1.3 Кіріспе Жалпы курсқа қысқаша сипаттама: Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы әлемдік тарих ғылымының бөлінбес бір бөлігі ретінде қаралып, Шығыстағы капиталистік қатынастардың негізгі генезисі және отарлаудың оған әсері, шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуал және мемлекетаралық қатынастарын талдау мақсаты қойылған.
Қазіргі заман кезеңінің қоғамдық-экономикалық және саяси дамуына және мемлекетаралық қатынастарға орасан зор ықпалын тигізген оқиғалар орын алды. Бұл кезеңде:
I д.ж. соғыстан кейінгі әлеументтік-экономикалық және саяси жағдайлары;
Шығыс елдерінің дүниежүзілік экономика мен халақаралақ қатынастардағы орны мен рөлі;
Шығыс елдерінің даму ерекшеліктерінің тарихы зерделенеді.
Қазіргі заман кезеңінің қоғамдық-экономикалық және саяси дамуына және мемлекетаралық қатынастарға орасан зор ықпалын тигізген – ХХ ғасырдағы І және ІІ д.ж. жойқын соғыстар. Осыдан кейін Азия және Африка елдерінде ұлттық-демократиялық, социалистік мемлекеттер, «қырғи қабақ соғыс» жылдарындағы саяси хал-ахуалдар, «бейтараптылық» саясатының тууы, оның ықпалы, отаршылдықтың жойылуы, т.б. қаралады.
Курс мақсаты:Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихының дүниежүзілік тарихтағы даму заңдылықтарын терең ұғыну, Азия және Африка елдерінің І дүниежүзілік соғыстан бастап ХХ ғ. аяғына дейінгі қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейін айқындау.
Курс міндеті:
ХҮІІ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. әлеуметтік-экономикалық прцестер мен қоғамдық қозғалыстарды зерттеу;
дамыған европалық мемлекеттердің отарлық иеліктерінің пайда болу мәселелерін қарастыру;