А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Тақырыбы: Дәулет Қасенов «Адалдық»
Пән мұғалімі: Ахметқалиева Жанна Тасқалиқызы
2014-2015 оқу жылы
Әдебиеттік оқу. 4-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Д. Қасенов «Адалдық»
Мақсаты: оқушыларға адалдық туралы түсінік беру; оның құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Білімділік: «Адалдық» мәтінінің мазмұнын түсіндіру; адами қарым - қатынастағы адалдықтың орны мен маңызы туралы түсіндіру; мәтіннің мазмұнын аша білуге, мазмұнын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың адалдықты дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, СТО технологиясының элементтері, көрініс қою
Көрнекілік: слайдтар, топтық тапсырмалар,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін-өзі тану
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Балалар - гүлім менің,
Балалар – күйім менің.
Балалар – нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің, - дей отырып, балалар мен сендерді өзіме қуат алатын шуақты күнге теңеймін. Мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.
Оқушылар: Кеудемдегі күн күлсін,
Бізге шуақ, нұр құйсын.
Мейірімді жан, өзіңмен,
Көңіліміз жайнап құлпырсын!
- Олай болса, осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Достық» өлеңін жатқа оқу
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Нағыз дос қандай болу керек?
Достар бір-біріне қандай жақсылық жасай алады?
Қандай достық туралы мақал-мәтелдер білесіңдер?
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
Пайда ойлама, ар ойла.
Ақ жүрек адам азбас-деген мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
1.Достар бір-біріне қандай болу керек?
2. Жалпы адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Адал болу кез - келген адамның қолынан келмейді? Неліктен?
4. Сен өзіңді адал жанмын деп айта аласың ба?
- «Адал» – деген сөздің өзі «таза» деген мағына береді. Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, шыншыл болғанда ғана әділдікке қол жеткізеді.
Адалдық - адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана - сезіміне, ар - ұжданына қайшы келмейтін, тарихи шындықпен ұштасып жататын іс - әрекеттер.
- Бүгін біз Дәулет Қасеновтің «Адалдық» деген әңгімесін оқимыз.
2. Мағынаны тану.
1. Автор туралы мәлімет беру.
Дәулет Қасенов (1937 - 1967)
Дәулет Қасенов Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды. 1961 жылы шыққан жас ақын – жазушылардың «Жасдәурен» жинағына кірді. Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдық пен арды ту етіп көтерген азамат.
«Аңсау», «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен ғашық едім», «Құмдағы мұнара».
Мәтінді түсіндіру (оқушылар көрініс арқылы көрсетеді)
2. Сөздік жұмысы.
(қарамен жазылған сөзге назар аудар)
Ертең аңысын аңдиық. Егер бермесе, алдағаны.
Бейсен мен Сәрсен дегбірсізденіп отыр.
Аңысын аңдиық – не болатынын күте тұрайық
Дегбірсіздену – шыдамсыздану
Ой қозғау.
- Балалар неге дауласты?
- Сәрсен мен Бейсен Дүйсенге неге сенімсіздік білдірді?
- Бейсен мен Сәрсеннің қуанған жерін оқулықтан тауып оқыңдар.
- Бейсен мен Сәрсен Дүйсенге рахметтен басқа не айтуы керек еді деп ойлайсың?
- Дүйсеннің орнында болсаң, сен не істер едің?
ҮІ. Сергіту сәті.
Сергіту жаттығуын орындау.
Топтық жұмыс.
1 - топ. Шығарманы талдау
2 - топ: Әңгімеге жоспар құру
1. Кітап арасындағы ақша
2. Балалардың дауы.
4. Сәрсен мен Бейсеннің ойы.
5. Дүйсеннің адалдығы.
3 - топ: Кейіпкерлерге мінездеме беру.
Ү. Теориялық мәлімет беру.
Оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма дейді. Ал оқиғасыз, көңіл күйге жазылған шығарманы (өлеңді) сюжетсіз шығарма дейді.
Мысалы, Оразақын Асқардың «Достық» өлеңі досқа деген сезімге толы болса(сюжетсіз), «Адалдық» мәтінінде үш баланың мектеп өміріндегі басынан өткен бір оқиға (сюжетті) әңгімеленеді.
- Семантикалық карта.
|
Сюжетті
|
Сюжетсіз
|
Н.Айтов «Ана тілім»
|
|
+
|
Б. Соқпақбаев «Шал мен бала»
|
+
|
|
Ә.Тәжібаев «Қыс ата»
|
|
+
|
Ф.Оңғарсынова «Оюлар»
|
|
+
|
Н. Сералиев «Терең су»
|
+
|
|
М. Қуанышбеков «Өкініш»
|
+
|
|
ҮІ. Үйге: Д.Қасенов «Адалдық». Әңгімені оқып, мазмұндау. Бір кейіпкерге хат жазу.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
- Бүгінгі сабақта не ұнады?
- Адалдық таза ниет, ақ көңіл, имандылық қасиеттен туындаған адам бойындағы асыл құндылықтар. Әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап оны адал ниетпен орындай алуының өзі мәдениеттілікті көрсетеді. Әрқашан әділ сөйлеп, шынайы пікір білдірген адам ғана адал бола алады. Адам қай нәрсеге болмасын адалдықпен қараса оның барлық істері сәтті аяқталады. Адам. бойында барлық жақсы қасиеттер, адамгершілік, кішіпейілдік, әлемнің татулығы бәрі де осы адалдықтан бастау алады. Сол бастау сендердің бойларыңда қаланды деп сенемін. Шынайы да тұрақты адал адам бола білейік!
Достарыңызбен бөлісу: |