...Сонау бір үйірінен адасып қалған шынардың түбінде оның аты байлаулы тұратын. Ал өзі жап-жасыл арманы жаңа ойға батып, бергі жайлауға Біздерге көз салатын (О. Бөкей).
Көркем шығармада Неге сұрағының төңірегінде өрбіген ойлардың шексіздігіне Біздер де жауап бере алмайды. Өмірдің ситуацияларын суреттеуде ол мен анау, анау мен біздер қасқайып күресе алады,сондықтан суреткер оны иллюзиялық болмыс тұрғысында субъективті көрініс пен есімдіктер анау, олар деген тілдік бірлікпен ала отырып, белгілі синтаксистік конструкциялар құрамында экспрессивтілікті күшейту үшін де әруақытта жауабы жоқ, сұрағы көп өмір иллюзиясын түсіндіру мақсатында жұмсайды.
Адамның ішкі жан дүниесіндегі құндылық қасиеттері адалдық, тазалық болса, оған қарсы күресуші әрекеттердің жауабы неге? Біз олар - анау деген паралелль есімдіктер арқылы беріліп, автордың таным процесінің ашылу мүмкіндіктерін танытады.
Есімдіктердіңішінде жалпылау есімдіктері көркем әдебиет стилінде “анау" ретінде алынуы немесе контекст шеңберінде қолданылуының ерекшелігі мынада: есімдік көптеген сөз таптарының орнына қолданыла береді. Ол — яғни анау есімдігі ойлар мен адамдардың орнына қолданылады. Автор анау арқылы олардың кім екенін ашып айтпайды, себебі егер ол “ой” болса, “зымиян” болуы мүмкін. Ол адам болса да оны атағысы келмей анаусілтеу есімдігі арқылы береді, шынында да анау сияқтылар өмірде өте көп. Автор жағымсыз эмоциясын таныту мақсатында анау есімдігі арқылы стильдік орынды сөз мәнері ретінде алған.
Ал, поэзия тілінде ол — лирикалық кейіпкер, екі жанның ол мен белгісіз біреудің ортақ мүдделік мақсатын ашу сырын көрсету үшін ең көркем тілдік құрал ретінде пайдаланылады. Есімдіктер әр уакытта жағымды эмоцияға, әрі көтеріңкі пафосқа құрылған сөйлемдерде де кездесіп отырады, сондықтан есімдіктер контексте семантикалық әрі стильдік бірліктер түзе алады. Мысалы, көркем әдебиетте сізден сенгекөшу, ол - сол екеуі бірігіп сезімдік жақындықты көрсетеді. Кейде есімдік леп белгісімен келіп, айғақты көріністің ең әсерлі сәтін көрсету үшін айтылады.
Әне, көрінді! Сол! Өзі! (О. Бөкеев).
Кей есімдіктер бір ғасыр, бір ұрпақты біз есімдігімен топтастыру мақсатында айтады. Бұндай қолданыстар публицистикалық стильде көп қолданылады. Біз XX ғасыр ұрпағымыз! Біз - Ұлы Отан соғысының жылдарында дүниеге келген ұрпакпыз! Есімдіктер есім сөздердің орнына жүретіндіктен, көп жағдайда сол сөздердің нақты мағынасын алмастырып айтады. Бұл әсіресе қоғамдық-саяси пікірлерде ұнамсыз әрекет, қоғамдағы жағдай, саясат, әлеуметтік пікір әлеуметтік ортаға ұнамаған жағдайда соны әшкерелеу немесе халық таразысына салу үшін есімдіктермен береді.
Казақстандық ұлт деген әңгіме шыққалы бері қазақтар біраз дүрлігіп қалды. Енді бізге ұлттық Мен-нен біржолата айырып, тұтастай өзге ұлтқа айналуымыз қалды ма? (“Ана тілі”).
Сондықтан есімдіктер (белгісіз есімдіктерден басқалары) кейде үгіт насихат, пікір қоғамдық ойды сынау, қоғамдық көзқарастың қарама-қарсы мәнін айқындау үшін де журналистер бұл сөз табын орынды стильдік бірлік ретінде жұмсай алады. Ресми стильде біз есімдігі айқындауыш мүшенің алдында дараланып айтылады. Құрмет көрсету, өтіну, бағалау сияқты сыпайыгершілік сөздер біз, сіз есімдіктері ресми құжат мәтінінің сөйлеу ситуацияларына тән. Автор мәтіннің мазмұнында хабарлау және экспрессивті функция атқара алмайтын есімдіктерді сирек қолданады. Есімдіктердің сәтті таңдалған варианты ұтымды болғанмен, бұл сөз табын автор тарапынан ерекше көніл аударуды талап етеді, себебі кейбір сәтсіз алынған есімдіктер стилистикалық қателіктерге ұрындырады.