Жобаның басты мақсаты (ағылш. Main Objective), немесе миссия (ағылш. Mission) - бұл жобаның нәтижелерін болашақта пайдалану тұрғысынан оны жүзеге асырудың негізгі, жалпы себебі.
Басты мақсатқа табысты қол жеткізу жобаны іске асырудың сәттілігін айқындайды.
Жалпы мақсатты дамыту әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.
«Ми шабуылы» әдісі жиі қолданылады: жеткізушілердің, мердігерлердің, консалтингтік компаниялардың өкілдері шақырылады және бірлескен жұмыс барысында бірыңғай жұмыс бағыты қалыптасады.
Жобаның миссиясы – бұл болашақтағы негізгі қызметтері немесе өнімдері, оның маңызды нарықтары мен басым технологиялары тұрғысынан жобаның басты мақсаты деп түсіну қажет.
Шығармашылық жобаның мақсаты - білім алушының оқу бағдарлама пәндері бойынша немесе өзінің мамандығы бойынша өзекті мәселенің тақырыбын тұжырымдап, нақтылау; яғни, жобаның түпкілікті нәтижесін визуализациялау.
Жобаның мақсатын нақты тұжырымдап, анықтап белгілеу үшін жобаның идеясын бағалап, анықтау өте маңызды