Цифровая дидактика indd



Pdf көрінісі
бет205/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

Бақылау сұрақтары
1. Дәріс дегеніміз не?
2. Дәрістің мақсаты мен міндеттері қандай?
3. Дәрістің түрлері мен атқаратын қызметін атаңыз.
4. Дәрістің функциялары қандай?
5. Онлайн дәрістің ерекшеліктерін атаңыз.
6. Офлайн дәрістің ерекшеліктерін атаңыз.
7. Дәрістің құрылымдық элементтері қандай?


353
6.4 Бейне дәрістер немесе асинхронды дәріс
Виртуалды білім беру ортасында оқытудың құнды құралы 
болып табылатын бейне дәрістердің маңызы артып келеді. Бұл білім 
алушының дәріске қатысу немесе кез-келген әрекетке қатысу туралы 
шындыққа жақын сезімін тудыратын бейне. Сонымен қатар, бейне 
дәрістер дәріс материалын жақсы меңгеруге ықпал етеді және білім 
алушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ынталандырады.
Оқушылардың санасына визуалды әсерді қолдану жаңа білім 
беру технологияларын жетілдіру мен дамыту болашаққа есік ашады. 
Бейне дәріс курстары дәстүрлі диалогтық ортаны немесе асинхронды 
оқыту дәрісін толығымен ауыстыру мақсатында жасалмайтындығын 
атап айту керек. Бейне дәрістер – бұл оқытудың құралдарының бірі 
және оны қолдану әр түрлі қабылдау типтері бар білім алушларға оқу 
ақпаратын тиімді игеруге мүмкіндік беретін көп сенсорлық білім беру 
ортасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқу үдерісіне бейне дәрісті енгізу білім алушылардың оқуын жаңа 
деңгейге көтеруге, жоғары білім беруде ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолданудың практикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге 
көмектеседі.
Бейне дәрістер асинхронды дәріске балама ретінде жасалады. 
Ақпаратты көрсету үшін компьютер ұсынатын құралдар дәстүрлі 
дәрістен де, кез-келген баспа басылымынан да асып түседі.
Жоғары мектептің оқу жұмысында бейне дәрісті қолдану 
тәжірибесі олардың оқу үдерісінің барлық қатысушыларына пайдалы 
болатындығын көрсетеді:
– егер сабақ әртүрлі себептермен өткізілмеген болса, сондай-ақ ке-
стеге бір уақытта бірнеше курстар енгізілсе, онда білім алушы-
лар үшін бейне дәрістер негізгі немесе қосымша оқу материал-
дары ретінде қызмет ете алады. Сонымен қатар, бейне дәрістер 
семестр бойы өткен материалды сессия алдында «білімді 
жаңалауға» мүмкіндік береді;
– профессор-оқытушылар құрамы үшін бейне-дәрістер архив 
ретінде қызмет етеді және курс аяқталғаннан кейін дәріскер кез 
келген уақытта материалды аз уақыт және басқа да шығындармен 
оқу немесе кәсіби мақсаттарда қайта пайдалана алады.
Бейне дәрістер курстың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ қағазға 
жеткізілмейтін ақпаратты ұсынудың авторлық стилін де көрсетеді. 


354
 
 

Сонымен қатар, бейне дәрістер оқытушыға, яғни ғылыми қауымдастық 
арасында кең танымал болуға мүмкіндік береді.
Бейне дәрістің міндеттері. Оқу үрдісіндегі функционалдық рөлі 
бойынша бейнематериалдарды шартты түрде келесі топтарға бөлуге 
болады:
– Кіріспе бейне-дәрістер. Олар әр тақырыптың теориялық бөлі-
гінің мәтіндік материалдарын алдын-ала қарастырады және 
жоғарғы назар аударуға тұратын тақырыптың негізгі бөлімдері 
көрсетілген теориялық және практикалық бөліктерінің негізгі 
ұстанымдарына қысқаша, бірақ мазмұнды жалпы шолу болып 
табылады.
– Тақырыптық бейне-дәрістерде тыңдаушы меңгеруі қажет 
тақырыптың негізгі оқу материалы бар.
– Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, әдетте, зерттеудің күрде-
лілігі жоғары тақырыптың өте маңызды сұрақтарына назар 
аударуға мүмкіндік береді.
– «Жағдайлар мен түсініктемелер» сюжеттері практикалық және 
нақты жағдайларды сипаттауға негізделген.
– Курстың презентациясы – жақында пайда болған жаңа нәрсені 
көпшілік алдында ұсыну.
Авторға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес материалды 
ұсыну нысаны таңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет