Что такое проект? Типология проектов


Мысалы, «Қарағанды қаласындағы қоқыстың көп мөлшері» мәселесі «Қарағанды қаласындағы қоқыс мөлшерін Х% - ға азайту» мақсатына айналады



бет5/7
Дата18.10.2022
өлшемі1,53 Mb.
#153498
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3.Жобаның мақсаттары, міндеттері

Мысалы, «Қарағанды қаласындағы қоқыстың көп мөлшері» мәселесі «Қарағанды қаласындағы қоқыс мөлшерін Х% - ға азайту» мақсатына айналады.
  • «Теріс салдарларды (себептерді)» пайда болатын «оң салдарларға (нәтижелерге)» айналдырамыз: «су объектілері ластанған» «таза су қоймалары» болды.
  • Мәселенің себептері міндеттерге айналады: адамдар қоқысты тиісті орындарға тастайды, коммуналдық қызметтер тиімді жұмыс істейді және т. б.
    • «Проблемалар ағашы мен шешімдер ағашы» Сіздің жобаңыз шеше алатын мәселені жан-жақты қарауға және оны шешудің Сізге сәйкес келетін әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
    • Міндеттердің әр тармағы әртүрлі жобалар болуы мүмкін (проекты, подпроекты).
    • Мысалы, Сіз тек қала тұрғындарымен жұмыс істеуге шешім қабылдадыңыз, оларға қоқысты қайта өңдеу және бөлек жинау тақырыбын үйретесіз және т.б.жобалар.
    • Екінші бір нұсқа – жобаны коммуналдық қызметтермен жұмыс істеуге жіберу. Осындай әртүрлі жобалық нұсқаларды жобалық балама деп атайды.
    • Шығармашылық жобаның мақсаты - білім алушының оқу бағдарлама пәндері бойынша немесе өзінің мамандығы бойынша өзекті мәселенің тақырыбын тұжырымдап, нақтылау; яғни, жобаның түпкілікті нәтижесін визуализациялау.
    • Шығармашылық жобаның мақсатын анықтап, оны тұжырымдау оңай жұмыс емес. Жобаның мақсатын құрастырудың мынандай формуласын қолдануға болады:
    • Сөздердің бірін қолданасыз: жасау, әзірлеу, орындау, жетілдіру, үйрену, меңгеру (орындалатын жұмыстың мәніне байланысты)…….
    • Өнімнің немесе жоба объектісінің атауын қосыңыз және типтік тіркестердің бірімен аяқтаңыз: техникада..., интерьерді безендіру үшін, материалдан ..., (қандай материалдан, қандай оқиғаға арналғанын, қандай адамға немесе мақсатқа арналғанын көрсететін тиісті мағынаны енгізіңіз).
    • Шын мәнінде, мақсатқа жету үшін адам алдын - ала жасалған жоспар бойынша барлық шығармашылық жобаларды кезең – кезеңімен бөліп, орындауы қажет.
    • Негізгі мақсат шығармашылық жобаның кіріспесінде 1-2 сөйлем арқылы сипатталып, тұжырымдалады.
    • Егер шығармашылық жобаның мақсаттарын құруда аталған формуланы / алгоритімді қолданатын болсақ, онда біз, мысалы, мынандай тұжырымдалған жоба мақсатын құрастырамыз:
    • Бисермен безендіру техникасы…..
    • Панно дайындаудың әдістері .....
    • Көкірекше және оған аксессуарлар жасау…..
    • Пластикалық бұйымдары қалдықтарынан үй-жайлардың интерьерін безендіруге арналған заттарды және пластикалық бөтелкелерден бақша учаскелерін жобалау тәсілдерін жасау .....
    • «Шығармашылық жобаның мақсаты» құрастырудың бейне материалы: шығармашылық жұмыстың мақсаты< / a>
    • Шығармашылық жобаның міндеттері
    • Жобаның мақсаты анықталып, тұжырымдалған соң, білім алушы мамандығының оқу бағдарламасында белгіленген пәндер бойынша нақты жобалық міндеттерін анықтап, тұжырымдап, құрасты-рады.
    • Шығармашылық жобаның мақсаты мен міндеттері біртұтас блок болып табылады және әрқашан бір - біріне негізделіп құрастырылады.
    • Шығармашылық жобаның міндеттері – жоба жұмысын бастаған сәттен оның аяқталуына дейінгі өнімді өндіруді (қызметті көрсетуді) ұйымдастыру мен дайындаудың нақты қадамдары, кезеңдері.
    • Мақсаттар сияқты, жобалық міндеттер шығармашылық жобаның кіріспесінде бірден жобалық мақсаттан кейін сипатталады.
    • Жобалық міндеттерді дұрыс құрастыру үшін мынандай сұрақтарға жауап беру қажет: жобаның мақсатына жету үшін не істеу керек?
    • Осы сұраққа жауап беру кезінде келесі сөздер жиі қолданылады: үйрену, жетілдіру, дамыту, зерттеу, таңдау, анықтау, жүргізу, таңдау, байқау, дамыту, талдау, бекіту және т. б.
    • Мысалы:
    • -жоба объектісінің (мысалы, бір өнімнің) шығу тарихын /өндіріс технологиясын зерттеу...;
    • -шығынға әсер ететін факторларды талдау....;
    • -өнім өндірудің тәсілдерімен/технологияларыме/тарихымен таны-су...;
    • -өнімнің жоспарын/формасын/дизайнын/технологиялық картасын жасау...;
    • -бұйымды жасау техникасын/материалын/тәсілін таңдау...;
    • -өнімді өз бетінше / дұрыс жасауды /өңдеуді/ ауыстыруды және т. б. үйрену.
    • «Шығармашылық жобаның міндеттері» бетіне сілтеме коды:
    • шығармашы-лық жұмыстың міндеттері< / a>
    • Шығармашылық жобаның кезеңдері
    • Жоба мақсатын анықтап, оның міндеттерін тұжырымдаудан кейін оны орындап, жүзеге асырудың уақыттық мерзімдерін, яғни, кезеңдерін анықтап, белгілеу қажет.
    • Әдетте, шығармашылық жобаларды орындап, жүзеге асырудың уақыттық мерзімдері 3 негізгі кезеңге бөлінеді:
    • 1.Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде білім алушы мәселенің өзектілігін сипаттайды, шығармашылық жобаның мақсатын айтады, міндеттерді тұжырымдайды, тақырыпты таңдауды негіздейді, негізгі қойылатын талаптарды сипаттайды, идеяларды әзірлейді т.б. негізгі мәселелерін анықтайды,
    • 2.Технологиялық кезең.
    • Бұл кезеңде қолданылатын материалдар, құралдар мен жабдықтар сипатталады, жобаны ұйымдастыру әдістері сипатталады.
    • 3.Қорытынды кезең. Бұл кезеңде жоба бойынша негізгі нәтижелер сипатталады, қорытындалып, тұжырымдалады.
    • «Шығармашылық жоба жоспары» бетіне сілтеме коды:
    • шығармашылық жоба жоспары < / a>


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет