Серуен № 7
Қар үстіндегі іздерді бақылау.
Көркем сөз:
Лебі мұздай ызғарлы
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түндер ұзарды,
Ұзақ күндер қысқарды (Н.Әлімқұлов)
Мәтел: Жем берсең құсқа қыста, сауабы тиер оның жазда.
Еңбек: құстар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу.
Қимылды ойын: «Қояндар мен қасқыр»
Жеке жұмыс: қарды аяқпен басып, лабиринтпен шығу жолын ойластыру.
|
Серуен № 8
Құстарды бақылау
Көркем сөз:
Мың торғай қамаса қораға,
Бір торғай тұрмайды...
Бір торғай тұрмайтын қораға
Мың торғай тұрмайды.
Жорамалдар:
Қарға ағаштың басына қонса – аяз болады.
Қарғалар ағаштың төменгі бұтақтарына қонса – жел көтеріледі.
Торғайлар ынтымақтасып шиқылдаса – ауа райы жылынады
Қимылды ойындар:«Ұядағы құстар»
Еңбек: жемсалғышты тазалау, оған шекілдеуік салынған шөлмекті аузымен төмен қаратып іліп қою.
|