Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Сан есімнің статистикалық қызметі



бет32/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#181048
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Сан есімнің статистикалық қызметі
Сан есім - сөз таптарының ішінде стильдік мәні бейнелі көркемдік тәсілдің аумағында емес тура және нақты мағына беруде жиі қолданылады. Пифагордың “дүниені сан билейді” деген сөзі бар. Қазіргі уақытта сан есім нақты ғылымның нақты зерттеу нысаны бола отырып, ғылым мен техниканың даму барысында “цифр тілі” дүниеге келді,осыған байланысты қоғам өмірінде үлкен ақпараттық деректеменің негізгі көрсеткіші ретінде сөз таптарының ішінде сан есім нақты стильдік жүк атқара алады. Сан есімнің ресми стильде кең қолданылып, өзінің ресмилік сандық көрсеткішімен айрықша стилдік мәнге ие болады. Ғылыми стильде нақты деректемелік сандық категория ретінде ерекше стильдік мағынаға ие болу қасиетімен ерекшеленеді.
Сан есім “нақты” ғылым факторы сондықтан өзінің сан-салалы мүмкіндіктерін көрсете алады. Кез-келген заттың құбылыстың санының аумағын көлемін тіпті күшін өте нақты әрі дәл көрсету мақсатында сан есім пайдаланылады. Әсіресе, қоғамдық - әлеуметтік сапаның нақты көрсеткішін әлемдік деңгейдегі сапаның дәрежесімен салыстыру үшін үлкен маңызды “іс-әрекетімен” ерекше стильдік және прaгматикалық маңызға ие.
Сан есім әр уақытта өзінің симатикалық күшін тұрақты сақтайды, ауыспалы мағынаға өзінің стильдік қуатын жібермейді, сонымен қатар метафоралық мағынаға да жиі жұмсалмайды, яғни кейбір ауыспалы мағынаға ауысуға ерекше белсенділік танытпайды соған қарамастан өзінің нақты дәлелдік, сандық қасиетімен барлық стильде бірізділік пен стильдік тәртіптілік мәнерін түзуде сөз таптарының ішінде сан есім бірінші орын алады. Сондықтан сан есімнің экспрессивтілігі туралы мәселе “құрғақ”, “жансыз”, “сезімсіз’ күйде қалады деген пікір ұшқары ойдың жемісі деп айтуға болады.
Сан есімнің “экспрессивлігі” туралы мәселенің басын ашып алу керек. Сан есімнің эмоционалдық бояулары болуы мүмкін емес деу, сан есімнің сөз таптарының атына келтіретін қиянат екенін тағы айта кету керек. Ресми стильде сан есімдер өзінің экспрессивтілігін көрсетпестен бұрын “жай” ақпарат хабарлары арқылы да қоғамның сан - салалы қызметінің қарыштап даму, реттеу т.б қасиеттерін саралап нақтылап отырады.
Мәселен, публицистикалық стильде сан есім белгілі ситуативті және контекстегі мәтіндердің кейбір нақты мәліметтерін көрсету де ерекше сөйлеу экспрессиясының қайнар көзі болып табылады.
2 миллион адам қазақша жазып, оқи алады, 40 000 адам орыс мектебінде білім алуда. Республикада 500 мың адам тіс ауруымен ауырады. (“Хабар” телеарнасынан Мұхтар Шахановтың парламентте сөйлеген сөзі).
Сан есімдер бұқаралық ақпарат құралдарында қоғам өмірінің әр түрлі келеңсіз әлеуметтік мәселелерін анықтаушы қызметін көрсетуде басқа сөз таптарына қарағанда стильдік мәні жоғары. “Миллион кімге бұйырады” телеойынын әлемдегі 50 мемлекет ойнайды. Бұл сияқты хабарларда сан есімнің қызметі айрықша стилистикалық мәнге сай болады. Адамның білімін дүниетанымын білгірлігін кейде тіпті логикалық мықтылығын көрсететін реалды өмір шындығына нақты жауап беруге сан есімдер сұрыпталып алынады. Адресант пен адресат бір нәрсені ерекше ойына жұптап ұстап отырады, бұл - сан есімнің стильдік көрсеткіші.
Сан есімнің басқа сөз таптарынан бөлектеніп тұратын ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы, бұл қасиеті оның стильдік мәнінің тұрақтылығын тағы да айқындай түседі. Сан есімнің эмоционалдық - экспрессивтілігінің қуаты халықтың әдебі тілдік қорындағы тұрақты тіркестер құрамында келіп, функциональдық стильдердің әрқайсысында дүниетанымдық елтанымдық, символдық сияқты стильдік күш-қуатымен ерекше көзге түседі.
Есептік сан есімдердің ішінде лексика-семантикалық және грамматикалық жағынан бір сан есімнің қолданылуының стильдік ерекшелігі сан алуан.
Күнәсіз бәйбішемен болады араз, Жастың көңілі жылымас ол өзіне аз. Біреуі – көк балдырған, бірі – қурай, Бір жерге қосыла ма қыс пен жаз (Абай).
Сан есімнің ауыспалы мағынада метафоралық қолданыс аясында көріне алмауы да стильдік заңдылық тұрғысынан дұрыс. Сондықтан сан есімнің бойынан стильдік мағына немесе стильдік мән іздеу керек пе деген заңды сұрақ туады.Сан есімнің стилистикалық қызметі ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездескен бұл тәсіл кейін функциональдық стильдерде өз жалғасын тапты.
Ауыз әдебиеті үлгілерінде батырлық жырларда эпикалық сан есімдер жиі кездеседі. Алты қанат ақ орда, алты құлаш ақ найза, алты қарыс азулы алысқанмен арыстан батырдың сыртқы “дизайндық” көркінің моделі сандық жүйемен бейнеленген.
Сан есім басқа да сөз таптары сияқты эмоционалды - экспрессивті қызмет атқара отырып, стилистикалық мүмкіндіктерді жеткізуге күш алады. Мысалы, публицистикалық стильде сан есімдердің оқырманды, тыңдарманды толқыту әсер беру қызметі ерекше БАҚ жаңалықтарында Бүгін Алматы қаласында қылмыс тіркелді оның 70-і анықталды, 30 қылмыс ашылмай қалды деген хабар экспрессивтік қызмет атқарып тұр.
Сан есім қоғам өмірінің сан мен сапаға қатысты деректемелік анықтамалық маcштабын берудегі қызметіне еш сөз табы жете алмайды.Адам өмірінің “өмір” деп аталатын кеңістігінің әлеуметтік сырын көрсетуші категория ретінде ауыз әдебиетінде жалпыхалықтық тілде жиі қолданылған қайран жиырма бес, орда бұзған отыз жас, қылшылдаған қырық жас адамға берілген жастың уақыт мөлшеріндегі ерекшелігін анықтау сан есімнің үлесіне тиіп стильдік эмоция атқарады.


Екі ауылдың арасын қиқулатқан жиырма бес (Базар жырау). Келгенде оралыңда ойнақтап қал, келмейді қайта айналып бұл жиырма бес. Он бестен он алтыға бастың аяқ. Он жеті о да тұр ғой жақын таяп. Уа, шіркін қыздың күні он сегіз ғой. Жанымды қияр едім аямай – ақ (Ақан сері) деген өлең жолдарында адам өмірінің сәулет кезеңдерін суреттеуде автор сан есімге жүгінеді, стилистикалық өрнек ретінде пайдаланады.
Көркем әдебиет стилінің баска категорияларында сан есімдер кейде тек хабар беру үшін ғана қолданылады, экспрессивті қызмет атқармайды. Көркем мәтіннің контексінде әр сөз эстетикалық қызметке ие болғанмен кейде сан есімдер бейтарап күйде қалып қояды да, сан есімнің көркемдік мәні бірден ашыла да қоймайды. Сан есімнің экспрессия алуы әр уақытта бірдей емес екен. Мысалы: миллион ұтып алды, миллион ақша ұстап жүр деген сияқты сан есімдер біртіндеп көркемдік тәсілге айнала алады. Сан есімдер гиперболалық және литоталық тәсілде де көркемдік стильдік мәнге ие болады: бір тиынсыз отыр, миллионға көмілді деген сөйлемдерде сан есімдер сандық мәннің қарама-қарсы сипатын да көрсетеді.
Ең үлкен ұғым, концептінің мәлімет берудегі ерекше қызметін атқара отырып, белгілі дүниені “сан билейтін”, "санмен өлшенетін" өмір қағиладары барлық стильдерде сан есімнің қызметі арқылы стильдік мағынаға ие бола алады.
Қазіргі уақытта әлеумет статистикалық мәліметтерден ешуақытта бейтарап қала алмайды, мысалы Халық несиені қанша пайызбен ала алады, салық қанша пайызға өсіп отыр. Жалақының өсімі қанша, халықаралық биржада доллар қанша тұрады деген сияқты сөйлемдер санның мәліметтік сырының күшін көрсетеді. Қоғам өмірінің әлеуметтік тынысы тек сан арқылы ғана анықталып отырған уақытта оның стильдік қолдану өрісі ерекше көзге түсе алады. Бұл мәліметтер публицистикалық стильде ерекше стильдік тәсіл ретінде қолданылады екен. Қысқы олимпиадада кім қанша рекорд жасады деген сұрақтар көрерменді ешуақытта толғандырмай қоймайды, сандардың өсуі, төмен түсуі, бары мен жоқтығы адам өмірінің демеушісі ретінде де көріне алады.
Бұрынғы фольклорлық шығармаларда адам өмірінің “өмір” кеңістігінің танымдық болмысын көрсетсе, қазіргі заманда сан есімнің адам өмірінде алатын орны философиялық уәжімен ғана емес, жалпы адам өмірінің негізгі тұтқасы белгілі қажеттілік тұрғыдан стильдік сан-сапалық мән алып отыр.
Көркем әдебиет стилінде сан есімдер 2 түрлі қызмет атқарады. Біріншісі - мәлімет беру, екіншісі - экспрессивтік қызметі.Көркем әдебиет стилінде автор алғашқы деректерді пайдалану үшін, екіншіден, белгілі құжаттардан мысал келтіру үшін қолданысқа түсіреді.
Басында Үшқараның балғын едім.Көкорай сазға біткен шалғын едім.Екінің бірі болсам, арманым жоқ.Мен туған бір атадан жалғыз едім (Жаяу Мұса).
“Екінің бірі” - көптің бірі емес жалғыз дара жанның өзінің жеке тұлғасын таныту мақсатында сан есім экспрессивтік реңкте жұмсалынған.
Адам ғұмырының символдық мәнін көрсетуде сан есімдер жалпы халықтық тілдің бейнелі тіркестерінде “киелі сандармен” берілген символдық мәнге ие болған, сан есімдердің осындай қатарына 3, 7, 40 сандары жатады. Ол сандар адамның когнитивті санадағы ақиқат ғұмырнама моделі болса, қазіргі мәтіннің мазмұнына, мән-мақсатына орай сандар өмірдің деректі, сандық, статистикалық мәліметінің шындық көрінісін нақтылау үшін беріледі, кейбір стиль түрлерінде ерекше прагмастилистикалык мақсатта қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет