Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларыныңҚазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.
Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
2001 жылы 1 сәуір айынан бастап Астана қаласында Шахмат клубы жанынан Тоғызқұмалақ бөлімі ашылды. Оған «4» жаттықтырушы 170-ке жуық оқушылар дайындалады. «1» халықаралық спорт шебері, «3» спорт шебері , «8» спортшеберлігіне үміткер, «11» I-деңгейлі тоғызқұмалақшылары бар.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.