2 Өсімдіктің осмос потенциалы мен су потенциалын анықтайтын (Лилиенштерн) тәжірибе
Мақсаты:
Лилиенштерн әдісімен су потенциалын анықтауға үйрету;
өсімдіктерді суару үшін уақытын белгілеу үшін су потенциалының көрсеткіштерін пайдалану туралы нәтиже шығару.
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар
Сәбіздің немесе басқа өсімдіктің тамыр жемісі алынып, оның үстіңгі бөлімінен тығын бұрғысымен 2-3 см (тамыр жемістің ұзындығына
байланысты) жеріне дейін тесіп, ойылған жердің ұзын бойына қарай ұлпаларды ойып тастайды.
Скальпельмен ұлпаларды алу кезінде ойықтың төңірегіне зақым келмеуі тиіс.Тамыр жемістің түбін көлбей кесіп сумен жанасатын ұлпа беткейлері жаңартылады. Міне, осылай даярланған тамыр жеміс ұлпалар сумен қанығу үшін 30 минут суға салынып қойылады. Тамыр жемістегі ойыс беткейіне сәйкес келетін резина тығын таңдап алынып, тығын бұрғысымен тесіліп, оған ұзындығы 20-30 см шыны түтігі кигізіледі. Даярлықтың екінші түрі боялған қант ерітііндісінен жеміс шырынын (сироп) даярлау. Ол үшін концентрлі қант ерітіндісіне құрғақ шие жемісін салып қайнатады да, сорғыш қағаз арқылы сүзіп суытады. Осыдан соң тамыр жемісті судан алып, ойыс жеріндегі суды төгіп, оның орнына толтыра салқындаған жеміс шырыны құйылады. Ойыстың ауызы шыны түтігі бар тығын мен тығындалып, боялған шырынның шыны түтік бойында келіп тұрған жері белгіленеді. Осылай даярланған тамыр жеміс ішінде суы бар стаканға немесе басқа ыдысқа салып, құлап кетпеуі үшін темір штативке бекітіледі. Тәжірибенің қойылғанына жарты сағат өткеніне қарамастан шыны түтік бойымен ерітіндінің көтерілгені байқалады. Егер 1 метрлік шыны түтігі пайдаланғанда онда тәжірибені түн асырып қалдыруға болады. Ертеңіне шырын деңгейінің өте жоғары көтеріліп түтік ернеуінен төгіле бастағанын көруге болады. Шырын мөлшерінің артуының себебі, тамыр жемістің ұлпаларымен жанасқан жеміс шырыны клеткалардың суын сорып алады, ал ол клеткалар өзімен көршілес клеткалардан су сіңіріп осылайша судың қабылдануы ыдыс ішіндегі суға жетеді. Су және осмостық потенциалдардың артуы тамыр жеміске стақандағы судың үздіксіз сіңірілуі себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |