Циклограмма



бет17/20
Дата31.05.2020
өлшемі86,43 Kb.
#71864
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Циклограмма-КАЗ-2017
8Топ Макта қыз кузгі, Циклограмма-КАЗ-2017
Қоршаған орта

Тақырыбы: Балабақша – біздің екінші

үйіміз.


Мақсаты:  1.Балабақшада еңбек ететін

адамдардың мамандықтарымен таныстыру медбике, аспаз.

2.Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінін

және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру.

3. Балабақшада еңбек ететін адамдардың  еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды

мейірімді болуға баулу.



Шаттық шеңбері.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жалпы адамдар кездескенде бір

– біріне амандық пен саулық тілейді, яғни амандасады, жағдайларын сұрайды.

- Сендердің үстелдерінде сиқырлы қорапшалар жатыр, оның

ішінде ақылды да алғыр балалар отыр .Кәне, бәріміз ашып қарайық,олар қандай

балалар екен?

Әр қобдишаның ішінде айна жатады.

- Кәне, балалар,айнаға қарап: «Біз әлемдегі ең жақсы

балалармыз», -деп айтайық.

Осылайша көңілімізді көтеріп, сабаққа кірісейік.

Таңғажайып сәт.

Біреу есік қағады. Педагог пошташыдан хатты алып,

алғысын білдіреді.

- Балалар, біздің атымызға торғайлардан хат келіпті,

оқып көрелік.

- Құрметті балалар! Біз торғайлармыз, сендердің

бақшаларыңның үстінен ұшып бара жатып сендердің көңілді екендеріңді көрдік.

«Біздің де осындай балабақшамыз болса ғой», - деп

мұнайып қалдық. Біз бақшаның не екендігін білмейміз.Сендерге қонаққа келсек,

бізге балабақша туралы айтып бересіңдер ме?

- Балалар, торғайларға балабақша туралы айтып береміз

бе?


Педагог екі торғайдың суретін көрсетіп, олардың

терезеден ұшып кіргенін айтады.

Педагог балабақша туралы өлең оқиды.

- Өлең не туралы?

 

- Балабақшаға кімдер барады?



 

- Балалар балабақшада не істейді?

 

- Балаларға кімдер қарайды?



Балабақша туралы әңгіме жүргізу.

Балабақша  -2-3

жастан мектеп жасына дейінгі баларды тәрбиелейтін орын. Балалар, балабақшада

сендерге кітап оқып беретін, сендермен күнде қыдыратын кім?

- Педагогке көмектесетін кім?

- Ол қалай көмектеседі?

- Жарайсыңдар, балалар! Бізге ормандағы аңдардың хат алып

келіпті. Кәне, хатқалтаны ашып көрейік.

- Балалар, торғайлар ақ қалпақ киіп, шөміш ұстаған

адамдарды көріп, енді олардың кім екенін білмей отыр көрнекілікті көрсетеді.

- Аспаз сендер үшін не істейді?

Торғай:


- Егер де балалардың біреу аурып қалса, не істейсіңдер?

 

- Егер де балалардың біреу аурып қалса, не істейсіңдер?



- Біздің балабақшамызда денсаулықты қадағалап отыратын

адам бар. Ол кім екен? Есімі қалай аталады?Ол қандай қызмет атқарады?

Билингвальды компонент: хатқалта – конверт, балабақша – детский сад,аспаз – повар,

дәрігер – врач.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет