350
Оқытушы оқу кезеңінің басына дейін Platonus немесе Moodle
жүйесіне өзінің барлық оқу материалдарын орналастырады: бейне-
дәрістер, аудиолекциялар, презентациялар, тапсырмалар және бақылау
материалдары.
Білім алушылар дәріс материалдарымен өз бетінше танысады,
видеолекцияларды қарайды немесе Platonus немесе Moodle жүйесінде
аудиолекцияларды тыңдайды; өзін-өзі тексеруге арналған тест тап-
сырмаларын орындайды; чатта оқытушымен қиын мәселелер бой-
ынша кеңеседі; чатта басқа студенттермен талқылайды; вебинарларда
топта дәрістердің қызықты бөлшектерін талқылайды, тыңдайды.
Кафедра оқытушының оқу жүктемесін орындауына мониторинг
жүргізеді және ол платформаға сәйкестендіргіш және сілтеме арқылы
кіру арқылы жүзеге асырылады. Басқа ақпараттық-коммуникативтік
платформаларда дәрістер өткізуге жол беріледі. Алайда, мониторинг
жүргізу үшін оқытушы басқа ақпараттық-коммуникативтік платфор-
маларда сабақ өткізу туралы бейнежазбаларды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: