Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар?



бет18/28
Дата26.08.2017
өлшемі3,96 Mb.
#28198
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

«Ойлағаның, есіне алғаның қандай жақсы, - дедім мен ішімнен. - Ал мен сені сағат сайын ойлаймын ғой, Меңтай. Сен осыны білесің бе?

Теңіз тебіреніп, жағаға толассыз толкын лақтырғандай бір сәт гуды. Менің де теңіздей тербеліп сөйлегім, ішімдегі Меңтайға деген махаббат толқынын ағылта ақтарғым келді.

— Рақмет, Меңтай, - дедім тағы да екі сөздің басын әрең қосып. - Ойлағаныңа...

О, ғажап, теңіз тұрғай, титімдей бұлақ құрлы да қауқарымның жоғын аңғардым. Аузымды байқаусызда біреу желімдеп кетіп, соны күшпен әрең ашатын сияқтымын. Ашқанмен ар жағынан ақтарылар ештеңе жоқ, адасқан жалғыз қаздай қалбалақтап, анда-санда бір сөз зорға шығады. Бірақ сыртқа шығарып айта алмағанды іштей сарнауға шебермін ғой мен. Дегенмен, аузымды судан шыққан балықтай бостан-бос ашқаныма мәз боп, бірсыпыра асыл ойларымды ақтардым-ау деп жорамалдадым ішімнен.

Осы кезде ыңыранып, Никольск шіркеуі үн қатты. Мен шіркеудің өзін жек көрсем де, оның қоңырауының үнін ұнатушы едім. «Дың-дың» деп мыс қоңырау күңгірлей бастағанда істеп отырған шаруамды тастап, аяғына дейін тындай қалатынмын. Маған, әсіресе, ұзақ соғылатын, ұзаққа кететін осы түнгі қоңырау күңгірі аса бір сазды, қызық күйдей боп танылатын. Сол әдетім бойынша шүу дегенде мен тым-тырыс тыңдай қалдым да, коңырау бір-екі рет соғылғаннан кейін, оны тастай салып, дереу негізгі шаруама көштім. Осы қоңырау үнінің дүрмегімен басқа еш жанға естіртпей айтатын басты сөзімді Меңтайдың өзіне ғана тез ақтарып қалғым келді. Қоңырау соғылып бітіп қалмасын деп, шапшаң Меңтайды екі қолынан ұстай алдым да, екі алақанымның арасында «пыр» етіп ұшып кететін тірі торғай тұрғандай електеп, аузымды қыздың құлағына тақадым. - Меңтай, мен сені сүйемін! Шексіз сүйемін! - дедім біреу «тәйт!» десе, жылап жібергелі тұрған жас баладай кемсеңдеп. Қанща әсемдеп, әдемілеп айтам деп пәленбай уақыт ойланып, оқталып, жадымда жаттап журсем де мен Ментайға деген мәңгілік махаббатымды, арман-тілегімді, шексіз ықылас, қалтқысыз құрметімді, оны бар дүниеден өзгеше бағалайтынымды ауызбен айтып жеткізе алмадым. Көптен бері айтамын деп әзірлеп жүрген сездерім дәл қажетінде ауызға түспейтін бұлдыр, буалдыр бірдене болып кетті. Әшейінде тақылдақ тілім «болдырған жорғадай сенделектеп, сүрініп, тұтығып, тоқтап қалды. Енді сол ауыз жеткізбегенді лүпілдеген жүрек, дірілдеген дене, денедегі лыпыл каққан сансыз тамырлар қосыла айтып, Меңтайға асыға баяндап жатқандай болады. Меңтай енді солардың сөзін тындағандай, бар зейінін соларға аударғандай боп, жым-жырт, үнсіз отырып қалды. Осы үнсіздік кезінде саусақтарым терлеп, буын-буыным қалтырап кеткен маған кешедегі күнде міз бақпай, бақырайып тұратын электр шамдары өз-өзінен жыпықтай жөнелген сияқтанды. Екі жатақхана ортасынан сылдырап ағып жатқан арықтың суы да демін ішіне тартқандай, үнсіз қалды. Ағаш бұтақтарындағы соңғы жапырақтар да сыбдырын тоқтатып, сілтідей тынды. Бірақ өзіммен өзім әуре мен олардың неге өйткендеріне мән бермедім, менің басыма төнер не сұмдықты сезгендерін аңғар-мадым. Есілдертім Меңтайда болып, оны құшақтағым, құшқым келді. Алғашында иық тиістіріп отырған мен оның үндемегенінен дәмеленіп, оң қолымды босатып, қызды қаусы-ра құшақтап, өзіме қарай тарттым. Неге екенін білмеймін, Меңтай менің құшағымнан сытылып шығуға әрекет етпеді. Соған батылдандым ба, білмеймін, мен еңкейіп, оның діріл қаққан ыстық ерніне ернімді тигіздім. Ментай оған да қарсылық көрсетпеді. Осыдан кейін маған Меңтай мендік екен деген ой келді де, асыл арманыма шынымен қолым жеткені ме деп, көкіректе бұрқ-сарқ қайнаған қазандай тасыған қуаныштың ыстық буы көзімді шарпыды. Бірақ мұның бәрі Меңтайдың мені ескеруі ғана екенін келесі сәттерде бірақ білдім.

Ол менің сөзімді тыңдап болғаннан кейін төмен қарап, қоңыраудың соңғы соғылуы біткенше үнсіз отырды. Одан соң да ләм демеді. «Кей қыздар жігітпен кездескенде оған сүйетін, сүймейтінін бірден айтады. Бағзы біреулер өз ойын олай етіп жеткізе алмайды. Көпшілік қыздар ауызбен айтар сөзді іштей айтып, үнсіз баян етеді. Сырттай сөзі де, үні де мәлт етіп төгілген көз жасы ғана болады. Сол әр тамшы жаста әр алуан отты, ыстық сөздер мен жан күйдірген күйініш немесе жүрек жарған сүпініштер жатады. Ментай да маған деген сөзін іштей айтып отырған болар» деп малдандым мен.

Бірақ бетіне қарасам, Меңтай бір қызарып, бір бозарып отыр екен. Кейде дем ала алмай, кысылғанда сияқтанады. Оны керген-де мен Меңтай сырқаттанып калған екен деп сасқалақтадым.

— Немене, Меңтай, ауырып отырған жоқсың ба? - дедім көзім бакырайып. - Әлде менің жаңағы сөзіме ренжідін бе?

— Жоқ, ағай, - деп әлден уақытта Меңтай сәл басын көтерді. - Мен сіздің сөзіңізге емес, басқа нәреге қиналып отырмын.

Осылай деп Меңтай тоқтап қалды. Сәл бегелігі, одан соң әр сөзін үзіп-үзігі айтып, қайтадан сөйледі.

— Мен де сізді жақсы көремін, ағай. - Менің бұл сөзді құлағымның естігеніне, ол сөздің Меңтай аузынан шыққанына сенер-сенбесімді білмей, екі көзім жыпықтап кетті. Оған бұрынғыдан бетер жабыса түсіп, қолын қайтадан сипалай бердім. Меңтайдың «Мен де сізді жақсы көремін» деген бір ауыз сөзі мені Алатаудың етегінен ең төбесіне шырқатып бір-ақ шығарғандай болды. Меңтай сөзі тағы естілді. - Бірақ... - Осы кезде екеуміздің иығымыз ажырап, арамыз сәл ашылып кетті. Маған «бірақ» деген сол жалғыз сөз кенет жер жарылып, Ментай екеуміздін арамыздан түпсіз шыңырау шыға келгендей боп керінді. Сол шыңыраудың Меңтай бір жағында, мен бір жағында қалған сияқтандым. - Бірақ, мен басқа біреуге уәде беріп қойған едім. - Меңтайдың ендігі сөзі маған алыстан, шыңыраудың арғы жағасынан әрең естіліп тұрғандай болды. - Сіз Совет Одағының Батыры Мәлкен Ғабдуллаевты білесіз бе? Білсеңіз, менің ағайым Жүніс Ербосынов соғыста сол кісінің қарамағында қызмет етті. Оқ тиіп, ағайым келгенде қасында Тұмажан деген досы болған екен. Өлерінде жалғыз бауырым, жан ағатайым Жүйке мені аузына алыпты. «Менің қарындасымның суретін сан рет көрдің ғой. Тірі қалсаң, сен соған серік, сүйеу бол - өмірлік жар ет. Меңтайға менің өлер алдымдағы осы өсиеттілегімді жеткіз» депті Тұмажанға. Ауызша айтқан өсиетік хатқа түсіріп және беріпті, - деп Меңтай көкірек жара бір күрсініп қойды. - Соғыс біткеннен кейін жігіт еліне барып, елінен мені іздеп осында келіп, ағайымның қалай өлгенін баяндап берді. Ең соңында ағайымның өмірден өтерде аузынан шыққан ақтық сөзін - өсиетін жеткізді. Мен солқылдап көп жыладым. Көп уақытқа дейін өксігімді баса алмадым. Жігіт қасымнан кетпей отырып алды. «Мендік боламын деп маған уәдеңді бер», - деді. Жанымдай көретін жалғыз ағамның өсиеті солай болған соң және ел қорғап, соғыстан келген жіпттердің жақсы-жаманы жоқ шығар деп ойлап, «жарайды» дедім де, уәдемді бердім.

Меңтай терең бір дем алып,,сөзін аяқтауға кірісті.

— Бар мәнжай осы, ағай. Мен ол жігітгі сізден артық демеймін. Айта берсеңіз, қандай екенін де білмеймін. Ендігісін өзіңіз біліңіз. Тұмажанды таста, уәденді бұз дейсіз бе, оны өзіңіз айтыңыз. Мен сізге сенемін. Бұз десеңіз, бұзып-ақ кетейін, ағатай!..

Меңтай осылай деп айтарын айтып қалды да, бірақ бекер айттым-ау деп өкінгендей, тез тағы да сөйлеп кетті.

— Бірақ уәде бұзған адам она ма, ағай? Уәдеге беріктік - адамның асыл қасиеті болуы керек қой. Ендеше қайтып бұзамын мен ол уәдемді.

Енді Меңтай емес, мен қиын жағдайға қалдым. Ол ендігі билігін өзіңіз айтыңыз деген жаңағы соңғы сөзімен менің махаббатым мен адамгершілігімді сынға салғандай болды. Таразының бір басында мен, екінші басында Меңтай тұрған сияқтанды. Қай жағына ауарын білмей таразы дірілдеп, ұзақтұрып қалған іспеттенді. Бір кезде оның Меңтай жақ басы дір етіп қозғалып, бұлдырап кетті...

Төрт жыл бірге болған майдандас достарым есіме түсті. Ол кездегі бәріміздің бірінші арманымыз - жауды жеңу болса, екінші арманымыз - соғыстан соң бір-бір жақсы жар құшып, жарасты өмір кешу еді. Көп жолдастарым осы арманына жетпей, келіп кетті. Тұмажан да көкірегіне сондай арман тұтып, аман келген азамат шығар. Ендеше оның серттескен қызын бұзып алу солдаттың солдатқа жасаған қиянаты болар. Мұным адамшы-лықка жатпас, арсыздықпен шектесер деп бір ойладым. Жоқ, қыз мені жақсы көремін деп тұр ғой. Ендеше неге бөгелемін: бұз дейін уәдеңді, бұздырайын деп тағы қобалжыдым. Осы кезде баяғы танкпен жекпе-жек шайқасқанда өлген өз достарым көз алдыма келді. Олар бірінен соң бірі: «Жоқ, сержант, өйтпе. Азғырма солдаттың серттескен қызын» деп, бастарын шайқап тұрғандай боп көрінді. Наводчигім өзіммен өте сырлас еді. Сәлима күйеуге тиіп кетіп, мұңайып отырғанымда ол келіп арқамнан қағып: «Жан табылса - жар табылады, сержант. Уайымдама!» деп жұбатқан еді мені. Сол наводчигім ерекше мұңайып: «Жан табылса

жар табылады ғой, сержант. Сен тірі қалдың. Жаны кеудесіндегі кісінің жары жолында - алдында емес пе. Тағы ілгері жүр, ізде, табасың әлі. Бүркітбай сенің Сәлимаңды бұзып алғанда күйінгенің есіңде ме. Ендеше өзіңмен қарулас болып, жеңісті бірге шындаған солдаттың жанын жаралама, сержант. Өтінемін!» деп тұрғандай болды.

Біресе көзіме Заман елестеді. Маңдайына түскен қою шашын сілкіп тастап ол: «Әй, әй, мен сенен мұндай қиянат шығады деп ешқашан ойламаған едім» деп теріс айналған іспеттенді. «Жоқ, Заман, - дедім мен оған іштей үн қатып. - Мен қиянатқа қаспын Азғырсам - жігітке қиянат, ыстық уәдесін бұздырсам - қызға қиянат. Сенің досын қос қиянатты арқалай алмайды. Солдатты қадірлегендіктен, қызды сүйгендіктен өйте алмаймын мен».

— Жоқ, Ментай, олай болса... - дедім еріндерім дірілдеп, өн-бойым қалтырап, - мен саған сертінді_бұз дей алмаймын. -Алтыбақан тепкен екі адамның бірі төмендегенде екіншісінің шырқап жоғары көтерілетініндей, таразының Меңтай жақ басы биікке бір-ақ шықты. - Онда, буынсыз жерге пышақұрып, орынсыз қинағаныма ғапу ет...

Міне, осылай дедім. Бұлай дейтінім, тілі шабан, тілегі жүйрік ауыл баласымын ғой мен. Уәдеге берік, антка адалдықты жоғары бағалап, оның өзіме келтірер залал, зиянын пайымдап жатпастан өз үкімімді өзім шығардым сөйтіп. Әккілігі жоқ, аңғал, адал көңілдің, жүрегіме бала жасымнан ұйып, ұялаған арлылықтың сөзін айттым. Адалдық, тазалық, шыншылдық, туралық - емшек сүті, мектеп өнегесі, әскер тәрбиесімен бойға сіңген қасиетім ғой менің. Момын әке, жуас шешеден туып, көшпелі колхозды ауылдың баласы болған соң, осылай айтуым заңды да болатын. Өзімшілдігі жоқ бөп өскен жастың бірі болғандықтан ол түнде өзіме қас үкім шығарыппын мен. Әрине, мен мұныма өкініп тұрғаным жоқ бүгін. Егер жастық шағым қайта оралып, мен сол жағдайға жаңадан тап болсам, соз жоқ, сол шешімімді іркілместен тағы қайталаған болар едім қазір.

— Сіз ренжімеңіз, ағай, - деді біраздан соң. - Біздің курстағы қыздардың бәрі де сізді жақсы көреді. Олардың бірен-сараны болмаса, бәрі де жақсы қыздар. Әсіресе Майра кандай жігітке болса да адал жар, акпейіл дос, сенімді серік бола аларлык жан.

Сонымен мен Меңтайға бірінші рет ашық түрде сөз айттым. Ол қарсылығын осылай, қамқорлықпен, елжірей отырып білдірді. Меңтайдың қарсылығының өзі маған хош алғандай боп көрінді.

Ойын айтып болған соң ол он бойы қалтырап, сәл діріл қаққан тәрізденіп, орнынан тұрды. Енді кішкентай бөгелсе, өзін-өзі ұстап тұра алмастай көрді-ау деймін. Қолымды босатқысы да келмей, босатпай да тұра алмай, әлденеге күбіжіктеп, бөгелгендей болды. Сонсоң тез-тез басып, жатақханаға карай жонеле берді.

Қолды пышақ кесігі кеткенде адам оның ауырғанын бірден өілмейді. Сол сияқты, өзімді өзім аяусыз жаралағанымды мен де Меңтай жанымнан ұзай бастағанда бір-ақ білдім. Алдындағы бір тар қойды қақаған қатты қыс жұт болып жалмап, қотан шетінде таяғын ұстап жалғыз қалған сорлы шопандай күйде болдым мен.

Менің қолыма түсер деп дәмеленген бар байлық Меңтайдың махаббаты еді. Одан айырылып, әп-сәтте жұрдай боп, жұтадым да қалдым.

Өстіп ескі түрік қағанаты кезінен қалған тас мүсіндей, серейіп тұрдым-тұрдым да, ілбіп, үйге қарай аяндадым. Аяғыма батпан байланып қалғандай, әрең қозғаламын. Әр аттаған сайын жер басып келе жатқандай емес, қара жердің астына шым-шымдап батып бара жатқан сияқтанамын. Аттаған сайын: «Енді маған Меңтай жоқ, Ментай жоқ!» деп күбірлеймін өз-өзімнен.

Сол кезде Никольск шіркеуінің ыңырана, күрсіне шыққан үні келді құлағыма. Ол да маған: «Енді саған Меңтай жоқ! Жоқ! Жоқ!» деп тұрған сияқты болды. Шіркеу қоңырауы түнгі сағат он екіні жариялады - маған он екі рет «Жоқ! жоқ!» деп қақсады. Бағана ғана сазды музыкадай көрінген қоңырау үні енді маған дүниедегі ең сүйкімсіз, құлаққа түрпідей қадалған қаңғыр лақ дыбыстай боп танылды. Қоңырау күңгірі алыстап, талаурап барып үзіліп кетті де, дүние тым-тырыс бола қалды. Күңгірдің соңғы дірілімен бірге менің жүрегімдегі Меңтайға деген соңғы үміт қоса үзіліп кеткендей болды. Мен сүрініп, шайқалып кеттім, сол кезде өзімді шыңнан шыңырауға құлап бара жатқандай сезіндім де, жалма-жан жолдағы қарт теректі құшақтай алдым. Оған мұнымды шаққандай өкіріп, өксіп қоя бердім...

Ертеңінде мәңгіріп, дел-сал болып қалыппын. Әлдекім мені сойыл сілтеп, соққыға жығып, аяусыз жаулықпен естен тандыра ұрып кеткен сияқты да болады. Үлкен ұрысқа әзірленіп, түні бойы жәшік-жәшік снаряд тасып, таңертең шабуылға шығып, кешке жаудан жеңіліп, кейін шегінген сәтте де осындай боп өлердей бір шаршайтын шақ болатын еді. Сонда кез келген шұңқырға түсіп, жантайып жата қалғын келетін. Өлсем де осы жерден тұрмасам екен деп ойлайтынсың. Сондай күйге түстім де, түске дейін тесектен тұра алмай, тұралап жаттым. Махаббатка күйреу де сөғыста жасанған жаудан жеңілуден кем болмайтынын мен сонда білдім.

Студенттің бақырауық түйедей бажылдақ темір кереуетін қайта-қайта сықырлатып, бір жамбасымнан екінші жамбасым аунақши беремін. «әлі тиіп» жатқан қойдай тыпырлаймын. Бірақ маған «өлі» тиген жоқ, тірі тиген. Тірі болғанда мылтық кезеп, қылыш суырып, қырқыса кетер жау емес. Маған тиген - қарусыз қыз. Ол маған жау пиғылын, жат мінезін танытқан да жоқ. Күліп жүріп, күлімсіреп тұрып, ең ақырында көзінен бұрқ еткен ыстық жас шығарып, мені осындай күйге, аурудай халге ұшыратты. Мен соны ойлап, дөңбекшимін. «Не деген асыл жан еді!» деймін. Меңтайдың көз қызығып, көңіл сүйсініп, тамаша етерлік сырт тұлғасына ішкі адамгершілік парасаты қосылғанда адамды тебірентпей, тербелтпей қоймайтынын енді ғана білгендей болдым. Оған алғашқы көрген сәтімнен бастап, көп күндер бойы ғашық боп жүргенімнің де себебін сонда ғана аңғардым.

«Бұған баға жете ме? Жоқ, жетпейді!» деймін өзімнен өзім ойланып жатып. Сондай баға жетпес қыздан айырылып қалғаныма жүрегім сыздап, жарылып кетердей боп, екінші жамбасыма қайтадан аунаймын. Жұдырықтан орлы жүректіңез денемді тәсек үстінде олай бір, былай бір лақтыруға ғана әлі келеді. Сонысымен ол маған қарсылық білдіріп, наразылық айтып жатқан секілденеді. «Сен неге Меңтайға тек мені сүй, тек қана менімен бол демедің?» деп мені жазғырып, жазалап жатқанға және ұқсайды. Осы арада Меңтайға жазда, емтихан бітіп, отыз үшінші аудиторияда сауық өткізген кештің түнінде шығарған өлеңімнің бір шумағы еріксіз есіме түседі. Бәрі аз бағасына барлық санның, Тәжтағы, дүние, мүлкі патша, ханның - Меңтайды мәңгі құшып сүйе тұғын Бар екен не арманы Тұмажанның?!

Өлеңнің аяғындағы «жігіт жанның» деген сөзді «Тұмажанның» деп қалай өзгерткенімді өзім де аңғармай қалдым. «Жоқ, енді Меңтайға өлең шығармаймын» - дедім ішімнен өзіме-өзім ант еткендей. Меңтайға ешбір өлеңнің керегі жоқ. Меңтайға керексіз дүние - маған да керексіз. Жоқ, енді мен Меңтайды көруге де құмартпаймын. Енді мен оны ешқашан да ойламаймын.

Бірақ ғашықтың ойы басқа да, ісі басқа болады екен. Ғашық көрмеймін, бармаймын десе, өзінің қалай барып, қалай кездескенін де білмей қалады екен ол.

Сол, мен үшін қайғылы түннен кейін Меңтайды ертеңінде кешке, театрда кездестірдім тағы да. Бір-екі минуттай ғана қасынла тұрдым. Содан кейін мен оны, расында да, бірнеше күннен соң бір-ақ көрдім. Бәлкім бір аптадан кейін де болар шамасы.

Түнде. Жомартбек, Пернеш, Төлеубек үшеуі шырт ұйқыда жатқан сағат бірдің мөлшерінде, жатар алдында азғана ауа жұтбақ боп, аулаға шықтым. Ауладағы Меңтай екеуміз ажырасқан орындыққа еріксіз көз салдым. Осындай оңашада анада Меңтай отырған жерге барып отырғым келді. Неге екенін білмеймін, ол отырған орындықтың тақтайын алақаныммен бір сипасам деп ойладым. Бәлкім, онда Меңтайдын жұп-жұмсақ қолдарын қайта-қайта сипағаным еміс-еміс есіме келген болар. Ол сәтте орындықтың қатты тақтайы қыз қолы емес екенін ескермеген де шығармын.

Қарасам, оңаша орындықта, айнала құлаққа ұрған танадай жым-жырт тыныштықта бұйығып біреу отыр. Жақындап келсем, Меңтай екен. Жағын таянып, шынтағын тізесіне тіреп, төмен қарап қалыпты. Менің тықырымды да сезбегендей, селт ететін емес.

Жүрегім кеудемді ұрғылап, тағы да дүрсілдеп қоя берді. «Жүрсенші, жүгірсеңші. Тұмажанды таста, мені сүй деп, жалынсаңшы Меңтайға. Аяғына жығылсаңшы жылдам!» деп тағы да зарлап, жылап жіберген іспеттенді.

«Енді Меңтайдың жанына жақындамаспын, оған ешқашан бір ауыз тіл қатпаспын» деген антымды мен біржола ұмыттым. Жел қуған қаңбақтай домалап, жанына жетіп барғанымды өзім де аңғармай қалдым.

— Сәлеметпісің, Меңтай. Жеті түнде неге жалғыз отырсың? Бір жерің ауырып отырған жоқ па, жабырқаусың ғой өзің, - дедім оған бірнеше сөзді бір-ақ лақ өткізіп.

Бірнеше күн кездеспегендіктен бе, ол маған шынында да ауырып, жүдеп қалғандай боп көрінді.

— Жоқ, қазір саумын ғой, - деді Меңтай жауап сәлемін айтқан соң. - Жай, басым ауырған соң далаға шығып едім.

— Бірсыпырадан бері қайда болдың?

— Ауырып, үйде жаттым.

— Не дейсін, қыздар маған айтпады ғой.

— Мен қыздарға айтпаңдар, ағай босқа мазасызданбасын дегенмін. Отырыңыз.

«Мазасызданады деп менің қамымды ойласа, онда әлі менен безбегені ғой. Кет әрі емес болғаны ғой» деп ойладым мен қуана бастап. «Мүмкін Меңтай менің әнеукүнгі өтінішімді қабылдаған шығар. Сонда «мен де сізді жақсы көремін» деп еді ғой. Бәлкім сол жақсы көргені жеңген шығар. Он күн ойлап, менің тілегімді қабылдауға бел байлап, бүгін мені әдейі күтіп отырған болар».

— Меңтай, - дедім мен оның қасына отырғаннан кейін әнеукүнгідей оның қолдарын қос қолымның арасына алып. - Мен... мен... мен...

— Иә, сіз, - деді Меңтай қоңыр үнмен.

— Өткен жолы сен: «Тұмажанды таста деңізші. Уәденді бұз деңізші. Сіз солай десеңіз, мен бұзып-ақ кетейін» деп едің ғой. Мен солай дегелі келдім саған. Сөйтші, Меңтай. Мен сені жанымдай жақсы көремін!...

— Жоқ, ағай, кеш қалдыңыз, - деді Меңтай қапалы үнмен.

— Неге кеш, неге? - деп мен оны өткен жолғыдай етіп, тағы да құшақтай бастадым.

— Жоқ, жоқ, енді болмайды, ағай, - деп Меңтай құшақтатқысы келмей, бойын аулақтата берді.

— Неге болмайды, - дедім мен оны бассалып құшактағаныма әрі қысылып, әрі оның өткен жолы емес, дәл бұл жолы бұлқынғанына таңданып.

— Өйткені болары болып, бояуы болып қалды, - деді ол менен сәл алысырақсырғып барып, төмен қарап отырып, соншама бір солғын, бәсең үнмен. - Бәріне өзіңіз кінәлісіз...

Осылай деп солқылдап жылап жіберді. Орамалын алып, бір қолымен бетін басып, өксіп отырып қалды.

Мен не істерімді, не дерімді білмедім. Бар болғаны қыздың жанына жақындап, оның бос екінші қолын екі алақаныммен қайта-қайта сипай бердім. Оған да тағат қылмай, шашын сипадым. Біраздан соң ол өксігін басып, қайтадан сөйледі.

— Әнеукүні сіз театрға Тұмажанды ертіп әкелдіңіз. Сізбен екеуміз осы арада отырып сөйлесетін түннің ертеңінде. Мен сол күні одан қашып, оны көрмейін, көрінбейін деп театрға кетіп едім. Оның бұл мейрамда қалайда келетінін білгенмін... Сіз театрда бізді табыстырып, кетіп қалдыңыз... Содан ол үш күн жатты... Мені босатпады, - деді қыз тағы да солқылдай жылап. - Содан соң бітті, бәрі бітті...

XVI-XVII


Ол күні мен төсекте езіліп күні бойы жатып, кешке таман жатақханадан сыртқа шыққамын. Шықсам, аулада, кешегі Меңтай екеуміз қоштасқан орындықтың үстінде бірсыпыра таныс студенттер карта ойнап отыр екен. Солардың қасына бардым. Күн жексенбі және мейрамға бір-екі-ақ күн қалғандықтан ба, әйтеуір студенттер көңілді екен. Мені көре сала олар орталарына шақырды.

— Кел, кел, Ербол, - деді Төлеубек, - қарта ойнаймыз. Күні бойы ұйықтап, басың күп боп ісіп кеткен шығар сенің. Мен басымды шайқадым.

— Неге, ойнамайсың ба?

— Ойнай білмеймін.

— Ең аяғы бес картаны да білмеймісің?

— Иә.


Төлеубек қарқылдап кеп күлді.

— Карта білмейсің, темекі тартпайсың, арақ ішпейсің. Сонда сен не білесің осы?

— Төке, Төке, ол сабақ оқуды ғана біледі, - деді Жомартбек. - Жүріңіз, кәне, кезек сіздікі.

Жігіттер мені жайыма тастап, құлаштай соғып, картаны өздері ойнай берді.

Осы кезде жатақхана қақпасынан елбелектеп, бірі сақа, бірі жастау - екі жігі кіріп келе жатты. Сақасы едірендеп алға шығып, біздің қасымызға тоқтай қалды да:

— Жігіттер, амансындар ма? - деді.

Карта ойнап отырғандар оған оншама мән бере қойған жоқ. «Аманбыз» дей салды да, отыра берді. Едірендеген жігіт маған көз тоқтатты да, үстімдегі гимнастеркамды көріп:

— Әй, сен өзің солдат болып па едің, әлде солдат көйлегін киіп отырсың ба? - деді нақ бір мені тексеруге келгендей бірден тергей жөнеліп.

Мен оның бетіне қарадым. Дауысы шіңкілдек, мінезі ажар-лау, қаймыжықтай жұқа ерінді, бітік кездеу келген талдырмаш сары жігіт екен. Жаңа өсіп келе жатқан, тікендей тікірейген сүйкімсіз шашы бар. Үстіндегісі су жаңа әскери киім: шұға галифе, гимнастерка, офицер белбеуі, жып-жылтыр қара хром етік. Тек фуражкасы ғана жоқ. Екіншісінін үстінде де көнетоз солдат киімі бар.

— Иә, солдатпын, - дедім басымды көтеріп.

— Солдат болсаң, бері кел, - деді өл маған көмандирімдей-ақ өкім сөйлеп.

«Мұның менде не шаруасы бар, ей?» деп ойладым да, орнымнан тұрдым. Ол мені үйдің бұрышына таман алып келді де, тағы да тергей бастады.

- Сен студентпісің?

— Иә.


— Қай факультетте оқисың? Мен оны да айттым.

— Қай курстансың?

— Үшіншіде.

Мен тарих-филология факультетін айтқанда-ақ ол ежірендеп қалып еді. Ал үшінші курста оқитыным оның шамына тигендей боп, шытынап кетті.

— Онда сен Ербосынованы білесің бе?

— Меңтайды ма, білемін, - дедім әлде неге жүрегім су ете қалып.

— Қалай білесің?

— Бірге оқимыз.

— Басқа ештеңен жоқ па?

Мен сәл үндемей тұрдым да:

— Жоқ, - дедім.

Ол менінң бұл жауапты кідіріп барып бергеніме күдіктенгендей болды. Сенерін де, сенбесін де білмегендей, бетіме шегір көзін сығырайтып, тағы да тесіле қарады.

— Ендеше сен оны қазір бізге шақырып кеп бер, - деп бұйырды ол.

Енді мен оның бетіне тесіле қарадым. Бақсам, жігітім ептеп жұтып алған екен. Маған өктем сөйлеп жүргені де содан болуы керек. «Шабуылға шығарда сілейе шарап ішіп алып. ес-түсін білмей оққа қарай жүгіретін фрицке ұқсауын!» дедім оны ішімнен

кекетіп.

— Кім шақырды деймін!

«Онда не шаруаң бар?» дегендей сары шегір маған тіктене қарады. Көзі от шашқандай боп, қанталап кеткен екен. Морт, есерлеу адамның әлпетін танытгы. Ол көзін тікендей қадап, қанша ежірейсе де, мен орнымнан қозғалмай тұра бердім.

Сары шегір оның өз жөнін білмей шақырып бермесімді ұқты да, мойнын күжірейтіп теріс айналды.

— Ағаң шақырады. Тұмажан келіп тұр де, - деді шіңкілдеп.

Мен селк ете түскендей болдым да, оның бетіне қайтадан жалт қарадым. Қақас естіген жоқпын ба деп қайыра сұрадым.

— Кім дейсіз?

— Тұмажан Ошакбаев, - деді ол маған жеки сөйлеп. - Саңыраумысың өзің?

— Иә, соғыста артиллерист болғанмын, - дедім мен де оған тіктеп, сыздана қарап. - Содан қалған құлағымның мүкісі бар.

Мен бұл сөзді шегір сарының әкірендегеніне ыза болып айттым. Қанша ыза болғанмен, шыным да сол еді. Бар қиратқаным, дауысымды көтеріп айтқаным болды. Бірақ бұған өзімніңде айызым қанбағанын сездім. Содан соң лақ еткізіп, аузыма келген бірінші сөзді және айтып қалдым.

— Көп болса Қыз Жібегін іздеп келген Төлеген шығарсың. Бірақ мен саған Бекежан емеспін, әкірендеме өйтіп!

Осылай дедім де жалт бұрылып, кетуге ыңғайландым. Алғашында қайтадан карта ойнаушылардың қасына барайын деп ойлаған едім. Сонсоң осы дәлдірге ашуланып қайтемін, барып айта салайын дедім де, жатақханаға қарай кеттім.

Меңтай бөлмесінде жоқ екен. Майра екеуі театрға кетіпті.

— Қай театрға? - деп сұрадым қыздардан оның үйде болмағанына бір жағынан қуанғандай, бір жағынан өкінгендей болып.

— Драмаға. Екі жігіт мені тосып тұр екен. Темекі сорған сары шегір көк түтшді көмейлете жұтып, шпыршық атады. Қасындағысы мені көргенде елең етіп, үсті-басын түзеп, әлек боп қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет