Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕД ПЕН МҰСЫЛМАНДАР - ДАРУЛ-ӘРКАМДА



Pdf көрінісі
бет100/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕД ПЕН МҰСЫЛМАНДАР - ДАРУЛ-ӘРКАМДА

 

Біздің эрамыздың алты жүз он бесінші жылы... 



Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық түскелі бес жыл өткен... 

Құрайыш 


мүшріктері 

азғындай 

түскен, 

мұсылмандарға 

күн 

көрсетпейді.  Тағдыр  тауқыметі  талай  тура  жолдағыларды  тықсырғанмен 



иманның  ләззатын  татқандар  өліспей  беріспеуге  бекінген.  Дегенмен,  ашық 

түрде ғибадат жасау мүмкін болмай қалған-ды. 

Ислам  мен  иман  ақиқаттарын  көпшілікке  үйретіп,  Аллаһқа  емін-еркін 

құлшылық  қылу  үшін  сенімді  орын  қажеттігі  туды.  Аллаһ  Расулы  өзі  бас 

болып  ғибадатханаға  қолайлы  жер  іздеді.  Ақыры  кеңесе  келіп,  Сафа 

төбесінің  шығысында,  тар,  тұйық  көшенің  қалтарысында  орналасқан  Әркам 

ибн Әбил Әркамның үйі таңдалды... 

Әркам  -  алғашқы  мұсылмандардың  бірі  еді.  Оның  үйі  кіріп-шығуға 

қолайлы, көзден таса, әрі сырттан келген-кеткендерді бақылауға оңтайлы... 

Мұнан  былай  пайғамбарлар  сәруары  -  Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.) 

осында ұстаз, тұңғыш мұсылмандар - оның тәліміне мойынсұнған шәкірттер. 

Дарул-Әркам,  яғни  Әркамның  үйі  аталған  құтты  мекенде  үйренген  дәріс-

тағлымдарын  мумин  шәкірттер  мүмкіндік  шеңберінде  өзгелерге  жеткізіп 

бақты. 


Сөйтіп, Дарул-Әркам пайғамбарымыз ұстаздық еткен тұңғыш медресе, 

бірінші Ислам университеті ретінде тарихқа алтын әріптермен жазылды. 

Хазіреті  Омар  мұсылман  болғанға  дейін  Аллаһ  Елшісі  Ислами 

тәлімгерлік  міндетін  осы  жерде  атқарды.  Хазіреті  Омар  бастаған  бірқатар 

сахабалар осы үйде иман нәрімен сусындау құрметіне ие болды... 

Дарул-Әркамды  кейіннен  Әркамның  әкесі  өз  ұлына  ешқашан 

сатылмайтын және мұраға қалдырылмайтын мирас ретінде тарту еткен. 

Ислам  тарихында  маңызды  орны  бар  қасиетті  отау  бүгінде  Қағбаның 

қарсысында "Дарул Хайзуран" аталатын діни медресеге берілген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет