Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы (КУОБОО)



бет24/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109
Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы (КУОБОО)

КУОБОО 1956 жылдан бастап жұмыс жасайды, ішкі істер органдарының жүйесіне жатады және оған Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы жетекшілік етеді.

КУОБОО қызметкерлері Қазақстанның басқа өңірлерінен және басқа елдерден келген балалардың ата-аналарын іздестіру жөніндегі жұмысты жүргізеді, олар жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының жеке басын және өмірбаяндық деректерін анықтау жөнінде телефонограммалар (бағдарлаушыларды) жібереді, Ресей Федерациясының, Өзбекстанның мемлекеттік органдарымен хат-хабар алмасу жүргізеді.

КУОБОО 25 орынға есептелген, нақты алғанда 17 адам қамтылған. Олардың ішінде 2 қыз бала және 15 ер бала. Қамқордағылардың 60%-ы – бұлар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қолайсыз отбасыларынан шыққан қадағалаусыз қалған балалар. Негізінен бұлар – Батыс Қазақстан облысының балалары, бірақ олардың ішінде Ресей Федерациясы мен Өзбестаннан да келген «транзит» балалар бар.

Алайда, КУОБОО-ларда ұстау жағдайлары осы мекеменің оңалту және бейімдеу функцияларына жауап бермейді. Заңнамаға сәйкес Орталықтар тек кәмелетке толмағандарды оқшаулау үшін емес, сонымен қатар оларды бейімдеу мен оңалтуға арналған. Бала пенитенциарлық мекемелердің жағдайларынан айырмашылығы жоқ жағдайларда (темір төсектер, тор терезелер және т.б.) оңалуы мүмкін емес.

Халықаралық бақылау органдары, атап айтқанда, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті Бала құқықтары туралы конвенцияның 25-бабына сәйкес Қазақстанға мамандандырылған балалар мекемелеріне қамқорлық көрсету мен өмір сүру сапасын едәуір жақсартуды және қамқорлық нормалары жүйелі түрде бақылауда екеніне қол жеткізуді, сондай-ақ балаларды орналастыру жөніндегі тұрақты мерзімді талдау жасап отыруды ұсынады.

Ортадағы үш жатын бөлме тиісінше 8, 7 және 2 адамға есептелген, ер балалар мен қыз балалар бөлек орналасқан. Бір кәмелетке толмаған балаға нақты аудан көлемі 4 шаршы метрден келеді. КУОБОО-ның барлық терезелері металл торлармен жабдықталған, бұл балаларда ол туралы тергеу изоляторы сияқты жабық мекеме тәрізді тұрақты әсер қалдырады. КУОБОО-ның осы белгісіне сондай-ақ БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті теріс баға берді.

КУОБОО-ларда кәмелетке толмаған бала өз туғандарымен және жақындарымен кездесуіне арналған арнаулы бөлме бар.

Қылмыс жасауда айыпты кәмелетке толмағандар ұсталатын үй-жайларға бөгде адамдардың кіруі шектелген. Терезелер мен есіктерде металл торлар бар.

Тергеу іс-әрекеттері КУОБОО аумағында жүргізіледі. Кезекші бөлімнің жанында адвокаттың қатысуымен тергеу іс-әрекеттері жүргізілетін арнаулы бөлме бар. Қажет жағдайда, кәмелетке толмағандарды конвой басқа жерге ілесіп апарады. Сапар кезінде 2 кәмелетке толмаған балаға КУОБОО аумағынан тысқары жерде тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатты. Статистика бойынша тергеудегі кәмелетке толмағандардың саны жыл сайын төмендеуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты ережелері кәмелетке толмағандарды қамауда ұстауды мүмкіндігінше болдырмауды және оны тек айрықша жағдайларда ғана қолдануды ұсынды. Демек, халықаралық стандарттар кәмелетке толмағандардың бостандықтарын шектеуді тек қылмыс жасауда айыпты кәмелетке толмағандарға ғана қатысты қолданылатын айрықша шара деп түсінеді. Мәселені осы тұрғыдан қарай отырып, КУОБОО-ларда панасыз балаларды ұстау және олардың бостандығын шектеу, осылайша, қолданыстағы халықаралық стандарттарды өрескел бұзу болып табылады.

Бала құқықтары туралы конвенцияның 28-бабына сай мемлекеттер баланың білім алуға құқығын мойындайды және осы құқықты жүзеге асыруға біртіндеп қол жеткізу мақсатында олар барлық балалардың білім беру және кәсіптік даярлыққа қол жетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.

КУОБОО-лардағы оқу процесі барлық балалар үшін олардың даярлық деңгейіне қарай саралы ұйымдастырылған. Сабақтарды КУОБОО оқытушылары барлық балалар үшін бір оқу сыныбында өткізеді.

Баланың сабақ үлгерімінің негізінде жеке оқу бағдарламасы жасалады, өйткені балалардың білімінде үлкен ақсаушылық бар. Сабақтар көбінесе орыс тілінде өткізіледі, бірақ қажеттігіне қарай мемлекеттік тілде сабақ беру үшін Орал қаласының № 23 орта мектебінен оқытушылар шақыртылады.

КУОБОО-ларда сабақтарды жүргізудің оқу жоспарларын мектеп директоры бекітеді және күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау жүргізеді. Балалар айналысатын оқулықтар ескірген, қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Тәрбие жөніндегі кешенді бағдарламаға сәйкес барлық балалармен тәрбие жұмысы ұйымдастырылған, 3-5 жас аралығындағы балалармен оқу ойындары жүргізіледі. Түскі тамақтан кейін балалармен дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Сапар кезінде сыныпта 11 кәмелетке толмаған сабаққа қатысып отырды. Қалған 6 кәмелетке толмаған бала қылмысты жасауда айыпты деп танылып, жеке ұсталуда және сабаққа қатысқан жоқ.

КУОБОО орналасқан ғимарат - ескі құрылыс (1956 жылы салынған бұрынғы балабақша ғимараты). Бос пайдалы аудан болмағандықтан, балаларды жас мөлшеріне қарай бөліп, орналастыруға мүмкіндік жоқ.

1994 жылы Қазақстан 1989 жылғы «Бала құқықтары туралы» Конвенцияны бекітті, осылайша өзіне бала құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттемелерді алды. Конвенцияның 20-бабының 1-тармағына сәйкес өзінің отбасылық ортасынан уақытша немесе тұрақты айрылған, немесе өзінің қалауы бойынша осы ортада қалғысы келмеген бала мемлекет беретін ерекше қорғау және көмек алу құқығына ие. Қараусыз, адасқан, тастанды балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғам үшін жабық мекемелерге оқшаулау олардың қоғамға кірігуіне мүмкіндік бермейді.

БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің қорытындылары мен Ұсынымдарының 23-тармағына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталу жағдайына мониторинг жүргізу үшін үкіметтік емес ұйымдарды, әсіресе құқық қорғау ұйымдарын, сондай-ақ балалармен жұмыс жасайтын азаматтық қоғамның басқа да секторларын жүйелі түрде тарту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет