Пререквизиттер: Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі замандағы тарихын оқу үшін студенттер осы пән бойынша мектеп курсында оқытылатын тарихи білім жүйесін білуі тиіс.
Постреквизиттер:Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл курс студенттерге Шығыс елдерінің қоғамдық даму тарихынан, әлеуметтік-экономикалық және саяси ерекшеліктерінен, Империализмнің отаршылдық жүйесінің күйреуі, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, дүние жүзіндегі шиеленісті мәселелердің бірі – Таяу Шығыс мәселесі, КСРО-ның құлауы нәтижесінде пайда болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы туралы мол мағлұмат беруге бағытталған.