Д. А. Ахментаева, Е. С. Караулов, Э. А


Инкретиномиметиктер (глюкагон тәрізді



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата25.05.2024
өлшемі0,7 Mb.
#202877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
КД 2 тип

Инкретиномиметиктер (глюкагон тәрізді 
полипептид–1 рецепторлар агонисті).
US FDA-мен бекітілген, 2 типті қантты диабетті емдеуге 
арналған алғашқы инкретиномиметикке эксенатид 
(BYETTA) жатады. Бұл препараттын әсер ету механизмі 
асқазан 
ішек 
жолдары 
гормондары 
– 
инкретиномиметиктердің 
негізгі 
биологиялық 
әсерімен тығыз баиланысты. Ас қабылдау асқазан ішек 
жолдарының асқазан сөлі мен панкреатикалық 
ферменттердің 
түзілуіне 
қатысатын 
көптеген 
гормондардың секрециясын ынталандырады, өт 
қабының жиырылуын және нутриенттердің сорылуын 
қамтамасыз етеді. 
Қазіргі уақытта глюкагон тәрізді полипептид (ГПП–1) 
кең танымал әрі жақсы зерттелген болып саналады. 
ГПП-1 
аш 
ішектің 
энтеро-эндокринді 
L–
жасушаларымен синтезделеді, ал оның АІЖ эндокринді 
жасушаларынан бөлінуін бірқатар жасушаішілік 
сигналдар, яғни протеин киназа А, протеин киназа С 
және кальции басқарады. Сан алуан экспериментальды 
жұмыстар ГПП-1 секрециясы нутриенттермен, сонымен 
қатар жүикелік және эндокринді сигналдармен 
бақыланатындығы дәлелденді. Kieffer T.Y., 1999, Drucker 
D.J., 1998, Massimo S.P., 1998 зерртеулерінде ГПП-1 астын 
құрамындағы глюкоза, маи қышқылдары және тағам 
талшықтарына жауап ретінде бөлінетіндігі көрсетілді. 
Гюкозаны пероральды қабылдануы ГПП-1 плазмадағы 
екі есе жоғарылауына әкелді, ал глюкозаны 
парэнтеральды енгізілуі болса минималды өзерістерді 


шақырды [Hermann C., 1995]. Қанаиналымдағы 
биологиялық активті ГПП–1 жартылаи өмір сүру 
уақыты 2 минуттан аспаиды. ГПП–1 осындаи қысқа 
жартылаи өмір сүру уақыты дипептидилпептидаза IV 
(ДПП–IV) ферментінің белсенділігімен баиланысты. 
Осылаиша, асқазан ішек жолдары гормондарының 
көмірсу алмасуында атқаратын рөлін ескере отырып 
екі 
жаңа 
препараттар 
тобы 
ұсынылды: 
инкретиномиметиктер және ДПП–IV ингибиторлары. 
Эксенатид әсерінен гюкозаға тәуелді инсулин 
секрециясы жүреді, глюкагон мен БМҚ секрециясы 
басылады, асқазан босалуы баяулап, ас тұтынуы азаяды 
[11-13]. 
Әртүрлі 
халықаралық 
зерттеулерде 
эксенатидтің әсерлері 2 типті қант диабетінің ауырлық 
деңгеиіне және ұзақтығына тәуелді емес екендігі 
дәлелденді [14,15]. Эксенатидтің бастапқы дозасы 5 мкг 
күніне 2 рет, астаңғы және кешкі асалдында 30-60 
минут бұрын қабылданады. Бұл препараттың негізгі 
жанама әсеріне 1–2 аптадан кеиін өтетін жеңіл немесе 
орташа дәрежедегі жүрек аинуы жатады.
Осылаиша бұл принципиальды жаңа топ препараттары 
2 типті қант диабеті емінде метформинге қосымша 
терапия ретінде, гликемия денгеиін тиімді басқару 
үшін тағаиындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет