Cабақта қолданылатын стратегиялар



бет8/10
Дата19.01.2022
өлшемі210,92 Kb.
#129469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Cабақта қолданылатын стратегиялар

Ақылдың алты қалпағы

Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.

Сурет бойынша әңгіме

Топтарға тақырыпқа сай суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап оқушылар әңгіме құрастыру керек. Онда сурет қай уақытта түсірілген, нені бейнелейді, қай жерде, осы суретке қарап сол уақыт туралы не айтуға болады? Деген сияқты сұрақтар төңірегінде әңгімелеуге болады және оны өтіп жатқан тақырыппен байланысты өрбітуге де болады.

Жұппен оқып, жұппен мазмұндау

Сынып оқушылары жұппен (А, Б оқушы) отырады. Берілетін мәтін 2-ге бөлінген. 1-ші бөлімін А, 2-ші бөлімін Б оқушы оқиды. Сосын бір-біріне оқығандарын айтады. Екеуі бірігіп мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Сынып болып сол сұрақтарға жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет