Аталық жыныс гормоны: тестостерон, андростерон. Белсендісі тестостерон. Андростеронның белсенділігі одан 10 есе төмен.
Аталық жыныс гормоны андроген. Андрогендер ақуыз синтезіне, әсіресе бұлшық ет ұлпаларындағы ақуыз синтезіне дем береді, жас ағзаның сүйек қаңқасының өсуін дамытады.
Аталық бұлшық еттері жақсы жетіліп, дене бітімі ірі келеді. Андроген екінші кезектегі аталық жыныс белгілерін қалыптастырады, жыныстық инстинктердің қалыптасуына себепкер болады.