Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Одағайлардың стилистикалық қызметі



бет41/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#181048
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Одағайлардың стилистикалық қызметі
Одағайларды сөз табы тұрғысынан алып қарастырсақ та,синтаксистік компоненттердің құрамында оқшау сөздер ретінде алсақ та,көркемдік қызметін зерттейтін стилистикалық тұрғыдан талдағанда да сөз таптарының ішінде ерекше орын алады.
Прагматика – таңба және қолданушы арасындағы қарым-қатынасты қарастыратын сала.Стилистикалық бояулы сөз-өрнек автордың прагматикалық мақсатын дәл беріп отырады.Одағай адресант пен адресант арасындағы көңіл-күйді білдіреді әрі олардың алуан түрлі психологиялық сәттерін мейлінше еркін жеткізеді.Зерттеушілер прагматика адамның қандай мақсатта сөйлеп тұрғанын қарастыруды негізгі нысана етіп алуына үлкен мән берген,ол сөз табынын ішінде одоғай арқылы толық өз мәніне жетеді.
Одағай сөздер адамның көңіл-күйін ,сезімін білдіреді,жеке тұрып лексикалық мағына бере алмаса да,олар саны жағынан өте мол,семантикалық-стилистикалық құбылуы ерекше сөздер қатарынан орын алады.
“Өмір ай , ой, аһ, уһ, фу, тву деген алты-ақ одағайдан тұрады” деп Бальзак айтқандай,одағайдың прагматикалық салмағы контекс пен ситуацияда жеке тұлғаның когнитивті шынайылығының нақты мәнін баяндап берді.Семантикалық реңкі мол болғандықтан,стилистикалық мән мен мазмұнға өте бай болып келеді.
Одағайлардың қолданылуы контекске әрі ситуацияға қатысты.Осыған байланысты олардың мағыналық-стильдік бағыты өзгеріп отырады.Айналадағы қоршаған зат пен құбылысқа қатысты адамдардың көңіл күйі контраст сезімге толы болып келеді.Олар жағымды және жағымсыз болып келеді,бірақ осылардың өзі де айтушының интоноциясына немесе мәтіндегі басқа тілдік бірліктермен тіркескенде әр түрлі мағыналық реңкке ие болады.Жағымды эмоцияның өзі іштей түрленіп отырады,сол сияқты жағымсыз эмоция адамның ішкі сезім дүниесіне әрі сыртқы құбылысты қабылдау,түйсіну әрекетіне көзқарас,ой-талғамына да қатысты іштей әр түрлі болып келеді:бірде стильдік өңі солғын,бірде бояуы тым қалың да болуы мүмкін.Одағай сияқты сөздердің жағымды несеме жағымсыз мәнде берілуі адресанттың белгілі мақсатқа құрылған ойының ақиқат шындығын ашады,керісінше қабылдаушыға әр түрлі ықпал әсер етеді,сондықтан көңіл-күйден шығып,көңілге әсер ететін сөздер ретінде прагматикасы даерекше астарлы әрі салмақты.
Одағай айтушының әрі қабылдаушының арасындағы прагмастилистикалық мәселенің барлық сөйленіс жағдайының түрлі сипатын бере алады.Сөйтіп,қабір басына барып ес жинайтын.
“Жалған-ай!” –дейтін күңіреніп (Р.Мұқанова).Одағайлардың ішінде таза жағымды эмоцияға құрылған сөздер де,мысалы:ура, алақай деген сияқтылары да кездесіп отырады,таза жағымсыз эмоцияға құрылған әттеген-ай,қап деген түрлері де кездеседі.Бірақ осы жағымды эмоцияны білдіретін сөздерден гөрі,жағымсыз эмоцияға құрылған одағайлардың семантикалық-стилистикалық мүмкіндіктері ауызекі сөйлеу стилінде ерекше прагматикалық мәнге ие бола алады.
Сөз таптарының ішінде адам эмоцияның өте нәзік қатпарларын беруде оның астарлы қатпарларын,стильдік мәнерін танытуда одағайлар ең қуатты эмоционалды-экспрессивтілік көркемдік дәрежесіне көтеріле алады.
Қазақ тіліндегі одағайларды зерттеген Ш.Сарыбаев эмоционалды одағайлардың 3 тобын көрсетеді,ал мәніне қарай 1)көңіл-күй одағайлары, 2)императивтік одағайлар, 3)тұрмыс-салт одағайлары деп те бөлінеді.Осындай одағайлардың мәніне қарай бөлінуі адамға қатысты одағайлар өзінің ішкі және сыртқы айтылуы,жазылуы мақсатына орай алуан түрлі стилистикалық сұранысқа ие бола алады.
Ауызекі және көркем әдебиет және көп болмаса да,публицистикалық стильде одағайлар жиі қолданып қана қоймай,прагмастилистикалық әрекет сезім,сезім әрекет,сезім әрекет ету,әсер ету сезім сияқты құбылыстардың барлық мүмкіндіктерін ерекше стильдік өрнекпен көрсете алады.
Басқа сөз таптарына қарағанда ресми және ғылыми стильде одағай кездеспейді,тіпті белгілі дәрежеде ешқандай үлес салмағы жоқ деуге болады.
Одағай ғылыми стильде өте сирек ұшырасады,себебі ғылыми стиль логикалық стиль тәсіліне байланысты жазылады .

Қазақ тілі грамматикасында одағайлардың мағыналық ерекшеліктерінің құбылмалығы әр түрлі екенін айтады,олар контексте бір ғана мәнде жұмсалса,кейбіреулерді көп мәнде жұмсалатыны да сөз болған.


- Е, бәсе, - деді Дүрия күле сөйлеп, - Бар өнеріңізді ішке сақтап жүріпсің- ау!
- Ә, оның ондайы бар, бір бұлқынса, мол бұлқынатын батырдың дәл өзі.
- Әп, бәрекелді, тусаң ту, менікі де сол суға кеткен тал қармайдының кебі ғой.Өзіңнен басқа сенерім қалмай барады.
- Әй,жігіт, - деп жекіді, -комессия мүшесіне қол көтергенің үшін сотталасың (О.Бөкей).
Жоғарыда келтірілген бірнеше мысалдардағы Е,бәсе одағайы көңілі сену жағдаяттарын көрсетуде стильдік өң алып тұр.Бір ғана бәсе одағайы контексте әр түрлі мағыналық стильдік мәнге ие бола алады.Сонымен бірге автордың адресатқа ықпал ету сияқты прагматикалық мақсаты әр түрлі екенін көз жеткізуге болады.Бірде мақұлдау,бір нәрсеге сену,көңілі толу, күдіктену, риза болу, кекесін, ой тастау, көңілі толу, жақтырмау т.б. бірліктермен оның стильдік тынысы ашыла түседі.Адам ойының, сезімінің көңілді, мамыражай сәттерін бейнелегенде жағымды эмоциямен берілсе, қатулы күйін танытарда жағымсыз эмоция әр түрлі мағыналық ренктермен айтылады.
Тфу одағайының стильдік мәнінен прагматикалық мәні ерекше болып келеді.

  • Тфу! Басшы болғаныңа! – дейді ол атты асты-үстіне қамшылып,

-Тфу, адам деген ойламаған жерден көрінсе береді екен ғой, - деді офицер
( Хамза Есенжанов).
Бірінші мәтіндегі тфу одағайы жек көру сияқты көңіл-күйді айтындап тұр.Жек көрудің астарында да толып жатқан прагматикалық бағыт жататын белгілі – ол жаратпаудан,көңілі толмау, қанағаттанбау, ұнаппау, риза болмау сияқты адамның ішкі сезімдерінің сыртқа шыққандығы сипатын таныта алады.
Екінші сөйлемдегі тфу одағайы контекске басқаша пригмантикалық мәнге ие болғанын көруге болады.Автордың қолданысында тақ қалу сияқты ”іс-әрекетін”көрсету үшін алынған. Ауызекі сөйлеу стиліндегі одағайлардың берілу мақсаты сөйлеушінің әлеуметтік дәрежесі мен адресаттың адасындағы дәрежесін айқындауға күш салады,сондықтан басқа сөз таптарына қарағанда одағайлардың пригматикалық салмағы стильдік өрнекпен тікелей толық сәйкес келіп отырады.
Одағайлар контекстке,сөйлеу ситуацияларында ойдың астарлы мағынасының ерекше прагматикасын беруде басқа сөз таптарынан өзгеше болып келеді.Оның басты себебі ауызекі сөйлеу стиль түріне жататындығына тікелей байланысты.
Ә одағайы – айтылу ситуациясына қарай көп мағыналы одағайлар.Мысалы: Ә одағайы көп мағыналы одағай, соның бір ғана “қостау”мағынасын беру.Ауызекі сөйлеу стилінде “қостау” интонациясы арқылы мағыналық – стильдік мәні ажыратылып отырады.Сондықтан одағайлар көркем әдебиет стилінде кейіпкерлер мен ауызекі қарым-қатынас тілінің бар саласында жиі қолданылып, эмоцияналады-стильдік мәнерінің қайнар көзі бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет