Цифровая дидактика indd


ЭОБ классификациясы бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін



Pdf көрінісі
бет187/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика
Практика 2
ЭОБ классификациясы бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін:
– тарату және пайдалану ортасының түрі бойынша: Интернет 
ресурстары, оффлайн ресурстар, «электрондық тақталарға» 
арналған ресурстар, қашықтықтан оқытуға арналған платформа-
лар;
– контент мазмұнының түрі бойынша: электрондық анықтамалық-
тар, викториналар, сөздіктер, оқулықтар, зертханалық жұмыстар, 
виртуалды зертханалар, тренажерлар;


328
 
 

– іске асыру қағидаты бойынша: мультимедиялық ресурстар (ау-
дио, бейне, графика, анимация), ұсыным ресурстары, оқыту 
жүйелері;
– кіріс контентті құраушылар бойынша: дәріс материалдары, 
практикалық материалдар, ресурстар-имитаторлар (тренажер-
лар), бақылау және өлшеу материалдары.
Тарату технологиясы бойынша электронды оқу басылымдары 
болуы мүмкін:
1. Жергілікті пайдалануға арналған және цифрлық медиада оңай 
тасымалданатын жергілікті электронды оқулықтар.
2. Желілік электронды оқулықтар интернет арқылы пайдалану-
шылардың шексіз санына қол жетімді.
3. Аралас оқу басылымдары жергілікті және желі арқылы 
пайдалануға болатын басылымдар.
5.7 Электрондық оқулық
Электрондық оқулық (ЭО) – бұл оқыту үдерісінің дидактикалық 
циклінің үздіксіздігі мен толықтығын қамтамасыз ету, оқу-жаттығу 
қызметін және білім деңгейін бақылау, сондай-ақ ақпараттық-
іздестіру қызметін, компьютерлік визуализациямен математикалық 
және имитациялық модельдеуді және интерактивті кері байланы-
сты жүзеге асыру шартымен 6 қызметтік функцияны қамтамасыз 
ететін теориялық материалды ұсынатын, кешенді мақсаттағы оқыту 
бағдарламалық жүйе.
Электрондық оқулық (ЭО) – мультимедиялық интерактивті эле-
менттермен сүйемелденетін бағдарламалық дидактикалық құрал және 
ол келесіні құрайды:
1) теориялық оқуға арналған материал-мәтіндік дәрістер/тезистер, 
бейне-дәрістер, глоссарий, әдебиетке сілтемелер және т.б.;
2) практикалық дағдыларды бекітуге арналған материал: интер-
активті тапсырмалар, практикалық тапсырмаларды бейне шешу, 
интерактивті викториналар және т.б.;
3) білімді өз бетінше тексеруге арналған материал: әртүрлі 
форматтағы тест тапсырмалары.
Баспа оқулығының электрондық аналогы (электрондық форматқа 
цифрланған қағаз оқулық) – сканерленген, суретке түсірілген немесе 
электрондық мәтіндік форматқа көшірілген қағаз оқулық. Цифрланған 


329
қағаз оқулығында тараулар арасында гиперсілтемелер болуы мүмкін, 
оқулықтың бөлімдері арасында тез қозғалады. Цифрланған оқулықтың 
форматын бір форматтан екіншісіне оңай түрлендіруге болады. 
Цифрланған оқулық – бір файлдан тұрады және әртүрлі электрондық 
форматтарда ұсынылады (txt, doc, fb, pdf, html, djvu және басқалары).
Электронды оқулықтардың айрықша ерекшеліктері:
– білім алушылармен кері байланысты қамтамасыз етеді 
(интерактивтілік);
– қажетті ақпаратты жылдам іздеуді және оған қол жеткізуді 
қамтамасыз етеді;
– мультимедиалық технологиялармен (аудио, бейне, графикалық) 
үйлесімде ақпарат береді;
– қажетті оқу ақпаратын байланыстыруға және толықтыруға 
мүмкіндік береді (Интернет арқылы);
– белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруді қамтамасыз етеді.
Электрондық оқулықтың құрылымы курстың ерекшелігіне және 
оқытушыны оқыту әдістемесіне байланысты. Осы көрсеткіштерге 
байланысты электронды оқулықтың келесі негізгі құрылымдық 
элементтерін бөліп көрсетуге болады:
– теориялық материал;
– практикалық материал;
– бақылау-өлшеу материалы;
– өздік жұмысқа арналған материал;
– Интернет ресурстарға сілтеме жасалған әр тақырып бойынша 
әдебиеттер тізімі;
– тезаурус.
Электрондық оқулықтың бағдарламалық жасақтамасы әдетте 
мыналарды қамтиды:
– мәзір: бөлімдер арасында жылдам өту үшін оқулықтар картасы;
– батырма-навигаторлар;
– тапсырманы интерактивті орындау үшін енгізу өрістері;
– білімді бақылау мен өзін-өзі бақылаудың әртүрлі нысандарын 
қамтитын құралдар: суреттерге (мәтінге) оларды тасу арқылы 
дұрыс жауаптар салу, тесттерде бір немесе бірнеше жауап таңдау, 
сұраққа жазбаша жауап және т.б.
– электрондық оқулықты пайдаланушылар санының есептегіші 
бар тапсырмалар тақтасы және т.б.


330
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет