Мысалы, «Қарағанды қаласындағы қоқыстың көп мөлшері» мәселесі «Қарағанды қаласындағы қоқыс мөлшерін Х% - ға азайту» мақсатына айналады. «Теріс салдарларды (себептерді)» пайда болатын «оң салдарларға (нәтижелерге)» айналдырамыз: «су объектілері ластанған» «таза су қоймалары» болды. Мәселенің себептері міндеттерге айналады: адамдар қоқысты тиісті орындарға тастайды, коммуналдық қызметтер тиімді жұмыс істейді және т. б. - «Проблемалар ағашы мен шешімдер ағашы» Сіздің жобаңыз шеше алатын мәселені жан-жақты қарауға және оны шешудің Сізге сәйкес келетін әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
- Міндеттердің әр тармағы әртүрлі жобалар болуы мүмкін (проекты, подпроекты).
- Мысалы, Сіз тек қала тұрғындарымен жұмыс істеуге шешім қабылдадыңыз, оларға қоқысты қайта өңдеу және бөлек жинау тақырыбын үйретесіз және т.б.жобалар.
- Екінші бір нұсқа – жобаны коммуналдық қызметтермен жұмыс істеуге жіберу. Осындай әртүрлі жобалық нұсқаларды жобалық балама деп атайды.
- Шығармашылық жобаның мақсаты - білім алушының оқу бағдарлама пәндері бойынша немесе өзінің мамандығы бойынша өзекті мәселенің тақырыбын тұжырымдап, нақтылау; яғни, жобаның түпкілікті нәтижесін визуализациялау.
- Шығармашылық жобаның мақсатын анықтап, оны тұжырымдау оңай жұмыс емес. Жобаның мақсатын құрастырудың мынандай формуласын қолдануға болады:
- Сөздердің бірін қолданасыз: жасау, әзірлеу, орындау, жетілдіру, үйрену, меңгеру (орындалатын жұмыстың мәніне байланысты)…….
- Өнімнің немесе жоба объектісінің атауын қосыңыз және типтік тіркестердің бірімен аяқтаңыз: техникада..., интерьерді безендіру үшін, материалдан ..., (қандай материалдан, қандай оқиғаға арналғанын, қандай адамға немесе мақсатқа арналғанын көрсететін тиісті мағынаны енгізіңіз).
- Шын мәнінде, мақсатқа жету үшін адам алдын - ала жасалған жоспар бойынша барлық шығармашылық жобаларды кезең – кезеңімен бөліп, орындауы қажет.
- Негізгі мақсат шығармашылық жобаның кіріспесінде 1-2 сөйлем арқылы сипатталып, тұжырымдалады.
- Егер шығармашылық жобаның мақсаттарын құруда аталған формуланы / алгоритімді қолданатын болсақ, онда біз, мысалы, мынандай тұжырымдалған жоба мақсатын құрастырамыз:
- Бисермен безендіру техникасы…..
- Панно дайындаудың әдістері .....
- Көкірекше және оған аксессуарлар жасау…..
- Пластикалық бұйымдары қалдықтарынан үй-жайлардың интерьерін безендіруге арналған заттарды және пластикалық бөтелкелерден бақша учаскелерін жобалау тәсілдерін жасау .....
- «Шығармашылық жобаның мақсаты» құрастырудың бейне материалы: шығармашылық жұмыстың мақсаты< / a>
- Шығармашылық жобаның міндеттері
- Жобаның мақсаты анықталып, тұжырымдалған соң, білім алушы мамандығының оқу бағдарламасында белгіленген пәндер бойынша нақты жобалық міндеттерін анықтап, тұжырымдап, құрасты-рады.
- Шығармашылық жобаның мақсаты мен міндеттері біртұтас блок болып табылады және әрқашан бір - біріне негізделіп құрастырылады.
- Шығармашылық жобаның міндеттері – жоба жұмысын бастаған сәттен оның аяқталуына дейінгі өнімді өндіруді (қызметті көрсетуді) ұйымдастыру мен дайындаудың нақты қадамдары, кезеңдері.
- Мақсаттар сияқты, жобалық міндеттер шығармашылық жобаның кіріспесінде бірден жобалық мақсаттан кейін сипатталады.
- Жобалық міндеттерді дұрыс құрастыру үшін мынандай сұрақтарға жауап беру қажет: жобаның мақсатына жету үшін не істеу керек?
- Осы сұраққа жауап беру кезінде келесі сөздер жиі қолданылады: үйрену, жетілдіру, дамыту, зерттеу, таңдау, анықтау, жүргізу, таңдау, байқау, дамыту, талдау, бекіту және т. б.
- Мысалы:
- -жоба объектісінің (мысалы, бір өнімнің) шығу тарихын /өндіріс технологиясын зерттеу...;
- -шығынға әсер ететін факторларды талдау....;
- -өнім өндірудің тәсілдерімен/технологияларыме/тарихымен таны-су...;
- -өнімнің жоспарын/формасын/дизайнын/технологиялық картасын жасау...;
- -бұйымды жасау техникасын/материалын/тәсілін таңдау...;
- -өнімді өз бетінше / дұрыс жасауды /өңдеуді/ ауыстыруды және т. б. үйрену.
- «Шығармашылық жобаның міндеттері» бетіне сілтеме коды:
- шығармашы-лық жұмыстың міндеттері< / a>
- Шығармашылық жобаның кезеңдері
- Жоба мақсатын анықтап, оның міндеттерін тұжырымдаудан кейін оны орындап, жүзеге асырудың уақыттық мерзімдерін, яғни, кезеңдерін анықтап, белгілеу қажет.
- Әдетте, шығармашылық жобаларды орындап, жүзеге асырудың уақыттық мерзімдері 3 негізгі кезеңге бөлінеді:
- 1.Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде білім алушы мәселенің өзектілігін сипаттайды, шығармашылық жобаның мақсатын айтады, міндеттерді тұжырымдайды, тақырыпты таңдауды негіздейді, негізгі қойылатын талаптарды сипаттайды, идеяларды әзірлейді т.б. негізгі мәселелерін анықтайды,
- 2.Технологиялық кезең.
- Бұл кезеңде қолданылатын материалдар, құралдар мен жабдықтар сипатталады, жобаны ұйымдастыру әдістері сипатталады.
- 3.Қорытынды кезең. Бұл кезеңде жоба бойынша негізгі нәтижелер сипатталады, қорытындалып, тұжырымдалады.
- «Шығармашылық жоба жоспары» бетіне сілтеме коды:
- шығармашылық жоба жоспары < / a>
Достарыңызбен бөлісу: |