Дафния, циклоп, креветка, өзен шаяны, краб шаянының құрылысындағы ерекшеліктері. Орындаған: Турлықожа Нартай Илиясұлы


Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы Conchostraca



бет5/7
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#193796
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Турлықожа Н.И.

Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы Conchostraca
¥зындығы 30 мм-ге дейін, ұсақ шаянтәрізділер. Карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшағы түрінде дамыған. Бақалшақтың жақтауы жануар денесімен ІІ-ші максилла сегментінің аймағында жалғасады және тұйықтағыш бұлшықеттері де дәл осы жерде орналасқан. Антеннулалары қысқа, антенналалары ұзын, екі бұтақты. Кеудесі 10-32 сегментті, әрқайсысында екі бұтақты аяқтары бар. Құрсағы рудиментті, екі тырнақшаларымен аяқталады.
Conchostraca-ның 150-ге жуық түрі бар, көбінесе үсақ тұщы су, кеуіп бара жатқан су қоймаларында мекендейді. Нашар жүзеді, сондықтан шөгінділерде көміліп тіршілік етеді. Негізінен табиғатта аналықтары да, аталықтары да кездеседі, бірақ Limnadiidae тұқым-дасының барлық түрлерінде, мысалы Limnadia lacustris-тің тек пар-теногенетикалық аналықтары ғана белгілі. Жұмыртқалары аналығы-ның арқа жағында, бақалшақтың арасында орналасады, қалың қабықпен қапталынған, кеуіп кету мен тоңазуға төзімді.
Дара көзді дафния – тармақты мұртшалылар отряд тармағына жататын, көлдер мен тоғандарда секіріп қозғалатын мөлдір денелі ұсақ шаян.Теңіз суларында кездесетін түрлері де бар. Қозғалысына байланысты дафнияны «су бүргесі» деп те атайды, бірақ ол бүргеге жатпайды.
Биологиялық сипаттамасы
Оның дене тұрқы 1 мм-ден 5 мм-ге дейін жетеді. Микроскоппен анық көрінеді. Денесі екі жақтаулы хитинді сауытпен қапталған. Басы төмен қарай бағытталып созылған тұмсық тәрізді. Басында күрделі жалғыз көзі бар. Күрделі көз дейтін себебі басының екі жағындағы 2 көзінің бірігуінен пайда болған, оның алдыңғы жағында жетілмеген жай бір көзі бар. Мұртшалары 2 жұп, олар алдыңғы және артқы мұртшалар деп аталады. Алдыңғы жұп мұртшасы таяқша тәрізді қысқа, тұмсығының астыңғы жағына бекінеді. Артқы мұртшалары ұзын және екі айырылып тармақталған, әрі тармағында қауырсын тәрізді ұзын өскіндері болады. Отряд тармағының тармақты мұртшалылар (ветвистоусые) деп аталуы да осы белгісіне байланысты қойылған. Артқы мұртшалары қозғалу қызметін атқарады. Артқы жұп мұртшаларын серпу арқылы суда жүзгенде бүргеге ұқсас секірмелі қозғалыс жасайды. Басының астын ала жоғарғы ерін және жақпен көмкерілген аузы болады. Екі жақтаулы сауыттың ішінде 4-6 бунақты қысқа көкірек бөлімі орналасады. Аналық шаянның артқы жағында кең қуысы бар, оған жұмыртқаларын салады, сол жерде ұрпақтары дамып жетіледі. Көкірек аяқтары шаян қорек ететін суда қалқып жүрген майда бөлшектерді сүзу қызметін атқарады. Көкірек бөліміндегі 5 жұп аяқтарының үшінші және төртінші жұбы ғана жүзу қызметін атқарады.
Дафнияның қан плазмасындағы еріген гемоглобинге байланысты оның қанының түсі өзгеріп тұрады. Егер суда оттектің мөлшері аз болса, қан қызыл түске боялады, суда оттек көп болса, қан мөлдірлеу болады. Дафнияның қалта тәрізді жүрегі қанның қозғалуын қамтамасыз етеді. Дафнияның жүрегі өте жиі, 10 °С-та минутына 150 рет, 20 °С-та 500 рет соғады. Дафниялар түрлеріне байланысты судың бетінде, судың ортаңғы қабатында, түбінде тіршілік етеді. Дафниялардың негізгі қорегі бактериялар, бір жасушалы балдырлар, ұсақ органикалық қалдықтар. Қорек жеткілікті болса, дафниялар жазда ұрықтанбай-ақ көбейеді. Мұндай жұмыртқадан тек аналық дафниялар дамиды. Қорек аз болып, тоған суы кеуіп, қолайсыз жағдай болса, күзде жұмыртқалардан аталық пен аналық даралар (особь) шығады. Жұмыртқалардың саны бір түр дарасының ішінде де түрліше болады. Дафниялардың ішінде 50, 100 жұмыртқа салатындары кездеседі. Су түбінде тіршілік ететін түрлері 2 жұмыртқадан артық салмайды. Аталық шаяндар аналығынан әлдеқайда кішілеу болады. Қыстап шыққан жұмыртқалардан көктемде аналық шаяндар дамып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет