1 тақырып Плазмолиз уақытына және оның пішініне анион және катиондардың әсер етуі. Өсімдіктің осмос потенциалы мен су потенциалын анықтайтын (Лилиенштерн) тәжірибе
Мақсаты:
- плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарымен танысу.
Жоспар:
1 Тұздардың аниондары мен катиондарының плазмолиз пішіні мен уақытына әсері.
2 Плазмолиз әдісімен клетка шырынының потенциалды осмостық қысымын анықтау.
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау
Өсімдік клеткасы осмостық қасиетке ие. Оны плазмолиз және деплазмолиз құбылыстары дәлелдейді. Клетка шырынынан гөрі концентрациясы жоғарылау келетін гипертоникалық ерітіндіге клетканы орналастырғанда, оның цитоплазмасы қабықшадан ажырап, ішке қарай жиырылады. Бұл құбылысты плазмолиз деп атаймыз. Плазмолиз клетканың бұрыштарынан басталып, бірте-бірте ұлғаяды, цитоплазманың беті кедір-бұдыр пішінге, ең соңында дөңгеленген шар тәрізді пішінге келеді. Плазмолиз пішінінің өзгеруі бірде тез, бірде баяу жүреді. Плазмолиз басталуынан оның ақырғы пішінге келу жылдамдығы плазмолиз уақыты деп аталады. Ол уақыт цитоплазманың қоюлығына байланысты, неғұрлым цитоплазма қою болса, соғұрлым плазмолиз уақыты ұзарады. Тұздың аниондары мен катиондары цитоплазмаға әр түрлі әсер етеді. әсерінің бір түрі цитоплазманың қоюлығын өзгерту арқылы байқалады.
Пияз қабықшасының сыртқы бетінен жұқа эпидермисті ажыратып алып, оны бір тамшы ерітіндіге салады. Препарат бетін шынымен жауып, оны микроскоп арқылы қарайды. Клетканы тұз ерітіндісіне салудан бастап, плазмолиз пішіндерінің өзгеруін, оған қажет уақыт мөлшерін белгілейді.
Түрлі тұз ерітінділерінде плазмолиз уақыты түрліше болады.
Алынған мәліметтерді мынадай кестеге жазылады.
Тәжірибе варианты
|
Тұз
|
Ерітінді концентрациясы, моль
|
Тканьді ерітіндіге салу мезгілі, плазмолиз басталуы
|
Дөңгелек плазмолиздің басталу мезгілі
|
Плазмолиз уақыты
|
1
2
3
|
Са(NО3)2
КNО3
КСNS
|
0,7
1,0
1,0
|
|
|
|
Алынған мәліметтер негізінде цитоплазма қоюлығына катиондар және аниондардың әсер етуі жөнінде қорытынды жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |