Бақылау: Аспанды.
Мақсаты: Балалар назарын ашық, ашық сұр аспанға аударту, ол аспанды жиі бұлыңғыр, сұр бұлттар басып, жиі суық жаңбыр құятынын айту. Табиғаттың күзгі құбылыстары жайлы балалардың ұғымдарын кеңейту.
Көркем сөз: Тең, тең,тең киіз, Екі ортасы кең киіз. (Аспан, Жер)
Еңбек:Ойын аланың жинау.
Қ/ қ ойын: «Ұшақтар»
МГД қалыптастыру:Балалардың реттілікпен киімдерін шешуді, ықыласпен киімдерін бүктеп –жинап қоюды үйрету
«Ас дәмді болсын!»
Түскі ас.
|
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып, қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
|
«Тәтті ұйқы»
Ұйқы.
|
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
«Шалқан» ертегісін оқу
|
«Ұйқымызды ашайық»
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары.
|
Шынықтыру шарасы.
Әдемі ирек жолдармен,
Қоянша біз жүреміз.
Секіреміз, билейміз.
Аюға ұқсап қорбаңдап,
Қорбаң – қорбаң жүреміз.
Араға ұқсап ызылдап,
Гүлдерге біз қонамыз.
Гүлдің иісін аламыз,
Таза ауаны жұтамыз.
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі
Массаж жасау білеміз
|
«Алақай! Ойын!» Ойындар, дербес әрекет.
|
Д/ойын: «Сурет бойынша әңгіме құрастыру»
Шарты: Балаларға қыс мезгілі суреті тақтаға ілінеді сол бойынша әңгіме құрастыру..
|
Сюж/ойын:
«Менің қалам»;
Ірі құрылыс материалдарымен және конструкторлармен ойындар.
|
Д\ойын: «Қайсысы артық?»
Шарты: Тақтаға әр жыл мезгілінің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен артық киімді табу керек. Табылған артық киімдерді қай мезгілде киетінің сұрау.
|
Санамақ: 1 дегенім-бөрік, кисең бойға көрік
2 дегенім -етік, киер сәнді етіп
3 дегенім-ішік, теріден тігер пішіп
4 дегенім-тымақ, қыста кисең жылы-ақ
5 дегенім-байпақ, іші жылы тайпақ.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |