Cабақта қолданылатын стратегиялар



бет10/10
Дата19.01.2022
өлшемі210,92 Kb.
#129469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Cабақта қолданылатын стратегиялар

Кубизм

1 жақ – талдаңыз

2 жақ – салыстырыңыз

3 жақ – зерттеңіз

4 жақ – суреттеңіз

5 жақ – ойларыңызды байланыстырыңыз

6 жақ – келісіңіз не қарсы шығыңыз


1

Аяқталмаған сөйлем

Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты аяқталмаған сөйлем ұсынады. Оқушылар топпен не жеке (жұппен) бірлесе сөйлемді өз ойларымен аяқтайды. Мұны әр түрлі тақырыпта сергіту сәті ретінде де алуға болады.

Тізбектер

Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім не бір оқушы тақырыпқа қатысты бір сөз айтады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Кезегінде айта алмаған оқушы шығып кетеді.

2 түрі: Қол ұстасып тұрған оқушының бірі тақырып бойынша бір сөз айтады(не сұрақ қояды), екінші оқушы оның мағынасын түсіндіреді (не екенін айтады), келесісі сұрақ , сосын жауап деп жалғаса береді.

Бастағы қалпақ

Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол сабақ туралы өз ойын ортаға салады.

1 минуттағы ой

Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек

Жұмыс столы

Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топ өтілген тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындауына болады.

Дана үкі

Топпен отырған оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырмаларды орындайды және ортаға шығып түсіндіреді. Әр топқа әр- түрлі тапсырма беруге болады.

Бумеранг

Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, мұғалім өзі сұрақ қоюына болады, әр топқа.


2 топ

3 топ


4 топ

5 топ


1 топ

Жасырын сөз

Оқушылар тақырып бойынша сөз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.

Түйінді сөздер

Мұғалім жаңа тақырыптың ішінен түйінді сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топтарға түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет