270
"Бұл жөнінде еш қауіптенбе, менің қорғауымда болған соң нәжидтіктер
оларға тиісе алмайды",- деп жауапкершілікті тікелей өз мойнына алатынын
білдірді.
Әбу Бәраның сенімді, сөзіне тұрақты екенін бұрыннан білгендіктен
Пайғамбарымыз бұл өтінішті қанағаттандыруды
борыш деп біліп, 40
сахабасын жолға дайындайды. Алтауы муһажир, қалғандары әнсарлардан еді.
Мунзир ибн Амр бастаған бұл топтың бәрі дерлік Суффадан білім алған
сахабалар болатын.
Расулаллаһ нәжид халқына және Амир тайпасы басшысына хат та
жолдайды.
Иман жолындағы қызмет үшін жолға шыққан мұсылмандар тобы
Мауна құдығы деп аталатын су басына келеді. Мәдинаның шығыс жағында
орналасқан бұл мекен Сүләйм және Амир тайпаларының қоныстарының қақ
ортасы, Сүләймдерге тиесілі орын еді. Осы жерден Расулаллаһтың
хатын
Амирлердің басшысына апару міндеті Харам ибн Милханға жүктеледі...
Харам ибн Милхан бір сәт те күттірместен аманатты Амир ибн Туфайлға
табыстайды. Алайда Амир ибн Туфайл хатты оқымастан хабаршы сахабаны
шейіт қылады. Әзіз шейіттің соңғы сөздері:
"Аллаһу әкбар! Қағбаның ұлы Раббына ант етемін, мен теңдессіз
табысқа кенелдім",- болды.
Амир ибн Туфайл бейкүнә жанды өлтіргенімен тынбай амир тайпасын
Мауна маңындағы
мұсылмандарға қарсы шығып, өлтіруге шақырады. Бірақ
амирлер бұған дейін Әбу Бәраға Исламды уағыздаушы мұсылмандарға
тиіспеуге серт бергендіктен Амирдің шақыруына қарсылық білдірді...
Амирлерден көмек ала алмаған соң Амир ибн Туфайл сүләймдерден
жәрдем сұрайды. Қантөгіс десе арқалары қозып шыға келетін сүләйм
тайпасының бірнеше руы бұл шақыруды қабыл алып, ойда жоқта Мауна
құдығы басындағы сахабаларға қарсы жолға шығады.
Хабаршы кешіккен сайын ақырындап нәжидтер мекеніне жылжығанды
жөн көріп Маунадан аттанған мұсылмандар
тобы қарсы алдарынан қарулы
топ шыға келгенде:
"Біздің теріс пиғылымыз жоқ, тек пайғамбарымыздың тапсырмасы
бойынша міндетімізді атқаруға келеміз",- деп кете бармақ болады.
Қандықол мүшріктер сахабалардың айтқанына құлақ та аспады.
Мақсаттарын тезірек жүзеге асыруға асықты.
Шарасыз қалғандықтарын аңдаған сахабалар рақымды Раббыларына
қол жайып:
"Уа, Раббымыз!
Басымызға түскен жайдан Расулаллаһты хабардар етер бұл жерде
ешкіміміз жоқ. Сәлемімізді Сен жеткізгейсің!
Пайғамбарың арқылы біздің
Раббымызға қауышқанымызды, Раббымыздың бізге ризалығын, біздің де
риза
көңілмен
мәңгілік
сапарға
аттанғанымызды
қауымымызға
білдіргейсің",- деп жалбарынады.
Сол мезетте-ақ Жебірейіл періште сахбалардың сәлемін әлемнің нұры -
пайғамбарға ұластырды. "Алейхимуссәлам" деп сәлемді қабыл алған соң
271
Аллаһ Елшісі қасындағы жолдастарына мүшріктердің қаһарман сахабаларды
қоршауға алғанын,
өлтіргелі тұрғанын, жайсаң жандар үшін Аллантан
кешірім сұрауды өтінді.
Осынау опасыздық пайғамбардың қабырғасын қайыстырып, қайғыға
батырады. Кейіннен Әнес ибн Малик:
"Расулаллаһтың Мауна маңында шейіт болғандарға қайғырғанындай
ешкімге, ешнәрсеге аь ұрып қайғырғанын көрген емеспін",- деген.
Аз уақыт ішінде Рәжи' және Мауна маңындағы
оқиғалар салдарынан
сексенге жуық сардар сахаба шейіт болады.
Достарыңызбен бөлісу: