1.Көркем әдебиет
« Отан» Б.Ысқақов
Тақпақтар түсініп, есте сақтауға үйрету.Отан туралы тақпақ жаттату. Тақпақты көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету.
2.Дене шынықтыру
Орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып жүгіру. Допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру (2 м қашықтықтан).Қысқа секіртпемен секіру.
3.Қоршаған ортамен танысу
«Мен Қазақстанда тұрамын»
Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің өздеріне тән мәдениеті бар екені жайлы түсініктерін кеңейту.
|
1.Жаратылыстану
Табиғатта өзін ұстау ережелері.
Табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін сақтауға үйрету.
2.Музыка
Хормен ән айтуға үйрету. Би қимылдарын есте сақтау дағдыларын дамыту. Сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен алақандарды соғу біліктіліктерін жаттықтыру.
|