Бүйрек үсті безі сыртқы қыртыс қабатынан және ішкі мизатынан тұрады.
Бүйрек үсті безі сыртқы қыртыс қабатынан және ішкі ми затынан тұрады.
Сыртқы қыртыс гормондары — кортикостероидтар ағзаның экстремальды жағдайларға төтеп беруін қамтамасыз етеді: кортикостерон, кортизол және альдостерон.
Кортикостерон мен кортизол көмірсудың алмасуына қатысады.
Альдестерон көмірсудың алмасуына қатыспайды,ол электролиттердің және судың алмасыун ретейді.
Ми заты екі түрлі гормон бөледі: адреналин және норадреналин- катехоламиндер тобына жатады.Жүйке жүйесінің медиаторы.
Адреналин негізінен көмірсудың алмасуына және біршама ғана липидтердің алмасуына әсер етеді. Майдың ыдырауын активтендіреді, бос май қышқылдарының мөлшерін көбейтеді және май қышқылы түзілуін тежейді.
Адреналин жүректі жиі соқтырады, артериялық қан тамыры саңылауын кеңейтеді. Ал норадреналин қан тамырларына келетін нерв ұшына әсер ету арқылы қан қысымын арттырады, қан тамыры саңылауы тарылады.
02/08/2023
Ұйқы безінің аралшықтарының болатындығын 1869 ж Лангерганс анықтаған. Екі аралшық екі түрлі гормон инсулин мен глюкоган бөлінеді. Инсулин А және В екі полипептидтік тізбектен тұрады. Олар бір- бірімен дисульфидтік байланыспен байланысқан.
Глюкогон – 29 амин қышқылы қалдығынан тұратын полипептидтік гормон.