Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



бет3/3
Дата17.03.2017
өлшемі359,53 Kb.
#11657
1   2   3

4.1 Оқытушының талаптары


  • сабақ кестесі және график бойынша белгіленген сабақ түрлеріне үнемі қатысу;

  • аудиториялық сабақтарға кешікпеу;

  • оқу бағдарламасы және силлабус бойынша белгіленген тапсырмаларды

уақытында орындау және тапсыру;

  • сабақ кезінде ұялы телефонмен және студенттермен сөйлеспеу.


4.2 Бағалау критерийлері
Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)

мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.

Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:




Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған


Сабақтың барлық түрінен 100-балдық жүйе бойынша есептеледі. Ағымдағы бақылау арнайы графикке сәйкес жүргізіледі және оған сабққа қатысуы, конспектілер, тестілеу тапсырмаларын орындау, семинар сабақтарында ауызша жауап беру, топтық жіне жұптық жұмыстар орындау, реферат, эссе жазу және т.б. енеді. Аралық бақылау 8 және 15 апталарда жүргізіледі.

Қорытынды бақылау мемлекеттік емтихан түрінде жүргізіледі.



Қорытынды баға келесі жүйе бойынша есептеледі:

  • 40% емтихан нәтижесі бойынша;

  • 60% ағымдағы білім нәтижесі бойынша.


4.3 Аралық және қорытынды бақылауларға арналған материалдар
Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


  1. Тарих ғылымының пәні, әдістері мен принциптері. Қазақстан тарихын оқып-үйренудің маңызы.

  2. Қазақстан тас дәуірінде.

  3. Қазақстан қола дәуірінде. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

  4. Сақтар мен сарматтардың тайпалық одақтары.

  5. Үйсіндер мен қаңлылардың мемлекеттік бірлестіктері.

  6. Хұндар мемлекеті. «Халықтардығ ұлы көші»

  7. Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.

  8. Түргеш қағанаты. Оңтүстік Қазақстандағы араб шапқыншылығы және ислам дінінің тарала бастауы.

  9. Қарлұқ және оғыз мемлекеттері.

  10. Қарахандар мемлекеті.

  11. Қимақ мен кыпшақ мемлекеттері.

  12. Найман және кереит мемлекеттері.

  13. VI-XIII ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті. Ежелгі түрік жазуы. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари

  14. Қазақстан территориясын монғолдардың жаулап алуы және оның салдары.

  15. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы. Ақ Орда. Темірдің жорықтары.

  16. Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті).

  17. Ноғай ордасы.

  18. Моғолстан мемлекеті.

  19. Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары мен кезеңдері

  20. Қазақ жүздері, олардың этникалық құрамы және орналасуы. «Қазақ» этнонимі.

  21. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы. Керей мен Жәнібек сұлтандар – Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар.

  22. XV-XVIII ғ. басындағы қазақтардың шаруашылығы және мәдениеті.

  23. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы мен мемлекеттік құрылысы.

  24. Тәуке ханның әлеуметтік-саяси құқықтық реформалары. «Жеті Жарғы» заңдары.

  25. XV ғ. ортасы-XVII ғ. Қазақ хандығының сыртқы саясаты. Қазақ-орыс қарым-қатынастары.

  26. . Қазақ-жоңғар соғыстары (1635-1757 жж.): себептері, кезеңдері, сипаты, нәтижелері. Қазақ-жоңғар соғыстарындағы батырлар рөлі.

  27. XVIII ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы жағдайы.

  28. Кіші және Орта жүздердің Ресей құрамына енуі. Әбілқайыр хан.

  29. Абылай (Әбілмансұр) ханның XVIII ғ. екінші жартысындағы ішкі және сыртқы саясаты.

  30. Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Игельстром реформасы.

  31. Патша үкіметінің XIX ғ. 20-жж. реформалары:1822 ж. «Сібір қырғыздарының жарғысы».

  32. Патша үкіметінің XIX ғ. 20-жж. реформалары: 1824 ж. «Орынбор қырғыздарының жарғысы».

  33. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы: оның нәтижелері мен салдары.

  34. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі.

  35. Қазақ халқының Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысы.

  36. XIX ғ. 50-жылдарындағы Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған отаршылдыққа қарсы көтерілістер.

  37. XIX ғ. 60-90 жж. Қазақстандағы әкімшілік-территориялық және сот реформалары.

  38. XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы патша үкіметінің Қазақстандағы аграрлық және қоныс аудару саясаты: мақсаты, кезеңдері, салдары.

  39. XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  40. XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов.

  41. Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге ықпалы. Қазақ либералдық ұлт зиялыларының қызметі (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және басқалар).

  42. Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Қазақстандағы 1916 ж. Ұлт-азаттық қозғалыс: себептері, қозғаушы күштері, барысы, нәтижелері және оған баға беру.

  43. 1917 ж. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және оның Қазақстанға ықпалы. Саяси партиялар мен қозғалыстардың пайда болуы.

  44. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.

  45. Алаш автономиясын жариялау. Алаш-Орданың азамат соғысы жылдарындағы қызметі.

  46. 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда кеңес өкіметінің орнатылуы. Кеңес өкіметінің алғашқы іс-шаралары.

  47. Қазақстан территориясындағы азамат соғысы (1918-1920 жж.).

  48. «Әскери коммунизм» саясаты: мәні, әдістері және жүзеге асыру жолдары.

  49. Қырғыз (Қазақ)АКСР-інің құрылуы. Орта Азиядағы ұлттық-аумақтың межелеу. Қазақ АКСР-інің Қазақ КСР-і болып қайта құрылуы.

  50. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат: мақсаты, міндеттері, нәтижелері және ЖЭС-тен бас тартудың себептері.

  51. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты, оның ерекшеліктері мен нәтижелері.

  52. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: ерекшеліктері мен салдары.

  53. XX ғ. 20-жж. Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.

  54. XX ғ. 30 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Қазақстандағы саяси репрессиялар. Халықтарды Қазақстанға депортациялау.

  55. XX ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы сауатсыздықпен күрес, білім және ғылымның дамуы.

  56. XX ғ. 20-30 жж. Қазақстан әдебиеті мен өнері.

  57. Ұлы Отан соғысының басталуы және оның сипаты. Қазақстан фашизм жоспарларында. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.

  58. Республика экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру. Қазақстан – майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерліктері.

  59. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан білімі, ғылымы, мәдениеті.

  60. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1946-1953 жж.).

  61. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы (1946-1953 жж.).

  62. «Хрущев жылымығы» жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1953-1964 жж.).

  63. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1953-1964 жж.). Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.

  64. 1946-1970 жж. Қазақстан білімі, ғылымы, әдебиеті және өнерінің дамуы.

  65. 1965 ж. экономикалық реформалар: себебі, мәні, нәтижелері.

  66. XXғ. 70-80 жж. бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  67. XXғ. 70-80 жж. бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі және идеологиялық үдерістер.

  68. Д.А. Қонаев – мемлекеттік және саяси қайраткер.

  69. ХХ ғ. 70-80 жж. Қазақстан мәдениеті.

  70. Қазақстан «қайта құру» жылдарында (1985-1991 жж.). 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғалары және оған саяси баға беру.

  71. «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация». КСРО-ының ыдырауы және ТМД-ының құрылуы.

  72. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

  73. Қазақстан Республикасының 1993 ж.Конституциясы. 1995 ж. Жаңа Конституцияның қабылдануы

  74. Қазақстанның қазіргі заманғы қоғамдық-саяси дамуы. Партиялар мен бірлестіктер.

  75. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі: мақсаты, әдістері, нәтижелері.және ХХ ғ. 90-ж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  76. Қазіргі замандағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (XXI ғ. басы).

  77. Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы және сыртқы саясаты.

  78. ТМД аумағындағы интеграциялық үдерістер.

  79. Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.

  80. «Қазақстан-2030» Президент Жолдауы. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. «Әлеуметтік-экономикалық модернизация – Қазақстан дамуының басты бағыты» (2012 ж.)

  81. Қазіргі заманғы Қазақстанның мәдениеті (1991ж.- қазіргі күнге дейін).

5 НЕГІЗГІ ОҚУ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ




  • проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары;

  • оқу-зерттеу қызметі технологиялары;

  • коммуникативтік технологиялар (пікірталас, баспасөз конференциясы, батыл ми әрекеті, оқу дебаттары және басқа да белсенді нысандар мен әдістер);

  • кейстер әдісі (жағдайды талдау);

  • ойын технологиялары, бұл шеңбер аясында білім алушылар іскерлік, рөлдік, еліктеме ойындарына катысады;

  • ақпараттық-коммуникативтік (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.

6 КЕҢЕС БЕРУ УАҚЫТЫ




  • оқытушының жұмыс графигі бойынша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет