Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет79/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

R.iliensis
 
өсімдігінің 3 
популяциясының да флорасын Н.В.Павловтың классификациясы 
бойынша 14 топқа бөлдік. Олардың ішінде үшінші популяцияда бірінші 


158 
орында эрозияға қарсы тұратын өсімдіктер (46,2%) орналасады. Бұл 
заңдылық, себебі, жер бетінде кездесетін жоғары сатыдағы 
өсімдіктердің барлығы, белгілі бір дәрежеде топырақты судан және 
желден болатын эрозиядан қорғауға қатысады. Бұл тұрғыдан алғанда 
ағаштар мен бұталардың, әсіресе тамырсабақты және атпа тамырлы 
өсімдіктердің алатын орны ерекше. Оған біз зерттеуге алған 
R.iliensis
 
өсімдігі де жатады. Екінші және үшінші орындарда малазықтық 
өсімдіктер (35,4%) мен арамшөптер (43,8%) тұрады. Нақтырақ айтқанда 
Шарын өзенінің жайылмасының (бірінші популяция) флорасында 
бірінші орынды малазықтық өсімдіктер (40,3%) алса, Іле өзенінің 
жоғарғы (екінші популяция) және төменгі ағысының (үшінші 
популяция) флорасында арамшөптер басым келеді. Олар Іле өзенінің 
жоғарғы ағысы жайылмасы флорасының 33,1%, және төменгі ағысы 
жайылмасы флорасының 35,4% құрайды. Бұл да заңдылық, өйткені, біз 
зерттеу жүргізген 
R.iliensis
 
өсімдігінің бірінші популяциясы Шарын 
ұлттық паркінің территориясында орналасқан, сондықтан да жақсы 
қорғалған. Өсімдіктер жабыны эрозияға ұшырамаған және қаз-
қалпында сақталған. Сол себептен де бұл жерде малазықтық өсімдіктер 
эрозияға қарсы тұратын өсімдіктерден кейінгі екінші орында тұрады. 
Іле өзенінің жоғарғы және төменгі ағысының жайылмаларында мал 
жайылуға байланысты өсімдіктер жабынында арамшөптер басым 
келеді. Бұл әсіресе келеңсіз экологиялық жағдай қалыптасқан Іле 
өзенінің Қапшағай су электростанциясының төменгі ағысында айқын 
байқалады. 
Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларынан табылған 
R.iliensis
популяцияларының флорасына жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, 
бұл жерлерден көптеген сирек кездесетін, жойылу қаупі төніп тұрған 
эндемдік және реликт өсімдіктердің 21 түрлерін кездестірдік. Оларға 
Berberis iliensis
M.Pop., 
Rosa iliensis
Chrshan., 
Lonicera iliensis
Pojark., 
Populus pruinosa
Schrenk.,
Populus diversifolia
Schrenk, 
ZigophyIlium 
iliense 
M.Pop., 
Haplophyllum multicaule
Vved.,
Euphorbia microcarpa
L., 
Tulipa behmiana
Rge., 
Artemisia heptapotamica
Poljak. өсімдіктері
 
жатады. Олардың барлығы ерекше қорғауды қажет ететін Қазақстан 
флорасының генофонды болып табылады. Сонымен бірге бұл 
өсімдіктердің басым көпшілігі әртүрлі пайдалы қасиеттерімен белгілі. 
Олардың бірқатары комплексті қызмет атқарады. Бұл тұрғыдан алғанда 
әсіресе 
Populus
L. туысының түрлерінің алатын орны ерекше. Олар 
техникалық, сәндік, эрозияға қарсы тұратын және илік заттар алынатын 
өсімдіктер болып табылады. Сирек кездесетін, ареалы қысқарып бара 
жатқан, реликт өсімдіктерден 
Fraxinus sogdiana
Bunge. өсімдігін айтпай 
өтуге болмайды.
Ботаникалық-географиялық элементтері тұрғысынан алғанда 
R.iliensis
 
өсімдігінің біз зерттеу жүргізген 3 популяциясының да 
флоралық 
құрамында 
палеарктикалық 
және 
голарктикалық 


159 
элементтердің айқын басымдығы байқалады. Тау етегіне жақын жатқан 
Шарын өзені жайылмасының (бірінші популяция) флорасында 
голарктикалық 
элементтер 
(21%) 
басымырақ, 
палеарктикалық 
элементтер - 17,7% құрайды. Іле өзенінің жоғарғы ағысы 
жайылмасының флорасында палеарктикалық элементтер басым (29,4%), 
голарктикалық элементтер флораның 18,4% түзеді. Іле өзенінің төменгі 
ағысы 
жайылмасының 
флорасында 
да 
палеарктикалық 
және 
голарктикалық элементтер басым келеді. Бірақ та бұл популяцияда 
олардың пайыздық көрсеткіші Іле өзенінің жоғарғы ағысымен 
салыстырғанда біршама аздау және сәйкесінше – 23,1% және 10% 
құрайды. Жалпы 
R.iliensis
 
өсімдігінің бірінші популяциясының 
флорасының 19 басқа флоралық облыстармен, екінші популяцияның 34 
флоралық 
облыстармен, 
үшінші 
популяцияның 
39 
флоралық 
облыстармен байланысының барлығы анықталды.
R.iliensis
 
өсімдігінің вегетативтік органдарына (жапырағына, 
сабағына) жүргізген анатомиялық зерттеулердің нәтижелері бұл түрдің 
нағыз мезофит екендігін көрсетті. Біз зерттеуге алған
R.iliensis
 
өсімдігінің үшінші популяциясынан жиналған жапырақтың, сабақтың, 
тамырдың морфо-анатомиялық құрылысының контурында айтарлықтай 
көп айырмашылықтар байқалмады. Тек Шарын өзенінің жайылмасында 
(бірінші популяция) өсетін 
R.iliensis
 
өсімдігінің жапырақ тақтасы жұқа 
және түсі мөлдір (прозрачный) келеді. Мұны өсімдіктің қалың шаған 
орманында өсуіне байланысты жарықтың жетіспеуінен деп түсінеміз. 
Іле өзенінің жоғарғы (екінші популяция) және төменгі (үшінші 
популяция) 
ағыстарының 
популяцияларында 
өсетін 
R.iliensis
 
өсімдігінің жапырақ тақталары біршама қалың және түсі де қанық 
болады. Эпидермисінің сыртын қалың түктер жауып тұрады. 
Анатомиялық кесіндісінде эпидермисі бір-бірімен тығыз байланысқан 
бірқатар паренхималық жасушалардан тұрады. Олардың сыртын жұқа 
кутикуланың қабаты жауып тұрады. Іле өзенінің төменгі ағысының 
жайылмасынан 
(үшінші 
популяция) 
жиналған 
жапырақтың 
анатомиялық кесіндісінің жоғарыдағы екі популяциядан жиналған 
жапырақтардан айырмашылығы сол, бағаналы мезофилл қабатының 
астында, жапырақ тақтасының ортаңғы бөлігінде идиобластар болады. 
Өткізгіш шоқтары жабық және жапырақ тақтасының ортаңғы бөлігінде 
орналасады. 
Сабағының көлденең кесіндісінде, оның сыртын қалың кутикула 
жауып тұрады. Кутикуланың астында эпидермистің ірі жасушалары
оның астында 2-3 қабат колленхиманың жасушалары орналасады. Оның 
астында қабықтық паренхиманың жасушалары орналасады. Одан әрі 
орталыққа 
қарай 
қабықшалары 
қалың, 
біршама 
ірі 
негізгі 
паренхиманың жасушалары орналасады. Осы жасушалардың төменгі 
қатары топтасып тін талшықтарымен қабысады. Орталық шеңбердегі 
ішкі және сыртқы фоэманың, ксилеманың және камбийдің, өткізгіш 


160 
шоқтарының 
жасушаларының, 
құрылысында 
айтарлықтай 
айырмашылықтар байқалмайды. Тек олардың өскен ортасының 
экологиялық жағдайына байланысты биометриялық көрсеткіштерінде 
ғана айырмашылықтар болады. Айталық орталық цилиндрдің және 
сабақтың 
қабықтық 
бөлігінің 
қалыңдығында 
айырмашылықтар 
байқалады. Өзектік бөлігінде тасты клеткалар – идиобластар бар 
жасушалар айқын көрінеді. 
Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларынан табылған 
R.iliensis
 
өсімдігінің популяцияларына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, 
осы түрдің шын мәнінде сирек кездесетін, жойылу қаупі төніп тұрған, 
таралу аймағы шектеулі, эндемдік түр екендігін көрсетті. Шарын 
өзенінің жайылмасында (бірінші популяция) 
R.iliensis
 
популяциясына 
тікелей төніп тұрған қауіп жоқ, себебі ол Шарын ұлттық паркінің 
территориясында өседі және мемлекет тұрғысынан қорғауға алынған. 
Бірақ 
R.iliensis


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет