Гипоталамус – мидың бір бөлігі. Оның жүйке жасушасында ерекше химиялық заттар түзіледі. Ол заттар портальдық капиллярлар арқылы гипофизге барады да, сол жерде гормондар бөлінуін реттейді. Аденогипофиздің гормондарының синтезделуін реттейтін гипоталамус заттары 1960 ж ашылды (Р. Гиллемин мен Э. Шелли). Алғаш олар рилизин-фактор және нейрогормондар деп аталады. Ал қазір либериндер және статиндер деп аталады. Нейрогормондарды бөліп алу, химиялық табиғаты мен құрылымын анықтау өте қиын.

Мысалы, Р.Гиллемин ғылыми тобы 1 мг таза тиреолиберин бөліп алу үшін 300 мың қойдың гипоталамусын өңдеген.
ГИПОФИЗ
Гипофиз омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі.
Гипофиз мидың астыңғы бөлігінде орналасқан: алдыңғы(аденогипофиз), аралық және артқы бөлік(нейрогипофиз).
Гипофиз бөліктері гистологиялық тұрғыдан ажыратылады, олар әр түрлі қызмет атқаратын гормондар бөліп шығарады, барлығы ақуызды зат.
Гипофизде гормон түзілуге гипоталамус реттеуші қызмет атқарады.