Сульфонилмочевина препараттары (глибенкламид,
гликлазид, гликвидон, глипизид, глимепирид).
Сульфонилмочевина (СМ) препараттарының негізгі
механизмі инсулин бөлінуінің ынталандыруында
жатыр.
СМ
препараттары
ұиқы
безінің
β–
жасушаларына әсер етіп, жасуша мембранасының К–
АТФ-тәуелді
каналдарымен
баиланысып,
бөгеп
тастаиды. Нәтижесінде жасуша мембранасының
деполяризацияланып, Са2+ каналдары ашылады да,
жасуша ішіне Са2+ иондары аға бастаиды, ал бұл өз
кезегінде инсулиннің түиіршіктерден экзоцитозына
жол береді.
АТФ тәуелді К+ каналдары ұиқы безінен басқа тіндерде
бар екенін ұмытпау керек (миокард, біріңғаи салалы
бұлшық еттер, неирондар және эпителии жасушалары).
Сондықтан
СМ
препараттарының
маңызды
сипаттамасы, ол оның дәл ұиқы безіндегі β–
жасушаларда орналасқан рецепторлармен баиланысу
қабілеті. СМ препараттарының экстрапанкреатикалық
әсерлерінің сенімді дәлелі жоқ, және де бұл инсулин
бөліну стимуляциясы салдарынан глюкозаның улы
әсерінің төмендеуімен түсіндіріледі.
Әдетте СМ препаратарымен ем максимальды төмен
дозалардан басталып, қолаилы гликемия деңгеиіне
жету үшін келесі 5-7 күн ішінде бір рет жоғарылатады.
Анық глюкозатоксикалық уланудан зардап шегетін
науқастарда емді максимальды үлкен дозалармен
бастауға болады, және қандағы глюкоза төмендеи
бастағанда дозаны біртіндеп азаитуға болады.
СМ препараттарының жанама әсерлеріне артық салмақ
қосу, тері бөртпесі, қышыну, асқазан ішек жолдарының
бұзылыстары, қан құрамы өзгеруі, гипонатриемия,
гепатотоксикалылық жатады.
Тиазолидиндиондар (глитазондар).
Осы
препараттар
тобы
(Актос)
пероксин
пролефирациясымен
белсендірілетін
(PPAR),
рецепторлар денгеиінде әсер ететін, пероральды
қантты төмендететін агенттер класына жатады. Бұл
рецепторлар негізінен маи және бұлшық ет тінінде
орналасады. PPAR–γ активация тіндердің инсулинге
сезімталдығын протеиндерді кодтаитын, глюкоза мен
бос маи қышқылдарынын (БМҚ) метабозизміне жауап
беретін көптеген гендердің экспрессиясы арқылы
жоғарылатады. Нәтижесінде бауырдың, бұлшық
еттердің
және
маи
тінінің
инсулинге
деген
сезімталдығы жақсарады.
Тиазолидиндиондар (ТЗД) инсулинрезистенттілікті
глюкоза транспортерлердің (ГЛЮТ–1, ГЛЮТ–4) санын
жоғарылату, глюкозаның тіндермен утилизациясын
ұлғаиту, қандағы БМҚ және триглициридтер денгеиін
төмендету, бауырмен глюкоза синтезін төмендету, ісік
некрозы факторы төмендету, маи тінінің қаита құру
мен инсулиндік пептидтің күшеиту арқылы азаитады.
ТЗД 2 типті қан диабеті мен NYHA боиынша жүрек
жеткіліксіздігінін III–IV сатысы бар науқастарда, бауыр
трансаминазаларынын қалыптан 3 есе болғанда,
жүктілік және лактация кезінде қарсы көрсетілген.
Халықаралық зерртеулер глитазонның қолданылуы
гликемияны, сондаи-ақ гликирленген гемоглобин
денгеиін төмендеті екендігі статистикалық түрде
нақты көрсетті. Росглитазонның 4 және 8 мг дозасын
қолданғанда
аш
қарындағы,
сондаи-ақ
пострандиальды гликемиянын 0,9–2,1 ммоль/л және 2–
3 ммоль/л төмендеуі, ал гликирленген гемоглобиннің
0,33% және 0,6–0,7% деиін түсуі анықталды [8]. Бұдан
басқа ТЗД ем жүргізгенде жүрек жеткіліксіздігі
жағдаилары плацебо тобындағыдаи жиілікпен (‹1%),
инсулинтерапиямен комбинацияланғанда 1–3%
жиілікпен кездеседі, ал тек қана инсулинмен терапия
жүргізілгенде 1% жиілікпен кездеседі екендігі
көрсетілді [9].
Достарыңызбен бөлісу: |