Серуен № 9 Аула сыпырушы еңбегін бақылау Көркем сөз: Қолына киіп қолғапты,
Ауланы ағай сыпырды.
Тазалап қарды мұздарды,
Бәрімізге ол жол ашты.
Мақал-мәтелдер: Еңбек түбі-береке, көптің түбі –мереке
Ер дәулеті – еңбек
Еріншектің ісі -екі
Еңбек: аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпыруға көмектесу.
Қимылды ойын:«Ақ серек көк серек» Жеке жұмыс: «Кім алысқа секіреді?» Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
Серуен № 10 Алаңдағы ағаштарды бақылау Сұрақтар: 1. Жапырақсыз ағаштарды қалай атаймыз?
2. Жапырақтар неге күзде түсіп қалады?
3. Ағаштар бір біріне немен ұқсас?
4. Ордың айырмашылығы қандай?
Дидактикалық ойын: «Сөзбен суреттеп айт» ағаштың түрін таны.
Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр» Еңбек: ағаштардың түбін қармен жабу.
Жеке жұмыс: шаңғымен жаттығулар жасау: екі аяқпен кезек-кезек оңға, солға.