Дайындаған: география пәні мұғалімі Кайыпназарова Гульзат Мадияровна Онкүндіктің тақырыбы: География және табиғат Онкүндіктің мақсаты



бет2/3
Дата19.02.2017
өлшемі1,33 Mb.
#11002
1   2   3

География пәнінің мұғалімі Г. М. Кайыпназарова

География пәнінен өткізілген «География және табиғат» атты

онкүндігінің есебі

Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсатында оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір білім мен қаруландыруды қажет етсе, екіншіден, әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне орай ұлттық сана сезімін саналы түрде тәрбиелеуді көздейді. География пәнінің негізгі міндеті жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігімен жүниетанымын қалыптастыру, оқуға, білімге деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Степногорск қаласының № 9 орта мектебінің жоғарғы сыныптар арасында 2015 жылдың 8- 18 сәуір аралығында «География және табиғат» тақырыбында онкүндік қткізілді. Онкүндіктің мақсаты –жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Онкүндікте өткізілген іс шаралар, ашық сабақтар, сайыс түрлері өте қызықты да тартымды өтті. Мұғалімдер, оқушылар апталыққа қызыға да белсене қатысты. Апталықта өткізілген ашық сабақтармен іс шараларға тоқтала кетсем,


  1. 7 сыныптар аралығында «Геостар» атты интеллектуалды сайыс болып өтті. Сайыста оқушылардың шапшаңдықтарымен білімдері сыналды. Сайыс алты кезеңнен тұрады. Ойын арасында сергіту сәттері жүргізілді.

І орын Магеллан тобы

ІІ орын Ливингстон тобы

ІІІ орын Амундсен тобы иеленді


  1. Арапов Сарсембай Октябревич 6 «А» сыныбында география пәнінен «Географиялық қабық жердің ерекше, кешенді қабығы» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Мұғалім АҚТ технология элементтерін пайдалан отырып, әр оқушыны өз сабағына қызықтыра білді. Пайдаланылған тапсырмалар

түрліше болып, оқушылар топтарда белсене жұмыс жасап, өз ойларын толық жеткізе білді.

3.Тоғызыншы сыныптар аралығында география пәнінен облыстық деңгейдегі ОЖСБ тестілеуі болып өтті. Тестілеу қорытындысы жақсы нәтиже берді. ОЖСБ тестілеуіне барлығы 76 оқушы қатысып, соның 38і география пәнінен жұмыс орындады. Тестілеу нәтижесі бойынша барлығы 571 ұпай жинап, орташа баға «4» болды.

4. Кайыпназарова Гульзат Мадияровна 7 «Б» сыныбында география пәнінен «Оңтүстік Америка елдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар өте жақсы дайындықпен келген. Өздерінің материктер мен мемлекеттер туралы жинап келген мәліметтерімен басқа топ мүшелерін таныстырып, қызықтыра білді, тартысты өтті. Америка елдері туралы түрлі деректерімен слайдтар көрсетілді.

5. 14- сәуір күні « Табиғатты қорғау» акциясы болып өтті. Тоғызыншы сынып оқушылары мектеп ауласына шығып, ағаштарды, ауланы қыстан қалған қоқыстардан тазартты.

6. Мектепте барлық сыныптар аралығында 15 – 16сәуір аралығында «Ребустар әлемі» атты сайыс жүргізілді. Сайыс барлық оқушылардың қатысуына мүмкіндік берді. Алғашқы үш дұрыс жауап берген оқушылар марапатталды.

І орын 5-«А» сынып оқушысы Сатыбалдиева Аида

ІІ орын 5-«Ә» сынып оқушысы Утегенова Риза

ІІІ орын 8-«Б» сынып оқушысы Жарылқасынов Қасымбек

7. 7-10 сынып оқушылары Астана қаласы маңындағы тарихи мұражай «Алжир» ге саяхат жасап қайтты. Бір күнге созылған саяхаттан оқушылар үлкен әсер алып, ата бабаларының репрессия уақытындағы бастан кешкен жағдайларымен танысып қайтты.

Сабатың тақырыбы: Оңтүстік Америка елдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерте отырып, картамен жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық: Оңтүстік Америка тарауы бойынша оқушылардың іскерлігін, білім дәрежесін тексері, қабілетін анықтап, ойлау –ой жүйріктігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, дидактикалық материалдармен жұмыс

Сабақ жабдықтары: Оңтүстік Американың физикалық картасы, карточкалар, слайдтар, ойынға арналған «балықтар», «Америка елдері» мозайкасы, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: ойын- саяхат сабағы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ

Саяхат сабағының мазұны: Сынып оқушыларын 3 топқа арнайы геометриялық фигуралардың көмегімен бөлемін. Әр топтың өз аттары болады. 1-ші топ: «Пинта», 2-ші топ «Нинья», 3-ші топ «Санта Мария».Әр топ өз білімдерін көрсете отырып, ұпай жинайды, топтағы міндеттер өзара бөлініп алынады.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Міне, біз тағы бір бөлімді оқып бітіріп, қорытындылап жатырмыз. Қорытындыны бүгін біз ойын саяхат

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Міне, біз тағы бір бөлімді оқып бітіріп, қорытындылап жатырмыз. Қорытындыны бүгін біз ойын саяхат түрінде өткізейік.

Біз Американы ашқан Христофор Колумб екенін білеміз. Енді біз Христофор Колумбтың жүрген ізімен жүре отырып, материкке саяхат жасауды бастаймыз. 1492 жылы 3 кемемен Багаш аралына келіп тоқтадық. Ол ержүрек саяхатшылар Х ғасырда шықса, ХХІ ғасырда Оңтүстік Америкаға осы 3 кемемен саяхатты біз жасайық. Ол үшін бізге топ басшыларын сайлап алуымыз қажет.

І. Топ басшыларының сайысы.

1 топқа: Христофор Колумбтан бұрын Х ғасырда Америка жағасына кімдер келіп жүрген?

(слайд 1)

2 топқа: Оңтүстік Америка материгінің геологиялық картасын алғаш жасаған кім? (Александр Гумбольд)

(Слайд 2)

3 топқа: Николай Иванович Вавилов кім, нені зерттеді? (орыс ботанигі, 1932 ж. материктің өсімдіктерін зерттеді)

(слайд 3)

Христофор Колумбтың жолымен біз де Оңтүстік Америкаға келіп жеттік. Бізді сол материктің тұрғыны қарсы алды. Біз сол қыздан жөн сұрағанымызда өзін былай деп жұмбақтап таныстырды:

Менің атым Перу елінің астанасы (Лима). Әкемнің аты Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы жалғастырып тұрған мойнақтың аты (Панама). Туған елім Оңтүстік Американың ең үлкен елі (Бразилия). Әкем португалдық, шешем үндіс, менің нәсілім (метис). Мен де сендер сияқты саяхатшымын, жуырда 2 мұхит (Атлант, Үнді) арқылы жүзіп, ең кіші материкке (Аустралия) саяхат жасадым.



Ал, енді Лимамен бірге біз Оңтүстік Американы аралап шығайық. Көлігіміз әр түрлі.

Сендерге тапсырма мынадай: Мен саяхат жолына сипаттама беріп отырамын, ал сендер мені мұқият тыңдап отырып, сипаттама берген жер бедерін, өзеннің атын, сарқырамаларды, көлдерді көрсетіп айтып отырасыңдар. Әр дұрыс жауап бір ұпай. Айтылған нысандар бойынша интерактивті тақтадан видео көрсетіліп тұрады.

Біз саяхатымызды Оңтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесінен (Гальинас) бастай ық. Алдымызда дүние жүзі бойынша ең ұзын тау (Анд) көрінеді. Тауды солтүстік шығысынан айнала өтіп, жазыңқы ойпатқа кез болдық (ориноко), сол ойпаттан ағып өтіп жатқан өзенді (Ориноко) жағалай жүзе отырып, кішкене таулы үстіртке (Гвиан) тап болдық. Үстіртке жете бергенде қатты гүріл естідік. Біз сол гүрілге қарай бет алдық, алдымызда өте әдемі, дүние жүзіндегі ең биіктен құлап ағып жатқан сарқыраманы (Анхель) көрдік. Сарқыраманы тамашалап, суға шомылып, дем алып саяхатымызды әрі қарай жалғастырдық. Ит тұмсығы батпайтын ну орманнан (Амазонка) адаспай шығып, әлемдегі ең суы мол өзенге (Амазонка) тұмсық тіредік. Кеш болған соң, балық аулап, дем алмақшы болдық.

Балықшылар ойыны.

Түнде қолтырауындарға жем бола жаздап, таңертең саяхатымызды әрі қарай тікұшақпен жалғастыруды ұйғардық. Материктің үлкен үстіртінің (Бразилия таулы үстірті) үстінен ұшып өтіп, сұлу өзеннің (Парана) саласында жатқан сарқыраманы (Игуасу) айнала ұшып, ойпатқа (Ла – Плата) келіп қондық. Үш күн Анд тауының орталық бөлігінен асып өтіп, ең құрғақ, жағалық шөлдің (Атакама) шетіне келдік. Саяхатымызды Оңтүстік Америка материгінің қиыр оңтүстігіндегі аралдан (Отты жер) аяқтадық.

«Америка елдері» карточкалар ойыны:

- Сонымен саяхатымызда не көрдік, соған сипаттама беру үшін мына карточкалармен жұмыс жасайық. Әр әр карточкаға 1 минөт дайындық. (карточкалар үлестіріледі).

Кроссворд шешу:

Әр команданың бір – біріне дайындаған кроссвордтары бар. Кім бірінші шешеді? Оған 3 минөт уақыт беріледі.

Топ басшылары ойыны «Бесінші артық»

Ойынның шарты:

Амазонка, Парана, Замбези, Ориноко, Магдалена,

Уругвай, Боливия, Эфиопия, Чили, Аргентина

Кордильера, Анд, Ориноко, Бразилия, Патагония

Ойын «Елдерді таба аласың ба?» Ел болып кесілген мозайкадан қай топ бірінші болып материкті құрастырады.

ІІІ. Осы алған білімімізбен біз отанымызға ораламыз. Саяхат барысында өз білімін жақсы көрсеткен оқушылар бағаланады. Ұпай санына қарап топ жеңімпазы анықталады.







Акция жайлы хабар берген соң 9 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылары мектеп айналасына сенбілік жүргізді.




Каталог: 917CCC56B7788DEC
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> 9 орта мектебінің 2015 – 2016 оқу жылының 23 қарашада болып өткен
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Қос майданның ардагері
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескерту Әдіс-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет