Ciмдiктер физиологиясы мен биотехнологиясы


Қажетті құрал - жабдықтар



бет5/36
Дата26.08.2020
өлшемі378,5 Kb.
#77027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
өсімдіктер физиологиясы

Қажетті құрал - жабдықтар: сахарозаның немесе ас тұзының молекулалық ерітінділері, өсімдік жапырақтары, кристалды метилен көгі, диаметрі 0,3 мм капилярлы шыны түтігі, ол болмағанжағдайда құрғақ жіңішке бидай сабағы, 8 пробирка, 8 кәрлен тигельдері, тығын бұрғылары, сәбіздің немесе басқа өсімдіктің тамыр жемісі, құрғақ қант, құрғақ шие жемісі,тығын бұрғысы, стақан, жіңішке шыны түтік, резина тығындар, спиртшамы, немесе электр плиткасы, кәрлен табақшасы, скальпель.

Әдебиет: 4, 21-22, 24-25 бет

Бақылау сұрақтары:

1 Қандай ерітінді гипотоникалық ерітінді деп аталады?

2 Гипотоникалық ерітінді қандай ерітінді?

3 Бұл тәжірибеден өсімдіктің топырақтан су қабылдауын қалай түсінуге болады?

4 Өсімдіктің тамыр қысымын қалай түсіндіресіздер, анықтамасын келтіріңіздер.

5 Плазмолизденген жасушаларды гипотоникалық ерітіндіге малғанда не болады?

6 Плазмолиз дегеніміз не?

7 Деплазмолиз қандай жағдайда өтеді?

8 Өлі жасушаларда плазмолиз өтеді ме?

2 тақырып Өсімдік клеткаларының су потенциалын ағыс (Шардаков) әдісі арқылы анықтау
Мақсаты:

- Шардаков әдісімен су потенциалын анықтауға үйрету.

- өсімдіктерді суару үшін уақытын белгілеу үшін су потенциалының көрсеткіштерін пайдалану туралы нәтиже шығару.

Жалпы түсінік

Бұл әдіс өсімдік кесінділерін сахароза немесе ас тұзының әр түрлі концентрациялы ерітінділерінде өңдегенде, ол ерітінділердің концентрациясының өзгеруіне негізделген. Ерітінділердің концентрациясының өзгеруі олардың меншікті салмағының өзгеруіне де байланысты. Бұндай жағдай концентрациясы белгілі ерітінділерде өсімдік кесінділерін өңдеу нәтижесінде ерітінді концентрацияларының алғашқы алғандағыдан қай бағытта өзгергендігін анықтау мүмкіншілігін тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет