Қазақ тілі
|
Еліктеуіш сөздер
Оқушылар еліктеу сөздер туралы түсінік алады, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таниды, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұғынады.
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, ОүБ
Сабақтың көрнекілігі: флипчарттар, сағат, аспаптар,үлестірмелер, аудиотыңдалым
|
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақы пысықтау
4 мин
Көңілді қалпақ ойыны
Бағалау (Сигнал картасы)
|
Психологиялық ахуал
Жүрегіме жыр құйып көктен сарнап,
Мынау - менің құстарым жеткен самғап.
Қара жердің қайғысын сейілтеді,
Қанатынан күміс нұр көктем саулап.
Өзін-өзі бағалауды айтып кету. Балалар карточкаға өздерінің ұпай сандарын жазып отырады.
-Үйге не берілді? Үйге 4-жаттығу берілді.
Кәне, үй тапсырмасын тексерейік. Ол үшін Көңілді қалпақ ойынын ойнаймыз. Бұл қалпақты киген бала сұраққа жауап береді және келесі оқушыға береді.
Тапсырманы оқы. 2. 1 –ші сөйлемді оқып, одағайды ата. 3. 1. Мәссаған, кітаптың парша-паршасын шығардың ғой.
2. Жолдан баланы ал, ойбай, машина келеді. –Одағайды табады. –Сөздер сөйлемнің қай жерінде кездеді? Басында, ортасында, соңында кездеседі. 4. Жә, аптығыңды бас. Одағайды ата. 4. Пай! Пай! Пай ! Киелі неткен жер! Одағай сөздер сөйлем мүшесіне талдана ма? Тағы одағайлар қалай жасалады? Олар дефис арқылы жасалады. Қосарланып жасалды. 5. Одағайлардың басқа сөйлем мүшесінен айырмашылығы неде? Олардың толық мағынасы болмайды, сөйлем мүшесіне талданбайды.
(Балалар бір-бірін Сұрақ және Леп белгісі бойынша бағалайды.)
-Жақсы балалар, олай болса сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
-Бүгінгі сабағымыз басқа сабақтардан ерекше болмақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сабаққа белесенді қатысайық.
Дескриптор: үй тапсырмасын бекітуден оқушылар Одағайдың қандай сөз табы екенін біледі, басқа сөз таптарынан айырмашылығы неде екенін анықтайды. 2 ұпай
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
3 мин
Топтастыру стратегиясы
Аудио тыңдалым.
|
-Балалар, біз осыған дейін қандай сөз таптарын өтіп едік? Қандай сөз таптарын білесіңдер? –Оқушылар жауабын тыңдау. Жақсы, дұрыс айтасыңдар.
Сөз таптары
( Осы кезде дыбыстарды шығару)
Балалар, сендер табиғаттағы болып жатқан дыбыстарға құлақ салып көріңдерші. Әр түрлі дыбыстардың шыққанын етиміз.
- Құстардың шиқылдағаны., Сағаттың тық-тық еткені, Мылтықтың гүрсілдегені,Найзағайдың шатыр-шұтыр еткенін естиді. (оқушылар ойын тыңдау).
Табиғатта дыбыстар қалай дыбысталады екен? Әр түрлі
-Ендеше, балалар мұндай сөздерді біз «Еліктеуіш сөздер» деп атаймыз. Елікеуіш сөздер де сөз таптарының бірі.
-Ереже: еліктеуіш сөздер дегеніміз табиғаттағы құбылыстардың бір-біріне соқтығысуынан, қақтығысуынан, еліктеуден пайда болатын сөздер екен.
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Еліктеуіш сөздер» деп аталады.
-Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты - еліктеуіш сөздермен танысу. Басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын білу.
-Бүгінгі күнді, тақырыпты жазыңдар.
Поэзия минуты
«Жазғытұры ќалмайды ќыстың сызы,
Масатыдай ќұлпырар жердің жүзі. -Оқушылар жалғастырды
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.»
Әрі қарай оқушылар жалғастырады.
Өлең не жайлы? Қай ақынның өлеңі?
- Балалар, қазір қандай мезгіл?
-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады деп ойлайсыңдар?
-Көктемде күн жылынады. Ағаштар бүршік жарады. Құстар ұшып келеді. (оқушылардың жауабын тыңдау)
-Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыз көктем мезгілімен байланысты болмақ. Бізге алыстан құстар ұшып келіпті. Сол құстардың бүгін тапсырамысын орындаймыз. Сол құстарға тапсырмасын орындау арқылы біз оларға қамқорлық жасаймыз.
«Адасқан әріптер» ойынын ойнайық.- Мына сөздерді орнына қойсақ, бір құстың аты шығады.
«ҚҰАЗ» Ұзақ
-Балалар, қандай сөз шықты? –Ұзақ деген сөз шықты ? Дұрыс айтасыңдар. Ұзақ деген құстың аты шықты. Бұл қандай құс балалар? Ұзақ- көктемде алғаш ұшып келетін құс. Бұл құсты көктем жаршысы дейміз. Ұзақ үсті қара, басы бозғылт, қарға тұқымдас, кішкене жыл құсы. Ұзақты қарға деп те атайды.
-Ендеше, біздің орындайтын тапсырмамыз осы Ұзақтың тапсырмасы.
1 құс Ұзақтың тапсырмасын оқу. 2-жаттығу.
Сөйлемдерді оқып, еліктеуіш сөздерді теріп жаз.
(шатұр- шұтыр, күбір- күбір, кілт, гүрс,томпаң-томпаң, жалт- жұлт, арс-арс)
3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдату. Тақтаға
Аула сыртында машина кілт тоқтады. Сөйлем мүшесіне талдау.
Дескриптор: Оқушылар практикалық жұмыс барысында еліктеуіш сөздерді тауып, теріп жаза алады. 3 ұпай
|
Оқушылар аудио тыңдайды
Пікірлерін айтады.
|