«Балықты ұста» Мақсаты: балаларға заттың түсін дұрыс ажыратып, атай білуге үйрету.
Балалардың үйге қайтуы 16.30-17.00
Ата –аналармен балалардың тазалығы жөнінде әңгімелесу
Ата-анаға балаларының балабақшадағы достарымен қарым –қатынасы туралы әңгімелесу.
Ата-аналарға сауалнама тарату. Психолог кеңесі (жеке балаларға)
Кеңес: Бала өміріндегі ертегінің маңызы.
Ата –аналарға: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру
Толтырған тәрбиеші : Кемербаева Т
ЦИКЛОГРАММА ІІІ апта (қазан 2021ж.) «Күншуақ» кіші тобы Өтпелі тақырып: «Менің отбасым» Тақырыпша: «Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік»
Күн тәртібі
Дүйсенбі 18.10.21
Сейсенбі 19.10.21
Сәрсенбі 20.10.21
Бейсенбі 21.10.21
Жұма 22.10.21
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу 8.00-8.40
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау.
Құрылыс ойындары: «Балабақша» құрастырып ойнау, тату ойнауға үйрету
Үстел- үсті ойыны: «Ойық ішіндегі заттарды орналастыру»
Жаттығу кешені қосымша тіркелген Мақсаты: Жалпы даму жаттығуларын дұрыс жасай отырып, баланың қимыл-қозғалысын шыңдау
Таңғы ас 8.55-9.10
Ойын- жаттығу «Таза қолдар». Балаларға ас ішуге көмектесу, қасықты дұрыс ұстауға дағдыландыру, ұқыпты ішуге тәрбиелеу. Астан кейін беті-қолын жуып, сүртінуге дағдыландыру, тазалыққа баулу
Ойындар, ҰОҚ дайындық
9.10-9.20
ҰОҚ өтілу барысына қажет құралдарды, көрнекіліктер дайындау. Шаттық шеңбер Шаттанамын, күлемін, Бақытты боп жүремін. Қатар тұрар шеңберде Досым көбін білемін
Мектепке дейінгі ұй-ым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет-тері 9.20-10.00
Денешынықтыру Тақырыбы: Біз доспыз. (Бекіту) Мақсаты: Допты (кішкене доптар) алып бір қолымен себетке салуды үйрету. Алаңның бір шеті мен екінші шетіне қол ұстасып жүгіруге дағдыландыру. ҰОҚ өтілу барысы: 1.Сәлемдесу. 2. Кіріспе Шеңбермен жүру. Педагогтың артынан жүру,жүгіру. Шеңберге тұру. Балаларға таяқшалар беру, бірінің соңынан бірін жүгіріп, шеңберге тұрғызу. 3.Жалпы даму жаттығулары. Таяқшамен -Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны екі шетінен ұстап, жоғарыға, оңға, солға қарай созылып керілу. әр керілген сайын «м-я-у» деп айту. (3-4 қайталау.) Б.қ .келу. - Аяқтары алшақ қойылған, таяқша төменде қолдарымен ұстау. Таяқшаны жоғарыға көтеріп созу, «кілем қағу» соғу қимылын жасау «тук-тук-тук»- деп айту. (3-4рет ) Б.қ .келу. - Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны кеуденің тұсында. Бүгілген оң аяқты көтеру, тізені таяқшаға тигізу. Арқаны түзу ұстау. Сол жақпен дәл солай қайталау. (3-4 рет ) Б.қ .келу - Таяқшаны айналып секіру және жүру. (10 сек) Б.қ. келу. Тыныс алу жаттығуы Араның дыбысын салу. -з-з-з 4.Негізгі қимыл қозғалыс жаттығулары. Допты (кішкене доптар) алып бір қолымен себетке лақтыру. 5.Қимылды ойын: «Күн мен түн» Қортынды. Балаларды мадақтау. Сурет салу Тақырыбы: «Ұзын, қысқа жолдар» Мақсаты: оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. ҰОҚ өтілу барысы: І. Шаттық шеңбері Е.Өтетілеуов Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға Ертемен ақ пейілмен «Қайырлы таң!» деймін мен ІІ. Ой қозғау Дидактикалық ойын: «Жолдан өтейік» Ұзын және қысқа жолдардан өту. Жолдан өткенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. -Ұзын жол қандай болды -Қысқа жол қандай болды. - Айырмашылығы неде? ІІ. Ой дамыту Жұмыс жасаудың әдіс – тәсілін көрсету, түсіндіру. Балалардың өз бетінше жұмысы Трафарет арқылы ұзын және қысқа жолды бояу. Дид ойын: «Түсі қандай?» Біздің көрме: «Суретер сыры» Қортынды. Қол ұзын ба, қысқа ма, Қол ұзын ба қысқа ма? Балаларды мадақтау.
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Мен тәртіпті баламын» (өлең) Өтебай Тұрманжанов Мақсаты: балаларды өлеңнің мазмұнын тыңдап, тәрбиеші айтқан дыбыстарды анық айтуға дағдыландыру.