Жүйке жүйесінің морфофункционалді сипаттамасы мен жіктелуі.
Сезімтал түйіндердің құрылыс ерекшеліктері.
Вегетативті түйін.
Шеткі нервтер.
Жұлын, жұлынның ақ және сұр заты.
Жүйке жүйесінің морфофункционалді сипаттамасы мен жіктелуі.
Жүйке жүйесі организмдегі барлық тіршілік үдерістерін реттеуді және оның сыртқы ортамен әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Анатомиялық тұрғыдан орталық және шеткі жұйке жүйесі деп ажыратылады.
Сұр заты – ішкі жағында көбелек пішіндес болып орналасады. Ол нейрондардан, миелинсіз және жіңішке миелинді талшықтардан, нейроглиядан тұрады. Нейрон денелері топтасып, орналасып ядроларды түзеді.
Ақ заты – жұлынның өткізгіш жолдарын түзетін миелинді нерв талшықтарынан тұрады және шеткі аймағында орналасады.