Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет29/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#181048
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

1991 жылы желтоқсанның 10-ында Республика атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертіліп, сол жылғы жеттоқсанның 16-сында өз тәуелсіздігін жариялады (Анықтама сөздік).
Ресми стильде зат есім аккумлятивті қызметте ерекше көрінеді, оның басты мақсаты ақпаратты сақтау, жинақтау болып табылады. Ресми стильде зат есім – кісі есімдері, мекеме, лауазымдық, жер-су атаулары, сондай-ақ, жалпы есімдер қоғамдық, ресми, өндіріс-шарушылық, мәдени орталық атаулары ақпараттар қызметінде стильдік жүк арқалайды. Ресми стильде күрделі зат есімдер – өзінің мәтіндегі ресмилік атауыштық қызметінде көрінеді. Қысқарған күрделі сөздер құрамы да ресми стильде жүйелі орын алады, тілдің үндемеу тәсілінің ерекшелігін көрсетеді.
Ғылыми стильде зат есімдер хабарлама функциясын атқара отырып, тіршіліктің жанды- жансыз заттарын, құбылыстың атаулық мағыналарын, табиғаттың, адамның ортақ мәселелерін, дүниені тану, зерттеу нысандарын, яғни атаулық өмір, құбылыс, тіршілік, табиғат заңдылықтарын зерттеу нысанына айналдырады. Сондықтан зат есімдер терминдік сипатта ерекше көрінеді: ықтималдық теориясы, абстракция ұғымы, өріс заңы, қос мекенділер класы т.б.
Қоғамдық ғылымдар саласында жазылған ғылыми-публицистикалық стильде зат есімдер жалқы ұғымдардың бейнесі халық ұғымында әрдайым ассоциацияланып тұру үшін жиі қолданады, демек ұрпаққа прагматикалық тәрбиелік ықпал ету күшін көрсетеді. Отаршылық саясаттың қыл бұрауына түскен қазақ тілінің күрделі де қиын тағдыры турасында ХХ ғасыр басындағы қазақ көшін ілгері бастауышы зиялылар Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Ғұмар Қараш, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Әуезов, Смағүл Сәдуақасұлы, Телжан Шопанұлы, Мағжан Жұмабекұлы, Сәкен Сейфуллин тәрізді үздік ойлы санаткерлер дабыл қаққан, кісілік, қайраткерлік танытқан (Мемлекеттік тіл: бүгінгі мен болашағы).
Тіл-тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі – грамматикалық категория. Грамматикалық категориялардың әр түрлі өрісі кейде жалпылық әрі жалқылық мағынаға ие болады, олар әрі қарай іштей сараланып отырады. Қазақ тілінде көптік категориясы заттың көптік үғымымен байланысты морфологиялық жағынан көптік жалғау арқылы беріледі. Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы, морфологиялық тәсіл арқылы, синтаксистік тәсіл арқылы да жасалынады.
Көптік ұғымның бірден-бір грамматикалық көрсеткіші – көптік жалғау болғанмен, оның әр түрлі тәсілдер арқылы жасалуы семантикалық- стилистикалық мағынасының сан алуан қызметін қөрсетеді. Көптік жалғаудың грамматикалық қызметтімен байланысты стилистикалық ролі күшті екенін танытатын деректі мысалдарды ғалымдар нақты дәлелдеген. Зат есімнің жалғауларының да прагмастилистикалық қызметі мәтін мазмұнында маңызды орын алады.
Мен орманға барғанда, Неше түрлі гүл ұстап Қайтушы едім қолыма. Гүлдер түгіл бұл күнде, Шөп дағы жоқ маңымда (Мағжан). Осы өлең жолында гүл бір тармақта жекеше формада, екінші тармақта көптік жалғауымен келіп тұр. Бір қарағанда мұнда ешқандай өзгешелік жоқ сияқты болғанымен, стильдік өзгешелік бар екенін аңғаруға болады. Стильдік өзгешелік бірнеше мағынаға құралған көркем шығарманың грамматикалық құрылысындағы біркелкілік пен бірізділік сөз, сөйлем құрамында бір-бірімен қиысып жатса, олар өзара үйлесімділікке негізделеді. Кейде грамматикалық ауыртқулар болуы да тілдік заңдылыққа, яғни ол мағыналық өзгешелікке әкеледі. Жоғарыдағы өлең жолдарында бірінші гүл сөзінің жекеше тұлғасы көптік мағынаны да камтып тұр, ал екінші көптік – лар жалғауымен келген гүлдер интонацияға ұласып өкініш мағынасын аңғартқан. Сонда бірінші жекеше гүл көптік мағынаны ғана аңғартпайды, көңілді өмір мағынасын аңғартып тұрғанын байқауға болады. Егер соңғы гүлдердегі –дер көптік жалғауын алып тастасақ, өкініштің мағыналық салмағы жеңілдеп, ойға терендеу әсер етпейтіндігін де байқауға болады.
Қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, - тер зат есімге жалғанғанда сол сөздің тобы, жинағы ретінде жалпылама ұғымға әкеледі. Көптік қатегорияның негізгі қызметін саралау көркем шығарма тілінен де анық байқалады.
Мөлдіресіп көздер,Бір-біріне қарайды.Қысқа болды сөздері, Жылы у бойға тарайды. Жеті айда жоғалса да талай іздер, Есімнен неге шықсын соңғы сөздер. Күндіз-түні,жатсам-тұрсам көз алдымда, Улаған жүрегімді қара көздер (Мағжан). Қазақ тілінде сөз атаулының кез келгені жалпыланған жинақталған ұғымды білдіреді, біртектес көптеген заттарды жинақтап атап жалпылама ұғымның сипатын бергенімен кейде олар морфологиялық тәсіл арқылы да түрлене алады. Тілде із, сөз, көз сөздерді жеке тұрып та жалпылама ұғымның атауын бергенмен, автордың стилистикалық мәнерінде басқаша бояуға ие болып тұр.
Автордың өлең жолдарында көптік жалғауды қолдану себебі әр түрлі оқиға, құбылыстың стилистикалық міндетін ашуға жәрдемдеседі.
Біріншіден, деректі-дерексіз зат есімдердің көптігін ғана емес, көлемінің шексізділігін таныту мақсатында қолданылады; екіншіден, зат есімдерді уақыт пен қеністік ұғымының ұзақтығын меңзей отырып топтан санаға еркін ұғындыру үшін қолданған; үшіншіден, ұйқас пен ырғақтық мәнерді тең ұстау үшін, яғни, өлең өлшемін сақтау қажеттігінен қолданысқа түсіреді. Көптік жалғау (-лар) даралап, жекелеп санауға келмейтін, бір өзі көптік ұғымды айқындап тұратын сөздер тобы, бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалмайтын кейбір сөздерге қосылғанда олар өз мағынасында емес, ауыспалы мағынада стилистикалық әсер тудырады.
Сөздерді ауыстырып қолдану арқылы көп мағыналы сөздер тудырудың бір тәсілі – синекдоха. Синекдоханың басты белгісі – бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпының орнына жалқы немесе керісінше алмасып айтылады. Сөз мағынасы, әсіресе, ауыс мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі ұлттық сипаты басым болады. Жырдағы Улаған жүрегімді қара көздер деген өлең жолдарындағы көздер өздерінің тура мағыналарынан басқаша айтылып, бүтіннің бөлшегі ретінде адам, оның ішінде қыздар деген ұғымды білдіріп тұр. Астарлы мағынадағы бейнелі сөз адам сезімін сәулелендіріп, адам болмысының жан-дүниесін баурап алатындықтан, ол бейнелі сөз ретінде қолданылады. Осындағы синекдоха тілімен сөз мағынасын өзгерту амалдары көркем шығармада көп кездеседі. Көз сөзінің жеке қолданысында бірнеше мағына туып қалыптасқан, атап айтқанда туған, туысқан, ет жақын, тұқым, ұрпақ, жалпы көпшілік адамдар т.б. Ал көз сөзіне көптік жалғауы –лар қосылып, көздер сөзі өлең шумағының мағынасына үңілген сайын әр түрлі мағыналық қызметі байқалды. Өлеңнің соңғы шумағына зер салғанда улаған жүрегімді қара көздер қыздарды емес, автордың немесе лирикалық кейіпкерлердің көз алдынан кетпейтін жүрегін улаған қыздың көзі мағынасында алынған деп айтуға болады немесе көп қыздар бейнесінде алынған.
Зат есім барлық дискус пен мәтінде мәлеметтік, ақпараттық, деректілік мақсатта жұмсалып, эстетикалық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет