Тақырып: Үнемшілдік. Әңгімелесу.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: етіс түрлерін қайталау, мәтіннің мазмұнын түсіну, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық: жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін дамыту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: ұйымшылдық пен ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу, сауатты жазуға баулу; экономикаға қызығушылықтарын арттыру.
Мәтін
Үнемшіл болу дегеңіміз сараң болу емес. Сараң адамдар табысын ешқашан біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлесте төлеуден де жалтарады. Өзгелерді ешқашан да мақтамайды. Сараңдық дегеніміз жақсы қасиет емес. Сараң болу дегені өзіңде бар нәрсені қызғыштай қорып, оны шашпауға тырысу, болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолында бар нәрсені достарыңнан биік қойып, тәуекелге бел буа алмау. Үнемшілдік ұғымына тәуекелшілдік те байланысты. Үнемшіл болу дегеніміз қуанышсыз сұрқай өмір кешу емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу де –тәуекелшілдік.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Үнемшілдік, сараңдық дегеніміз не?
2. Мәтіндегі сөздердің етіс түрлерің ажыратыңдар
3. Мәтін бойынша3 сұрақ қойыңдар
4. Сөздерді жіктеңдер: үнемшіл, саран
II деңгей
1. Мәтін бойынша диалог құрастырып, сөйлесіңдер
2. Сөздерді септеңдер: үнемшілдік, тәуекел , ұғым. Сөйлем құраңдар.
I деңгей
1. «Ұқыптылық пен үнемшілдік » тақырыбына реферат дайындаңдар немесе шағын шығарма жазыңдар.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап, 2-3 сөз тіркестер құрастыр :
Отқабыршық- окалина
Бүрғылау, тесу - сверление
Қылау- заусенец
Сүргілеу- строгание
Жиек- кромка
№9 сабақ
Тақырып: Ұлттық теңге-дербес елдіктің дәлелі. Септеулік шылаулардың қолданылу ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Септеулік шылаулардың қолданылу ерекшеліктері туралы жалпы түсінік беру, ұлттық теңгенің тарихымен таныстыру, мәтіннің мазмұнын түсіну, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық: жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін дамыту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: ұйымшылдық пен ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу, сауатты жазуға баулу; экономикаға қызығушылықтарын арттыру.
Шылау - өз алдына толық, дербес мағынасына жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мағына ұстап тұратын көмекші сөздер. Мәтін
Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін XX ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды. Белгіміздің бірі- ұлттық теңгеміз. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Септеулік шылауларды көрсетіңдер.
3. Берілген септеулік шылаулармен сөйлем құраңдар: қатар, байланысты, дейін, арқылы, бойынша, сәйкес, астам.
II деңгей
1. Сұрақтарға жауап беріңдер. Өзара сөйлесіңдер.
- Біздің елімізге XX ғасырдың маңызы немен зор?
- Ұлттық теңге нешінші жылы айналымға енді?
- Ұлттық теңге қалай жасалған?
- Номиналдардың түстері қандай ?
- Банкноттарда не бейнеленген?
- Банкноттардың беткі жағының негізгі бейнелері қандай?
- Ал сыртқы жағының негізгі бейнесі қандай?
- Ұлттық теңгенің қорғаныс элементтерін атаңдар.
2. Сөздерді тәуелдеңдер: теңге, ғасыр, ел, түс.
I деңгей
1. Сөздерді пайдаланып, септеулік шылауларды қосып сөйлем құраңдар. Сөйлемдерде септеулік шылауларды сызыңдар.
Ақша, теңге, ұлттық, бейбітшілік, бейне, тарих, тағдыр, тәуелсіздік.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттаңдар, олармен диалог құрыңдар:
Шашыранды- брызги
Кешен- комплекс
Құрастыру- собирать
Түйіс- стык
Түзету- правка
Тот- ржавчина
№10 сабақ
Тақырып: Ұлттық теңге. Шығарма.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Септеулік шылаулардың түрлерін қайталау, ұлттық теңгенің тарихын еске түсіріп,шығарма жазу, мәтіннің мазмұнын түсіну, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық: жазбаша ойлау қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін дамыту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; Қазақстан тарихына қызығушылықтарын арттыру.
Шығарманың жоспары
1. Мемлекет тарихынан
2. Тәуелсіздік белгісі
а) 16 желтоқсан –тәуелсіздік күні
б) Ұлттық теңге- белгіміздің бірі
3. XX ғасырдың маңызы
Қосымша тапсырма:
1. Рөлге бөліп оқу ( 47-48 бет, «Қазақ тілі», 11 сынып, Т.М Артыкова)
2. Көп нүктенің орнына тиісті шылау қойыңдар ( ауызша,44 бет, 5 тапсырма )
III модуль. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Етістіктің шақтары
№11 сабақ
Тақырып: Мемлекет дегеңіміз не? Өткен шақ.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: өткен шақ туралы жалпы түсінік беру, етістіктің өткен шақ түрлерін дұрыс жазуға үйрету; мәтіннің мазмұнын түсіну, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; Қазақстан мемлекетін құрметтеуге баулу, өз мемлекетінің тарихына қызығушылықтарын.
Мәтін
Мемлекет –саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ мемлекет ерекше. Ол- қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар. Мемлекет басқа мемлекеттерге тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырады. Өз еркімен жүзеге асырады. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдары болады. Қоғамда заңды тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Мемлекеттің арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет салық белгілейді және оны жинайды. Мемлекеттің өзінің аумағы болады. Сол аумақта мемлекет құрылады, өз қызметін, билігін жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды.Мемлекеттің аумағын басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Кестені мысалдармен толтырыңдар.
Осы шақ
|
Келер шақ
|
Өткен шақ
|
нақ
|
ауыспалы
|
болжалды
|
мақсатты
|
ауыспалы
|
жедел
|
бұрынғы
|
ауыспалы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Етістіктерді осы, келер, өткен шақта жіктеңдер: сақтау, жүру, жүзеге асыру, басқару.
3. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар: қызмет атқарады, жүзеге асырды, қамтамасыз етеді, қорғайды, билігін жүргізеді.
II деңгей
1. Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер:
- Мемлекет деген не?
- Мемлекет қандай қызмет атқаратын саяси ұйым?
- Мемлекеттің несі болуы керек?
- Мемлекеттің аумағы нелерге бөлінеді?
2. Берілген етістіктерді жедел және келер шақта жіктеңдер: күзету. жеңу.
I деңгей
1. Сөйлем құраңдар: халықтың бірлігі, мемлекеттермен қатынастарда, материалдық қоры, ішкі және сыртқы саясаты.
2. Етістікті осы шақта жіктеңдер: басқару.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап, 2-3 сөз тіркестер құрастыр:
Жонғылау- фрезерование
Жону- точение
Қалыптау- штамповка
|
Тазарту-зачистка
Жанышпабілік- валец
Қосылыс- соединение
|
№12 сабақ
Тақырып: Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Осы шақ.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: осы шақ туралы жалпы түсінік беру, етістіктің осы шақ түрлерін дұрыс жазуға үйрету; мәтіннің мазмұнын түсіну, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; Қазақстан мемлекетін құрметтеуге баулу, өз мемлекетінің тарихына қызығушылықтарын арттыру.
Мәтін
Қазақстан Республикасы- президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы –әкімшілік-аумақтық бөлшектерден құрылатындығы. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады.Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республика шеқарасын Қазақстанның шеқара әскері күзетеді.
III деңгей
1. Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Қазақстан тұтастығы неден құралады?
- Мемлекеттің басшысы кім?
- Президент нелерге қол қояды?
- Қазақстан қандай саясат жүргізеді?
- Республика шеқарасын кім күзетеді?
2. Берілген етістіктерді барлық шақтарда қойындар: атқару, қою, күзету, қабылдау.
3. Бір етістікті үш шақта жіктеңдер
II деңгей
1. Сөздерді септеңдер: басшы, әскер, шеқара.
2. Сөздерді тәуелдеңдер: көрші, президент, әскер.
3. «Мемлекеттік биліктің жоғары органдары » тақырыбына шағын әнгіме құраңдар.
I деңгей
1. «Қазақстан Республикасының Президенті» немесе «Мемлекеттік биліктің жоғары органдары» тақырыптарына шағын әнгіме құраңдар.
2. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жазыңдар: жүйе, Парламент, басшы, әскери, заң.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттаңдар:
Доға-дуга
Пісіру доғасы - сварочная дуга
Көзі - источник
Қоректендіру - питание
Жылу - тепло
Айналмалы ток - переменный ток
№13 сабақ
Тақырып: Біздің мемлекет азаматтарының құқықтары. Келер шақ. Сөйлесу.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: келер шақ туралы жалпы түсінік беру, етістіктің келер шақ түрлерін дұрыс жазуға үйрету; мәтіннің мазмұнын түсіну, берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; Қазақстан мемлекетін құрметтеуге баулу, өз мемлекетінің тарихына қызығушылықтарын арттыру.
Тапсырмалар
Диалог
Сайлау құқықтарынан
Республикадағы сайлау неге негізделеді?
Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруға негізделеді.
Сайлау қалай өткізіледі?
Жалпына бірдей, тең сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.
Ал Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қалай өткізіледі?
Азаматтардың сайлауға қатысуы қандай болуы тиіс?
Ерікті.
Сайлауға қатысуға кімнің құқығы бар?
Он сегіз жасқа жеткен азаматтардың тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына , тіліне, дінге көзқарасына қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқығы бар.
III деңгей
1. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер
2. Сөздерге құрамына қарай морфологиялық талдау жасаңдар: құқығы, қабілетсіз, азаматының, мүліктік, сайлауда, өткізіледі.
3. Етістікті келер шақта қойып жіктеңдер: өткізу
II деңгей
1. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер
2. Етістіктерді келер шақтың үш түрінде қойыңдар: өткізу, қатысу, санау, тарату, тағайындау
3. Сөздерді жіктеңдер: атқарушы, басқарма
I деңгей
1. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер
Етістікті мақсатты келер шақта жіктеңдер: атқару
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап, 2-3 сөйлем құрастыр :
Тұрақты кеңістік - пространственная устойчивость
Жанама - косвенный
Қасиет - свойства
Сәулет - свет
Қуат — мощность
Өздігінен реттелу - саморегулирование
IV модуль. Гұлама тұлғалар. Синтаксис. Құрмалас сөйлем
№14 сабақ
Тақырып: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мақалалары. Күрделі бастауыш пен баяндауыш.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Синтаксис туралы жалпы түсінік беру, бастауыш пен баяндауышты дұрыс белгілеуге үйрету; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға , берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу,өз мемлекетінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру.
Мәтін
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мақалалары
С. Торайғыровтың мақалалары мен очерктерінің саны едәуір. Әсіресе, 1913-1914 жылдары «Айқап » журналыңда қызмет істеп жүрген кезінде көп жазған. «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Өлең және айтушылар» деген мақалалары «Абай » журналының №3-санында басылған. С. Торайғыровтың «Қазақ ішінде оқу оқыту жолы қалай?» атты мақаласы 1913 жылы «Айқап» журналының №12 –санында жарияланған. Мұнда автор өзінің бала оқытудан жинаған мол тәжірибесіне сүйіне отырып, сол кездегі мұғалімдер алдынан кездесетін көптеген кедергілерге тоқталады. Мысалы, екі-үш ауылдың балаларын бір жерге жинап оқытудың қиыншылығы. Екіншіден, 20-30 баланы топ-топқа бөліп оқытудың ауыртпалығы.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Сұрақтарға жауап беріңдер:
- С. Торайғыров мақалаларды қай жылдары жазған?
- Мақалаларда қандай мәселелерді қозғаған?
- Олар қалай аталған?
2. Төменде берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:
С. Торайғыровтың мақалалары мен очерктерінің саны едәуір.
II деңгей
1. Мәтінге күрделі жоспар құрыңдар.
2. Мәтіндегі күрделі бастауыш пен баяндауышы бар сөздерді теріп жазыңдар, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
I деңгей
1. «С. Торайғыровтың өмірбаяны мен шығармалары» деген тақырыпқа реферат, баяндама дайындаңдар.
Қосымша тапсырмалар:
1. Диалог құрып, өзара сөйлесіңдер.
2. Сөйлем мүшелерін сызыңыз. Күрделі бастауыш пен баяндауышты көрсетіңіз.
Мейрам мені театрға шақырды. Бұл Мәдениет сарайы әдемі. Ертең біз жаңа үйге көшеміз. Алпыс елу үштен көп. Үлкендер вокзалдан келді. Өткен жылы мен сынақтан өткенімен, конкурстан өте алмадым.Жаңбыр біресе жауды, біресе басылды. Астана қаласы көркейіп келеді. Төле би – қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен. Ол ұзын бойлы.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап, диалог құрыңдар:
Қоспа металл- присадочный металл
Жиек-кромка
Мыс- медь
Жез- латунь
Қаңылтыр- лист, железо, сталь
Өнімділігі- производительность
№15 сабақ
Тақырып: Жүсіпбек Аймауытов. Салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Салалас құрмалас сөйлем туралы, лексикалық тақырып бойынша жалпы түсінік беру, сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелерін дұрыс белгілеуге үйрету; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға , берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу,өз мемлекетінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру.
Мәтін
Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов-әдебиетіміздегі аса ірі тұлғалардың бірі. Ол- ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Жазушының ең бір сүйікті шығармасы-1926 ж. Қызылорда қаласында жеке кітап болып шыққан «Қартқожа» романы.
Ж. Аймауытов психолог-ғалым ретінде 1924-1929 жылдар аралығында кеңінен танылады. Мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарына арнап оқулықтар жазады. Атап айтқанда, «тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері». Ж. Аймауытов көптеген мақалалар да жазған. олардың ішінде М. Әуезовпен бірігіп жазған «Абайдан соңғы ақындар» (1918), «Мағжанның ақындығы туралы» (1923), «Аударма туралы» (1925), т.б. бар.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын түсініп, күрделі бастауыштарды теріп жазыңдар.
2. Мәтін бойынша диалог құрып, өзара сөйлесіңдер.
3. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:
Жүсіпбек Аймауытов-әдебиетіміздегі аса ірі тұлғалардың бірі.
4. Берілген сөздермен салалас құрмалас сөйлем құраңдар: ірі тұлға, романы, кітап, мұралары.
II деңгей
1. Мәтіннің мазмұны бойынша 5 сұрақ құраңдар.
2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:
Ж. Аймауытов психолог –ғалым ретінде 1924-29 жылдар аралығында кеңінен танылады.
I деңгей
1. «Ж. Аймауытов өмірбаяны мен шығармалары» деген тақырыпқа реферат, баяндама дайындаңдар.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап,сөз тіркестер құрыңдар:
Қүйма ақауы- дефект отливки
Пайда болу- использовать
Пісіру- сварка
Жалын- пламя
Балқыту- плавить
№16 сабақ
Тақырып: Қаныш Сәтбаев. Сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Сабақтас құрмалас сөйлем туралы, лексикалық тақырып бойынша жалпы түсінік беру, сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелерін дұрыс белгілеуге үйрету; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға , берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу,өз мемлекетінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру.
Мәтін
Ғалымдардың ақылшысы
Қ. Сәтбаев жұмыс атқарушының қызмет дәрежесі, іс тәжірибесі мен қабілеті, мамандығы, ұлты қандай болса да, бәріне бірдей және әділ қараған соң, әркім өзінің тараған қызметтерінен қанағат алатын еді. Ол барлық салалардан елеулі түзетулер енгізетін. Әр адамның іс қабілетін, тындырған ісінің нәтижесін көрген кезде, ол дұрыс бағалайтын еді. Түрлі қиыншылықтарға кездескен шақта үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең болатын. Ғылыми кадрлар даярлау ісін жандандыруы себепті Қазақстанның ғалымдарының зор армиясы жасақталады. Сәтбаев олардың ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ғылыми еңбектері 534-і орысша, 98-і қазақша, 68-і осы екі тілде қатар, 9-ы шетел тілдерінде жазылған.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Мәтінді аударыңдар.
2. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
3. Сөздерді жіктеңдер: тәрбиеші, маман. Берілген сөздермен сабақтас құрмалас сөйлем жасаңдар.
II деңгей
1. Мәтін бойынша 5 сұрақ жазыңдар
2. Сөйлем мүшелерін анықтаңдар: Қ. Сәтбаев олардың ақылшысы, тәрбиешісі болды.
3. Сөздерді септеңдер: ғалым, ұлт, дәреже. Берілген сөздермен салалас құрмалас сөйлем жасаңдар.
I деңгей
1. Қ. Сәтбаев туралы баяндама жасаңдар.
2. Баяндамадағы күрделі сөйлемдерді атаңдар.
Қосымша тапсырмалар:
1. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз. Дополните данные предложения. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін сызыңыз. Подчеркните главные члены предложения. Сөйлемдердің түрлерін анықтаңыз. Определите вид предложений.
1. Қыс түссе,...
2. Дүкенге соқсан,...
3. Жаңбыр жауса,...
4. Жұмыс бітсе,...
5. Сен уақытында келсен,...
6. Көктем келсе,...
7. Күн жылы болса,...
8. Мектептен ерте келсең,...
9. Дұрыс жауап берсең,...
10. Базарға барсаң,...
2. Қазақ тіліне аударыңыз. Переведите на казахский язык.
1. Он оделся так, словно на улице было холодно.
2. Учитель говорит так, что все его слушают с интересом.
3. Он чувствовал себя так, как будто был здесь раньше.
4. Я, включив телевизор, смотрю интересный фильм.
5.Алмагүл была дома, как будто знала, что я приду.
3. Сөйлемдерді толықтырып түрін анықтаңыз. Дополнив предложения, определите его вид.
1. Күн салқын болғанмен,...
2. Бұлт болса да,...
3.Жақсы оқу үшін,...
4. Шай ішейік деп,...
5. Біз кеткеннен кейін,...
6. ..., күн жылынды.
7. ..., үш жыл өтті.
8. ..., сауда орталығына барамыз.
9. ..., олар мектепке бармады.
10. ..., ұйықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |