Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет41/54
Дата27.11.2023
өлшемі422,04 Kb.
#193722
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Көк алтынға көмілген, Ауаға алтын себілген, Алтын емес себілген, Жаздың шашы төгілген (Мағжан). Бұл өлең жолдарында сөйлем өткен шақтық есімшеге аяқталып отыр. Есімшенің грамматикалық сипаты да, әр түрлі семантикалық-стилистикалық өрісі өте кең категория болып табылады.
Есімше әрі етістікке тән, әрі есімшеге тән түрленетіндіктен, бірнеше грамматикалық тұлғаға ие болады, екі түрлі мән-мағына білдіреді, бірде қимылды, бірде сындық қасиетке де ие бола алады, сонымен қатар модальдық рай мен шақтық мағынаға қызмет етеді. Етістіктің есімше тұлғасы да поэтикалык стильдік қызмет атқарады.
Жоғарыда өлең жолдарында сөйлемдер 4 есімшеге аяқталып тұр, оның стильдік астарына анығырақ үңілсек, 3 есімше көмілген, себілген, төгілген әрі себілген есімше 2 рет қайталанады екен. Бұл өлең жолдарында есімше таза қимылдық мәнге ие болып, етістік қызметінде қолданылып тұр. Осындағы 3 қимыл мәнді есімше мезгілдік мәнді айқындап тұр. Бұл суретті беретін қимыл-әрекет етістіктің ауыспалы осы шақ, деп аталатын тұлғасымен, яғни әрдайым болып жататын қалыпты қимылды білдіретін бейтарап тұлғамен беріледі.
Есімше табиғатынан егістік категорияларының ерекше түріңе жатады. Өткен шақ есімшелі тіркестердің ресми стильде мағыналық қызметі мен стильдік арқауы “нақты пікірді” айқындап отырады. Есімше көркем әдебиeт стилінде, жоғарыдағы өлең жолдарында дерексіз есімшелі тұлғалармен келсе, ресми стильде нақты ойды дәлелдеу үшін стильдік мақсатпен айтылады. Мысалы: анықталған, дәлелденген, ұсынылған, көрсетілген деп сөйлемде зат, құбылыстың анықтамалық сипатын дәлелдеуде жіп пайдаланылып отырады.
Ғылыми стильде нақты ұғымды тиянақтап аяқтап отырады, баяндалған, зерттелінген, талданылған, дәлелденген бірақ өзіне экспрессиялық өн беретін қосымшаларды телуге пәрмені аз.
Ресми және ғылыми стильдерде етістік сөйлемді тиянақтайды, бірақ өзіне басқа эмотивті мағына білдіретін таңбаларды косып ала алмайды, себебі оның сыртқы (тілдік-стильдік) құрылымы бұзылады. Ол көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилінде, ара-тұра публицистикалық стильде, етістіктің стильдік қызметінде басқа сөз-таңбалар арқылы айқындалып тұрады. Мысалы: Әттең ай, бет мұздатар суықтың күшігі талап, жүйкесін кеміріп барады-ау; әйтпесе тырп етпей жүз жыл жатуға шыдар, шыдар... (О. Бөкей). Суықтың күшігі талап метафорасы етістіктің бейнелілігін айқындап тұр, барады-ау демеулік шылау арқылы бітпейтін әрекеттің жағымсыз эмоциясын айқындайды, шыдар, шыдар... адам жанының сірілік қасиетін көрсетеді, автор адам бойындағы алуан қасиет “шыдам, төзім, сабыр" сияқты қасиеттерді бағалау мәнін түсіндіру мақсатында әр түрлі бейнелілік танытатын стильдік белгілерді өзіне “қосақтап” алуға икемді сөзтабы екенін көрсетіп тұр.
Есімшенің зат есіммен немесе сын есіммен атрибуттық қатынастағы, сындық қатынастағы түрлері де көркем туындының бейнелі тіл элементтерін жасауға қызмет етеді. Мысалы, Мағжан өлеңдерінде етістікке қосымша жалғау арқылы мағыналық реңк үстеп қолдану жиі кездеседі.
Өткен күн ертегімен таласқандай.. Дуылдап қырдан жерге түйілгендей., Долданып дауыл құмды үйіргендей, Басылып біраздан соң сылқ-сылқ күлед, Дұшпанын мұқатқанын сүйсінгендей (Мағжан). Таласқандай, түйігендей, үйіргендей, сүйінгендей есімшелері есім мәнді қолданысқа түскенде етістікке тән шақтың мағынасы солғындайды да сындық ұқсастыру, салыстыру мағынасы күшейе түседі. Тіліміздегі есім сөздерге де есімше тұлғалы етістіктерге жасалатын сындық сипатқа тән қосымшаларды жалпыхалықтық тілдік қолданыс қызметінде поэтикалық өң мен бейнелілік қасиетке ие бола алатыны белгілі дай қосымшаның бейнелік қасиеті есімшемен тіркескенде ғана емес, есім сөздермен тіркескенде де тілдің сан алуан көркемдік қасиетін аша түседі, поэтикалық тіл шұрайлығына қызмет етеді. Автор есімшеге сын есімнің қосымшасын тіркестіріп, сөйлемді тиянақтау үшін қолданған. Көркем шығарма тілінде есімшелі тіркестеп жалпы халықтық қолданысқа ену мүмкіндігі артып, өзіндік бір стиль ерекшелігі ретінде танылады. Есімшемен қатарлас қолданылатын грамматикалық сипатымен ұксас көсемшеде екі түрлі мәнді білдіреді, екі түрлі қызмет атқарады. Көсемшенің қызметі қимылдың нақты сипатын беру емес, қимылдың әр түрлі сынын, амалын, белгісін білдіріп, грамматикалық жағынан (есімшеге қарағанда) түрленбейді. Осы екі тұлғаның, яғни есімше мен көсемшенің қатарласа келуі екі түрлі қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет