Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет38/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#181048
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Қыз түгіл, қаны бірге өз бауырын Танымай қалғандай да болды Баян. Байланған белде сала садағына Қалшылдап қалды салып қолды Баян (Мағжан).
Осы жолдарда есімшенің сындық түрі де, көсемшенің амалдық мәнді түрі де қатарласа айтылған. Байланған, қалшылдап етістіктерінің мағыналық қатары бір мәнде жұмсалып тұрса, қалғандай есімше тұлғасы сындық мәнге ие болып тұр. Байланған өткен шақтық есімшенің таза қимылдық сипатын анықтаса, қалшылдап көсемшелі сөз — батырдың ішкі сезімінін сұрапыл қимыл-әрекетін көрсету мағынасында берілген. Кейде есімшені есім сөздер қызметінде түрлендіргенде, оның қимылдық мәні қатарласа баяндалып, оқиғаның қимылдық мезгілдік, мәнін толық айқындап көрсетеді. Оң-солға алдаспанды сілтегенде, Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан деген өлең жолдарындағы сілтегенде дегенмен бұрқыратқан бір мезгілдік қимылды нақтылап көрсетеді. Есімшенің осындай қызметі, яғни етістіктің ішінде айрықшаланатын белгісі поэтикада сан түрлі қимыл-стильдік тәсілді көркейту үшін жұмсалады екен.
Көсемше - етістіктің ең тиянақсыз категорияларының бірі. Оның сөйлемдегі негізгі қызметі мен мақсаты басқа бір етістік арқылы берілетін іс-әрекетті сындық-мезгілдік жағынан анықтау, оның болмау, болу, себеп-мақсаттарын білдіреді.
Етістіктің көсемше арқылы жасалған түрі күрделі қимылды білдіретін лексикалық бірліктер болғандықтан, тілдік табиғаты жағынан ерекшеленеді. Күрделі етістікті жасаушы көсемшелі тұлғалар өте ерте заманда тілдік құбылыс әрі әдеби тілдік нормадан берік орын тепкен көсемшелі қүрделі етістік поэтикалық тілде семантикалық әрі стилистикалық қызмет атқарады.
Поэтика әлемінде экспрессивтіліктің арқауы сөз болса, оның экспрессия тудыратын күші семантикасында, әрі прагматикасында, әр түрлі реңктер мен бояуларында. Көркем шығармада көсемше, көбінесе қимылдық амалдың болу, өту процесін беріп қана қоймайды, сонымен бірге эмоционалды экспрессивті қызметін ерекше айқындайды.
Эмоция сөзі “қоздыру, толқыту” деген сөздің мағынасын береді. Адамның эмоциясы әр түрлі жағымды әрі жағымсыз болады, сондықтан етістік стилистикалық бағалау категориясын көрсетуде маңызды роль атқарады.
Мәселен, Мағжанның көркем туындысында: Машайығы сүмпиіп молдалары мөлиіп, бере алмады бір жауап деген жолдарда сумпиіп,мөлиіп мүсәпірлікті танытады. Ал, қарлығашы қалбаңдап, жапалағы жалбаңдап, көрсетіпті көмегін деген жолдарда адам баласының “бейшаралық күйін” уытты тілмен көсемше арқылы көрсетіп отыр. Жүзіне қызық өң кіріп, Көзді тоқсан төңкеріп, Қолды жайып жіберіп, Бейне маймыл маймаңдап, Біресе бейне жайнаңдап, Біресе бейне түнеріп деген жолдарда 6 тармақ көсемшелі етістікке аяқталып тұр. Көсемшенің күрделі етістік түзетін қызметі болғанмен, өлең жолдарында олар өзінен кейін етістік тұруын қалайтын қасиеті болғанмен, өлеңнің ұйқастық, ырғактық мәніне созылыңқылық сипат береді, өлең шумағы оның жүгін көтере алмайды. Өлең тармақтарында көсемшелер сөйлемді өздері тиянақтап тұра алады, қимылдың әр түрлі сипатын таныту мақсатында экспрессивтілік танытады. Мысалы: Хан Аббасың бугжеңдеп, мойнын тығып мықшиып, жылти көзі сықсиып, сілекейі сорғалап, шықты жылжып жорғалап, шиқылдады шашалып, қиқылдады қақалып, құжырайып, құнтиып, тыңдап отыр жылтиып, қос құлағы ербиіп, қос танауы делдиіп, қанды жұтты қырылдап, тұнжырап, қынжылып, ханның көзі жыртиып, қабақ қарны бұлтиып, жендеттер тұр қақиып, ашулы көзі ақиып, арақ ішті қақалып, қол-аяғы маталып, ықылық атып қақалып, өз-өзінен ыржаңдап, едірейіп, қалқиып, тырбық бұты талтиып (Мағжан). Жоғарыдағы көсемше тұлғалы жағымсыз мағынадағы сөздер шығарманын өн бойында ұйқастық қызметі үшін емес, стильдік-экспрессивтік сипатымен ерекшеленеді. Бір шоғыр топ құрған өлең шумақтарында көсемшенің стилистикалық әсері өте белсенділік танытады.
Автор әр уақытта білдірмек ой мен таңдаған идеясын оқырманына жеткізу үшін сөз тандау ұстанымына көркемдік-эстетикалык қызметі күшті тілдік бірліктерді іріктеп алады. Жоғарыдағы шығарма тілінде көсемше жағымсыз мәндегі бағалау категориясының жүгін арқалап тұр.
Көркем әдебиет стилінде көсемше стильдік тұрғыдан бейтарап емес болғанмен, кейде автордың “меншігіне” айналып, өзгертіліп алынатын тұстары да ұшырасып отырады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет