолдап, қамтамасыз етеді.
Тұтастай алғанда, Уәкілдің осы Орталыққа бару нәтижелері бойынша медициналық қызмет көрсету мен қызметкерлердің біліктілігі атап көрсетілді.
Орталықта пациенттердің құқықтарын өрескел бұзушылықтар анықталмады. Бұл ретте мекеменің басшылығы мен өзге де лауазымды адамдардың Заңның 5-бабына сәйкес психикасы бұзылған адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқықтар мен бостандықтарға ие екеніне көңіл бөлуді босаңсытпауы маңызды. Психикасы бұзылған адамдардың құқықтары мен бостандықтарын оларда тек психикалық аурудың болуы, психиатриялық ұйымда диспансерлік бақылауда болу фактілерінің негізінде шектеуге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |